Еуразиялық экономикалық комиссияның ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2015 – 2016 жылдарға арналған жоспары туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 37 өкімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 43-тармағының 13) тармақшасына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 130-тармағына сәйкес:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық комиссияның ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2015 – 2016 жылдарға арналған жоспары бекітілсін және бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері хабардар етілсін.

      2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко
     

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 21 сәуірдегі
№ 37 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық комиссияның ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2015 – 2016 жылдарға арналған ЖОСПАРЫ

ҒЗЖ тақырыбы, шифры

ҒЗЖ орындалу мерзімі

Ауыспалы ғылыми-зерттеу жұмыстары

Статистика департаменті

 
1.  "Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру жүйесін әзірлеу" ҒЗЖ

2014 – 2015 жылдар

 
Статистика департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ)


 
Макроэкономикалық саясат департаменті

 
1.  "Интеграциялық саясат нәтижелерінің Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер экономикаларының жай-күйіне және дамуына әсер етуін жалпы тепе-теңдік математикалық моделі (CGE-модельдері) негізінде кешенді талдау" ҒЗЖ

 
2014 – 2015 жылдар

 
Макроэкономикалық саясат департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ)


 
Қаржы департаменті

 
1.  "Экономикалық интеграциялық бірлестіктерде ішкі және сыртқы бақылауды жүзеге асырудың халықаралық тәжірибесін зерттеу, Еуразиялық экономикалық одақтағы қаржылық бақылау тұжырымдамасын әзірлеу, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған құзыреттер шегінде Одақ органдарының қызметін қаржыландыру жүйесін әзірлеу" ҒЗЖ

 
2014 – 2015 жылдар

 
Қаржы департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ)


 
Қаржы саясаты департаменті

 
1.  "2025 жылға дейінгі кезеңге арналған КО-ға және БЭК-ке мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарын дамыту стратегиясын әзірлеу" ҒЗЖ

 
2014 – 2015 жылдар

2.  "БЭК шеңберінде бірыңғай биржалық кеңістік қалыптастыру және есепке алу мен есептесу институттарын орталықтандыру" ҒЗЖ

2015 ж. желтоқсан

3.  "Бірыңғай нарық жағдайында экономикалық интеграцияның салықтық аспектілерін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу: салықтық тәуелсіздік, юрисдикциялар бәсекесі, экономикаларды ынталандыру, салық саясаттарының келісілуі, офшорлық аймақтарға капиталды шығаруды азайту" ҒЗЖ

2014 – 2015 жылдар

 
Қаржы саясаты департаменті бойынша барлығы (3 ҒЗЖ)


 
Сауда саясаты департаменті

 
1.  "Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе мен Дүниежүзілік сауда ұйымының шешімдерін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың дамушы және мейлінше аз дамыған елдерден шығарылған тауарларға қатысты тарифтік преференциялар беруі жүйесін жетілдіру" ҒЗЖ

 
2015 жылғы наурыз

 
Сауда саясаты департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ)


 
Кедендік инфрақұрылым департаменті

 
1.  "Зерттеу жүргізу және Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ кедендік процестерінің ақпараттық моделін әзірлеу" ҒЗЖ

 
желтоқсан
2015 жыл

 
Кедендік инфрақұрылым департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ)


 
Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті

 
1.  "Карантиндік зиянды организмдерді анықтау және сәйкестендіру әдістемелерін әзірлеу" ҒЗЖ

 
2014 – 2015 жылдар

Санитариялық,фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті бойынша барлығы
(1 ҒЗЖ)


 
Ауыспалы жұмыстар бойынша ЖИЫНЫ (9 ҒЗЖ)


 
II. Жаңадан басталатын ғылыми-зерттеу жұмыстары

 
Құқықтық департамент

1.  "Халықаралық ұйымдардағы ұлтүсті сипаттағы құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу тәжірибесі мен практикасы негізінде Еуразиялық экономикалық одақ органдарының құқықтық актілері жобаларының сараптамасы жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды дайындау" ҒЗЖ

 
2015 жыл

2.  "Еуразиялық экономикалық одақта сотқа дейінгі реттеу рәсімдерін дамытуды қоса алғанда, дауларды реттеу тетігін жетілдіру жөніндегі халықаралық тәжірибені талдау және ұсыныстар дайындау" ҒЗЖ

2015 жыл

Құқықтық департамент бойынша барлығы (2 ҒЗЖ)


 
Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаменті

 
1.  "Еуразиялық экономикалық комиссия қызметін кешенді жоспарлау жүйесін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуі кезінде сарапшылық қоғамдастықтармен өзара іс-қимылды ескере отырып әзірлеу" ҒЗЖ

 
2015 жыл

2.  "Халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктердің тәжірибесін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық интеграция жобасын іске асырудың коммуникативтік модельдерін әзірлеу" ҒЗЖ

 
2015 жыл

 
Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаменті бойынша барлығы (2 ҒЗЖ)


 
Ақпараттық технологиялар департаменті

 
1.  "Комиссияның 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған ақпараттық-техникалық саясаты тұжырымдамасының жобасына ұсыныстар әзірлеу" ҒЗЖ

 
2015 жылғы желтоқсан

2.  "Ақпаратық технологиялар, ақпаратты қорғау және электрондық құжат айналымы саласындағы халықаралық және мемлекетаралық стандарттарды талдау және КО мен БЭК шеңберінде трансшекаралық кеңістікті қалыптастыру және дамыту кезінде оларды қолдану жөнінде ұсынымдар әзірлеу" ҒЗЖ

2015 жыл

 
Ақпараттық технологиялар департаменті бойынша барлығы (2 ҒЗЖ)


 
Істерді басқару департаменті

 
1.  "Еуразиялық экономикалық комиссия құрылымын қалыптастыру және халықаралық тәжірибені ескере отырып, жұмыс істеу қағидаттары мен тетіктерін дамыту" ҒЗЖ

 
2015 жыл

 
Істерді басқару департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ)


Интеграцияны дамыту департаменті

 
1.  "Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің нормативтік құқықтық базасының экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдету жағдайында мүше мемлекеттер экономикаларының әртүрлі салаларына әсер етуін кешенді бағалау" ҒЗЖ

 
2015 жыл

2.  "Тәжікстан Республикасының еуразиялық интеграциялық процестерге қатысу мүмкіндіктері мен перспективаларын кешенді бағалау. Еуразиялық экономикалық одақтың Тәжікстан Республикасымен ынтымақтасуының ықтимал нысандары мен сценарийлерін әзірлеу" ҒЗЖ

2015 жыл

 
Интеграцияны дамыту департаменті бойынша барлығы (2 ҒЗЖ)


 
Макроэкономикалық саясат департаменті

 
1.  "Әлемдік қаржы жүйесі шеңберінде ұлттық валюталарға сенімді арттыруға бағытталған, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі макроэкономикалық саясат элементтерін әзірлеу және экономикалардың әлемдік валюта нарықтарының конъюнктурасына тәуелділігін азайту" ҒЗЖ

 
2015 ж. желтоқсан

2. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің валюта бағамдарының тең дәрежелі деңгейлері мен серпінді траекторияларын талдау" ҒЗЖ

2015 ж. желтоқсан

3. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының интеграциялық әлеуеті бар салаларын айқындау әдістемесін әзірлеу" ҒЗЖ

2015 – 2016 жылдар

 
Макроэкономикалық саясат департаменті бойынша барлығы (3 ҒЗЖ)


 
Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті

 
1.  "Еуразиялық экономикалық одақта зияткерлік меншікті қорғау, сақтау және пайдалану стратегиясы" ҒЗЖ

2015 жыл

 
Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ)


 
Өнеркәсіптік саясат департаменті

 
1. "ЭЫДҰ экспорттық кредиттерін мемлекеттік қаржылық қолдау (субсидиялау) практикасын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ұлттық валюталарында (ресей рублі, белорус рублі, қазақ теңгесі, армян драмы және қырғыз сомы) деноминацияланған экспорттық кредиттердің рұқсат берілетін ең аз мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін әзірлеу" ҒЗЖ

 
2015 жыл

 
Өнеркәсіптік саясат департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ)


 
Ішкі нарықты қорғау департаменті

 
1.  "Демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу" ҒЗЖ

 
2015 жыл

2.  "Өтемдік тексерулер шеңберінде тауардың субсидияланатын импортының болуын анықтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу" ҒЗЖ

2015 жыл

3.  "Екіжақты қорғау шаралары туралы ережелерді өңірлік сауда келісімдеріне енгізу және оларды практикада қолдану жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу" ҒЗЖ

2015 жыл

 
Ішкі нарықты қорғау департаменті бойынша барлығы (3 ҒЗЖ)


 
Сауда саясаты департаменті

 
1.  "Мысыр экономикасын, оның әлеуетін, экспорттық және импорттық мүддесін, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі міндеттемелерін және үшінші елдермен преференциялық келісімдерін зерттеулерге негізделген өзара сауданы дамытудың әртүрлі сценарийлерін модельдеу нәтижелерін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Мысыр Араб Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімдер жасасудың сауда-экономикалық салдарларын осындай келісімді жасасудың орындылығы туралы мәселені зерделеу жөніндегі бірлескен зерттеу тобын құру тұрғысынан талдау" ҒЗЖ
 

 
2015 ж. қараша

2.  "Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) белгісімен таңбалауды қолдана отырып, еркін сапа стандарттарына сәйкестікті бағалау жүйесін, сондай-ақ осындай белгімен таңбалау қолданылуы мүмкін өнімнің бірінші кезектегі тізбесін қалыптастыра отырып, іс-шаралар жоспарын және одақтың оны қолдану құқығына үміткер кәсіпорындарына қойылатын талаптар құрамын әзірлеу. ЕАЭО белгісімен таңбалауды қолдана отырып, еркін сапа стандарттарына сәйкестікті бағалау жүйесін әзірлеу" ҒЗЖ

2015 ж. желтоқсан

3.  "Одақ тауарларының экспорттық бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды анықтау мақсатында Одақ пен мүше мемлекеттердің құқығы мен құқық қолдану практикасын талдау және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған ұсынымдар дайындау" ҒЗЖ

2015 ж. қараша

4.  "Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымының құқығы мен құқық қолдану практикасын салыстырмалы талдау. Әдістемелік ұсынымдар әзірлеу" ҒЗЖ

2015 ж. желтоқсан

5.  "Еуразиялық экономикалық одақ преференциялық емес саудада қолданатын тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларын әзірлеу және жетілдіру жөніндегі, ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің озық тәжірибесіне негізделген тәсілдер мен ұсынымдарды тұжырымдау" ҒЗЖ

2015 ж. қараша

6.  "Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасы саудасының ағымдағы жай-күйін және өзекті үддістерді талдау; сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылды дамытудың ықтимал сценарийлерін айқындау, Одақ үшін тәуекелдер мен пайданы бағалау; ынтымақтастықтың таңдаулы моделі жөнінде ұсынымдар дайындау" ҒЗЖ

2016 ж. қыркүйек

7.  "Еуразиялық экономикалық одақтың Иран Ислам Республикасымен сауда-экономикалық қатынастарының жай-күйін жалпы талдау және оларды дамыту жөнінде ұсынымдар дайындау" ҒЗЖ

2016 ж. қыркүйек

8.  "Еуразиялық экономикалық одақтың Африка елдерімен сауда-экономикалық қатынастарының жай-күйін жалпы талдау және оларды дамыту жөнінде ұсынымдар дайындау" ҒЗЖ

2016 ж. қыркүйек

9.  "Еуразиялық экономикалық одақтың Латын Америкасы елдерімен, атап айтқанда Оңтүстік Америка ортақ нарығына қатысушы елдермен (МЕРКОСУР) сауда-экономикалық қатынастарының жай-күйін жалпы талдау және оларды дамыту жөнінде ұсынымдар дайындау" ҒЗЖ

2016 ж. қыркүйек

 
Сауда саясаты департаменті бойынша барлығы (9 ҒЗЖ)


 
Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті

 
1.  "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қосылған құнның, кедендік-тарифтік саясаттың қажетті жүйелі өзгерістерінің жаһандық тізбегіне кірігуіне жәрдемдесуге бағытталған, ЕАЭО мүше мемлекеттердің осындай тізбектерге қатысу әлеуетін және перспективаларын кешенді бағалау" ҒЗЖ

 
2015 жыл

Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ)


 
Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті

 
1.  "Фармацевтикалық инспекциялар қызметін қамтамасыз етуді құқықтық реттеудің халықаралық тәжірибесін талдау және ДДҰ, Халықаралық үйлестіру конференциясы (ICH), PIC/S шеңберінде қабылданған фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекітетін құжаттарды және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік және Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің фармацевтикалық инспекторларының бірлескен фармацевтикалық инспекциялар жүргізуін қамтамасыз ету тәртібін реттеу бөлігінде талдау" ҒЗЖ

 
2015 жыл

2.  "Көлік құралы паспортының (көлік құралы шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің іске асырылуын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдамалық негіздер мен ұсыныстарды әзірлеу" ҒЗЖ

2015 жылғы сәуір

 
Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті бойынша барлығы (2 ҒЗЖ)


 
Кедендік инфрақұрылым департаменті

 
1.  "Тауарларға декларацияларды автоматты түрде тіркеу және тауарларды автоматты түрде шығару технологияларын іске асыру жөніндегі ғылыми-әдістемелік тәсілдер мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу" ҒЗЖ

 
2015 жыл

 
Кедендік инфрақұрылым департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ)


 
Энергетика департаменті

 
1.  "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр-энергетика нарығын қалыптастырудың бағдарламасын әзірлеу" ҒЗЖ

 
2015 жылғы сәуір –
2016 ж. маусым

2.  "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың тұжырымдамасын әзірлеу" ҒЗЖ

2015 ж.
сәуір – желтоқсан
 

3.  "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастырудың тұжырымдамасын әзірлеу" ҒЗЖ

2015 ж.
сәуір – желтоқсан
 

Энергетика департаменті бойынша барлығы (3 ҒЗЖ)


 
Монополияға қарсы реттеу департаменті

 
1.  "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің трансшекаралық мұнай өнімдері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін зерттеу, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің трансшекаралық сауда нарығын дамытудың одан арғы үрдістері мен болжамдары" ҒЗЖ

 
2015 жыл

2.  "Еуразиялық экономикалық одақ нарықтарында жолаушылар тасымалдары бойынша серпінді баға белгілеуді енгізу және дамыту перспективаларын бағалау" ҒЗЖ

2015 жыл

3.  "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің трансшекаралық цемент тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін зерттеу, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің трансшекаралық цемент тауар нарығын дамытудың одан арғы үрдістері мен болжамдары" ҒЗЖ

2015 жыл

4.  "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағындағы трансшекаралық нарықтарда жаңа автомобильдер мен қосалқы бөлшектердің көтерме саудада өткізілуі бәсекелестігінің жай-күйін зерттеу, Еуразиялық экономикалық одақтағы автомобиль секторының трансшекаралық нарығын дамытудың одан арғы үрдістері мен болжамдары" ҒЗЖ

2015 жыл

5. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің трансшекаралық тау-кен өндіру өнеркәсібінде қолданылатын техника тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін зерттеу, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің трансшекаралық тау-кен өндіру өнеркәсібінде қолданылатын техника тауар нарығын дамытудың одан арғы үрдістері мен болжамдары" ҒЗЖ

2015 жыл

6. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің трансшекаралық энергетикалық көмір тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін зерттеу, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің трансшекаралық энергетикалық көмір саудасы нарығын дамытудың одан арғы үрдістері мен болжамдары" ҒЗЖ

2015 жыл

7. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің трансшекаралық сазбалшық және алюминий тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін зерттеу, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің трансшекаралық сазбалшық және алюминий тауар нарығын дамытудың одан арғы үрдістері мен болжамдары" ҒЗЖ

2015 жыл

8. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің трансшекаралық кендер және металдар концентраттары тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін зерттеу, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің трансшекаралық кендер және металдар концентраттары тауар нарығын дамытудың одан арғы үрдістері мен болжамдары" ҒЗЖ

2015 – 2016 жылдар

9.  "Жүк вагондарын, сондай-ақ олармен байланысты басқа көрсетілетін қызметтерді ұсыну нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін және даму перспективаларын бағалау" ҒЗЖ

2015 жыл

 
Монополияға қарсы реттеу департаменті бойынша барлығы (9 ҒЗЖ)


 
Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті

 
"Дәрілік заттар нарығын талдау бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу" ҒЗЖ

 
2015 жыл

2.  "Мемлекеттердің экономикалық бірлестіктерінің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу тетіктерін реттеу және біріздендіру жөніндегі әлемдік тәжірибесін талдау, ұлттық режимді ұсынудың перспективаларын және одан болатын экономикалық салдарларды зерттеу" ҒЗЖ

2015 жыл

3.  "Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды ақпараттық қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін кешенді талдау. Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу" ҒЗЖ

2015 жыл

 
Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті бойынша барлығы (3 ҒЗЖ)


 
Жаңадан басталатын жұмыстар бойынша БАРЛЫҒЫ (45 ҒЗЖ)


 
Еуразиялық экономикалық комиссия бойынша ЖИЫНЫ (54 ҒЗЖ)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады