Кеден одағының Кеден кодексінің 282-бабының 1-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 331 шешімімен бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты босатумен уақытша әкелінетін тауарлар тізбесі мынадай мазмұндағы 36-тармақпен толықтырылсын:
"36. ЕАЭО СЭҚ ТН 8901 10 100 9 кодымен сыныпталатын, шетелдік тұлғалардың меншігіндегі, Кавказ – Керчь порты, Новороссийск порты – Феодосия порты, Геленджик порты – Керчь порты, Темрюк порты – Керчь порты, Новороссийск порты – Керчь порты, Новороссийск порты – Севастополь порты желілерінде жүктер мен жолаушылар тасымалын жүзеге асыру мақсатында тайм-чартер немесе бербоут-чартер шарты бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұлғалары жалдаған, уақытша әкелу мерзіміне 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсіміне орналастырылатын теңіз паромдары.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |