Еуразиялық экономикалық комиссияның ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2015-2016 жылдарға арналған жоспарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 56 өкімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 13) тармақшасына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 130-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 231 бұйрығымен Еуразиялық экономикалық комиссияда бекітілген ғылыми зерттеулерге байланысты қызметті ұйымдастыру тәртібінің 11-тармағына сәйкес:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 37 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2015-2016 жылдарға арналған жоспарына өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В.Христенко
     

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 16 маусымдағы
№ 56 өкіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссияның ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2015-2016 жылдарға арналған жоспарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

1. ІІ бөлімде:


а) "Интеграцияны дамыту департаменті" кіші бөлімінде:


1-тармақ алып тасталсын;


"Интеграцияны дамыту департаменті бойынша барлығы (2 ҒЗИ)" деген сөздер "Интеграцияны дамыту департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗИ)" деген сөздермен ауыстырылсын;


б) "Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті" кіші бөлімінде:


мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. "Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және тауарлардың шығу орындарының атауларын тіркеуді қамтамасыз етудің тиімді тетігін әзірлеу туралы";
"Кәсіпкерлікті дамыту департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗИ)" деген сөздер "Кәсіпкерлікті дамыту бойынша барлығы (2 ҒЗИ)" деген сөздермен ауыстырылсын;

2015-2016 жылдар

в) "Ішкі нарықты қорғау департаменті" кіші бөлімінде:
3-тармақ алып тасталсын;
"Ішкі нарықты қорғау департаменті бойынша барлығы (3ҒЗИ)" деген сөздер "Ішкі нарықты қорғау департаменті бойынша барлығы (2ҒЗИ)" деген сөздермен ауыстырылсын;


г) "Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті" кіші бөлімінде:
мынадай мазмұндағы 3-5 тармақтармен толықтырылсын:
"3. Саудада техникалық тосқауылдарды алып тастау тетіктеріне зерттеу жүргізу, үшінші елдердің өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберінде қолданылатын техникалық реттеу жүйелеріне қосылу шарттары мен тәртібін талдау және үшінші елдермен техникалық тосқауылдарды жою бойынша халықаралық шарттар жасасу мүмкіндіктері мен перпективаларын талдауды және Еуразиялық экономикалық одақ нарығында өнім айналымы мәселелері бойынша кешенді зерттеуді, оның ішінде өнімнің тіршілік циклдерінің жекелеген кезеңдерінде өнім сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды бақылауды жүзеге асыруды ескере отырып, үшінші елдермен өзара саудада техникалық тосқауылдарды жою тәртібі мен шарттары туралы халықаралық шарт жобасына ұсыныстар әзірлеу" ҒЗИ
4. Референттік зертханаларға қойылатын талаптарды реттейтін халықаралық тәжірибені және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы үндестіруді ескере отырып, мұндай зертханалар қызметінің өзектілігін зерттеу" ҒЗИ
5. Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттері талаптарының нормативтік қамтамасыз етілуін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының оларды сақтауына мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүргізудің қолданыстағы практикасын зерттеу және Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүргізу кезінде қолданылатын құжаттардың шоғырландырылған тізбесін дайындау";

 
 
2015 жыл
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2015 жыл
 
 
 
2015 жыл

"Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті бойынша барлығы (2ҒЗИ)" деген сөздер "Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті бойынша барлығы (5ҒЗИ)" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) "Барлығы Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті" кіші бөлімінен кейін мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
 
"Қаржы саясаты департаменті
 
1. "ЕАЭО қаржы нарығының бірыңғай глоссарийі" ҒЗИ
2. "ЕАЭО елдерінде Бағалы қағаздар шығарылымы мен басқа да қаржылық құралдарды өзара тану" ҒЗИ
3. "ЕАЭО қаржы нарықтарында ақпаратты ашудың біріктірілген жүйесі, оның ішінде оның форматтары мен беру арналарына қойылатын талаптарды біріздендіру" ҒЗИ
4. "ЕАЭО кеңістігінде жалпы қайта сақтандырылатын сыйымдылықты қалыптастыру" ҒЗИ
5. "ЕАЭО интеграциясын дамыту перспективаларын ескере отырып, қаржылық тұрақтылық пен экономикалық өсуді қамтамасыз етудің ақша-кредиттік және валюталық тетіктерін қалыптастыру" ҒЗИ
6. "ЕАЭО тәуелсіз, мемлекетүсті рейтингтік агенттіктерінің институтын қалыптастыру" ҒЗИ
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
2015-2016 жылдар
2015-2016 жылдар
2015-2016 жылдар
 
2015-2016 жылдар
2015-2016 жылдар
 
 
2015-2016 жылдар

Барлығы Қаржы саясаты департаменті бойынша (6ҒЗИ)"


2. "Жаңадан басталатын жұмыстар бойынша БАРЛЫҒЫ (45 ҒЗИ)" деген ұстаным мынадай редакцияда жазылсын:
"Жаңадан басталатын жұмыстар бойынша БАРЛЫҒЫ (53 ҒЗИ)".
3. "Жаңадан басталатын жұмыстар бойынша БАРЛЫҒЫ (54 ҒЗИ) деген ұстаным мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия бойынша ЖИЫНЫ (62 ҒЗИ)".




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады