Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін болаттан жасалған тұтас тапталған доңғалақтарға қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шаралар қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 170 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №8 қосымша) 107-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес көлемде осы демпингке қарсы шараларды 5 жыл қолдану мерзімін белгілей отырып, Украинада шығарылатын және ЕАЭО СЭҚ ТН 8607 19 100 9 кодымен сыныпталатын, локомотив тартатын жүк және жолаушылар вагондары арбасының доңғалақтар жұбын, жолаушылар, жүк таситын және маневрлік локомотивтердің, электрмен және дизельмен жүретін вагондардың, арнаулы теміржол жылжымалы құрамының моторлы және моторсыз доңғалақтар жұбын жасауға және жөндеуге арналған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін болаттан жасалған тұтас тапталған диаметрі 710 мм және одан да жоғары доңғалақтарға қатысты демпингке қарсы шаралар қолданылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодын әрі тауардың атауын басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы бажды өндіріп алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 170 шешіміне
ҚОСЫМША

Демпингке қарсы баж МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ

Тауардың атауы

Өндіруші

Демпингке қарсы баж мөлшерлемелерінің көлемі (кедендік құннан пайыздар)

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 170 шешімінің 1-тармағында көрсетілген болаттан жасалған тұтас тапталған доңғалақтар

"ИНТЕРПАЙП Нижнеднепровск құбыр прокаттау зауыты" жария акционерлік қоғамы ("ИНТЕРПАЙП НҚЗ" ЖарАҚ) (Украина, Днепропетровск қ., Столетов к-сі, 21-үй) өзгелері

4,75
 
4,75


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады