Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 44-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
"Сауда жөніндегі консультативтік комитет туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 7 наурыздағы № 6 шешімінің 4-тармағы;
"Сауда жөніндегі консультативтік комитеттің кіші комитеттерінің құрамына өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 18 шешімі;
"Сауда жөніндегі консультативтік комитеттің кіші комитеттерінің құрамына өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 26 шілдедегі № 121 шешімі;
"Сауда жөніндегі консультативтік комитеттің және оның кіші комитеттерінің құрамына өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 34 шешімі;
"Сауда жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 142 шешімі;
"Сауда жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 191 шешімі;
"Сауда жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 25 ақпандағы № 26 шешімі;
"Сауда жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 251 шешімі.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |