2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 0301 91 900 0 және 0301 99 110 0 кодтарымен сыныпталатын балықтың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2018 жылғы 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта кеден құнының 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 0301 91 900 0 және 0301 99 110 0 кодтары бар позицияның төртінші бағанындағы ескерту "48С)" деген сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 48С ескертумен толықтырылсын:
"48С) Кеден құнының 0 (нөл) % мөлшерінде кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 15 шешімі күшіне енген күннен бастап 2018 жылғы 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта қолданылады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан |
Ресей |