Ванадий-алюминий лигатурасына қатысты Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 14 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7-тармағына сәйкес туралы сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі шешті:

      1. "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.22-тармақшамен толықтырылсын:

      "7.1.22. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8112 92 910 0 қодымен сыныпталатын, титан құймаларын, қорытпалары мен кесектерін шығаруға арналған және Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын және тауар саны мен осындай тауарды жеткізуді және әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын растау кеден органдарына ұсынылған жағдайда Қазақстан Республикасына 2015 жылғы 1 маусым мен 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде 2015 жылы 300 тоннадан аспайтын және 2016 жылы 600 тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін ванадий-алюминий лигатурасы.".

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына жекелеген тауарлар санаттарын әкелген кезде кедендік баждар төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағындағы "7.1.21" деген цифрлар "7.1.22" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      3. Ресей Федерациясында шығарылатын ванадий-алюминий лигатурасын сертификаттау және оны Қазақстан Республикасының титан құймаларын, қорытпалары мен кесектерін шығарушылары кейіннен пайдалану мақсатында Ресей Федерациясының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарына Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының мүдделі шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруды тапсырсын.

      4. Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.22-тармақшасында белгіленген тарифтік жеңілдіктің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселе Ресей Федерациясында шығарылатын ванадий-алюминий лигатурасын сертификаттау жөніндегі екіжақты жұмыстың қорытындысы ескеріле отырып қаралады деп белгіленсін.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
В. Габриелян

Беларусь Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан
Республикасынан
Б. Сағынтаев

Ресей
Федерациясынан
И. Шувалов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады