Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Төрағасы туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2015 жылғы 4 ақпандағы № 1 Өкімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 8-бабының 4-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 6-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақтың органдарында төрағалық ету туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 97 шешіміне сәйкес және Беларусь Республикасы Президентінің "В.С.Матюшевскийдің өкілеттіктері туралы" 2015 жылғы 30 қаңтардағы №40 Жарлығын назарға ала отырып:

      1. Беларусь Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі Василий Станиславович Матюшевский 2015 жылға Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалсын.

      2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Ресей Федерациясынан

 
 
В. Габриелян

 
 
В. Матюшевский

 
 
Б. Сағынтаев

 
 
И. Шувалов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады