Алюминий фторидіне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 9 Шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі шешті:

      1.  ЕАЭО СЭҚ ТН 2826 12 000 0 кодымен сыныпталатын алюминий фторидіне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2016 жылғы 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта кеден құнының 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а)  ЕАЭО СЭҚ ТН 2826 12 000 0 коды бар позицияның төртінші бағанындағы ескерту "36С)" сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескерту мынадай мазмұндағы 36С ескертумен толықтырылсын:

      "36С) Кеден құнының 0 (нөл) % мөлшерінде кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі шешімі күшіне енген күннен бастап 2016 жылғы 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:


Армения Республикасынан
В. Габриелян

Беларусь Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан Республикасынан
Б. Сағынтаев

Ресей Федерациясынан
И. Шувалов




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады