Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Еуразиялық станок жасау жөніндегі инжинирингтік орталық құру тұжырымдамасын әзірлеу туралы" өкімінің жобасын мақұлдау туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2015 жылғы 4 ақпандағы № 3 Өкімі

      1. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Еуразиялық станок жасау жөніндегі инжинирингтік орталық құру тұжырымдамасын әзірлеу туралы" өкімінің жобасы мақұлдансын (қоса беріліп отыр) және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынылсын.

      2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
В. Габриелян
 

Беларусь Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан Республикасынан
Б. Сағынтаев

Ресей Федерациясынан
И. Шувалов


Еуразиялық станок жасау жөніндегі инжинирингтік орталық құру тұжырымдамасын әзірлеу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабы 4-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің станок жасау саласындағы ынтымақтастығын дамыту мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесе отырып, Еуразиялық станок жасау жөніндегі инжинирингтік орталық құру тұжырымдамасының жобасын әзірлесін және оны 2015 жылғы 1 шілдеге дейін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына енгізсін.

      2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады