2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Киім заттары, киімге керек-жарақтар және табиғи үлбірден жасалған өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 3-бабының 1-тармағын және 6-бабының 2-тармағын орындау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қоса беріліп отырған:
бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесі;
бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің сипаттамасы, оны салу тәртібі және бақылау белгілерінде қамтылған ақпараттың құрылымы мен форматына қойылатын талаптар;
мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен дара кәсіпкерлеріне бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дайындауды және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар өз мүше мемлекеттерінің құзыретті органдарына беретін ақпараттың құрылымы мен форматына қойылатын талаптар, сондай-ақ оны беру мерзімдері;
бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер өз мүше мемлекеттерінің құзыретті (уәкілетті) органдарына беретін ақпараттың құрылымы мен форматына қойылатын талаптар, сондай-ақ осындай ақпаратты беру мерзімдері бекітілсін.
2. Осы Шешімнің 1-тармағының екінші абзацын қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Келісім күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Осы Шешімнің 1-тармағының екінші абзацы 2016 жылғы 1 сәуірден бастап, бірақ Келісім күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлардың ТІЗБЕСІ
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы |
4303 10 901 0 құндыздан тігілген киім заттары
4303 10 902 0 саз құндыздан тігілген киім заттары
4303 10 903 0 ақ түлкіден немесе түлкіден тігілген киім заттары
4303 10 904 0 үй қоянынан немесе қояннан тігілген киім заттары
4303 10 905 0 жанаттан тігілген киім заттары
4303 10 906 0 қой терісінен тігілген киім заттары
4303 10 908 0өзге де киім заттары*
* _Өзге де киім түрлерінен тігілген киім заттары
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сипаттамалары, оны салу тәртібі және бақылау белгілерінде қамтылған ақпараттың құрылымы мен форматына қойылатын талаптар
I. Жалпы ережелер
1. Осы құжат 2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Киім заттары, киімге керек-жарақтар және табиғи үлбірден жасалған өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің 6-бабы 2-тармағының "а" тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы құжатта пайдаланылатын ұғымдар көрсетілген Келісімде және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.
II. Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сипаттамалары
3. "Киім заттары, киімге керек-жарақтар және табиғи үлбірден жасалған өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды таңбалауға арналған бақылау (сәйкестендіру) белгісінде радиожиілік таңбасы(бұдан әрі - RFID-таңбасы) қамтылуға, қорғаныш элементтері (құралдары) бар қатаң есептілік бланкісі (қорғалған полиграфиялық өнім) болуға, қатаң есептілік бланкілерінің қорғалу деңгейіне қойылатын талаптар мен оларды өткізу және Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасына сай есепке алу тәртібіне сәйкес дайындалуға және өткізілуге тиіс.
4. Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің мынадай рұқсат етілген көлемдері болады:
25 мм х 160 мм (опционалды - 25 мм х 210 мм дейін);
53 мм х 80 мм (опционалды - 53 мм х 170 мм дейін).
Көлемдеріне қарай бақылау (сәйкестендіру) белгісінің бейнесі, сондай-ақ осындай белгілерде қамтылған ақпараттың құрамы мен форматы Қосымшада берілген.
5. Бақылау (сәйкестендіру) белгісі мынадай ең төменгі міндетті қорғаныш элементтерімен (құралдарымен) қамтамасыз етіледі:
қорғаныш элементтері бар арнайы қорғалған қағаз (целлюлоза немесе синтетика);
латентті визуальді бейнелер және (немесе) голографиялық элементтер негізіндегі қорғаныш белгілері;
қорғаныш бояуларымен боялған, көрінетін және (немесе) көрінбейтін графикалық қорғаныш элементтері;
графикалық тұтқыштары бар позитивті және (немесе) негативті микромәтін.
Көрсетілген талаптарды ескере отырып, бақылау (сәйкестендіру) белгісінің қорғаныш элементтерін (құралдарын) таңдау мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленеді.
Мүше мемлекеттер айқындайтын органдар (ұйымдар) өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес бақылау (сәйкестендіру) белгісінің қорғаныш элементтеріне (құралдарына) қойылатын талаптарды белгілейді және оларды мүше мемлекеттердің бақылаушы органдарының назарына жеткізеді.
III. Тауарларға бақылау (сәйкестендіру) белгісін салу тәсілдері мен тәртібі
6. Тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау кезінде оларды тауарларға салудың мынадай тәсілдері мен тәртібі пайдаланылады:
а) тігілген, мұнда бақылау (сәйкестендіру) белгісі машина тәсілімен тоқыма негізінде бұйымның конструкциялық тігісіне тікелей тігіліп, осы белгіде қамтылған графикалық ақпаратты толық көрінетіндей етіп қалдырады. Мұндай жағдайда, бақылау (сәйкестендіру) белгісін салу – тауарды дайындау кезінде тігуге арналған арнайы жолды пайдалана отырып, тауардың ішкі жағындағы (астарындағы) тігіске осындай белгіні тігу арқылы орындалады.
б) желімді, мұнда өздігінен желімделетін негіздегі бақылау (сәйкестендіру) белгісі тауардың конструкциялық элементіне (тігілген таңбалау затбелгісіне) желімделеді. Мұндай жағдайда, бақылау (сәйкестендіру) белгісін салу тауарда дайындаушы тіккен және көрсетілген белгіні бұзбай салу үшін жеткілікті көлемдегі еркін орны бар таңбалау затбелгісі болған кезде орындалады. Бақылау (сәйкестендіру) белгісін салу осындай белгінің желім қабатынан қорғаныш жабынын алу және осы белгіні таңбалау затбелгісінің бос орнына жапсыру арқылы орындалады;
в) салынбалы (ілмелі), мұнда пластик негіздегі бақылау (сәйкестендіру) белгісі біржолғы пломбалау элементінің көмегімен бұйымның ілмек саңылауына не ілмек-түймесіне, ал олар болмаған жағдайда – тігілген ілгішіне не ілгішке ілетін тігілген ілмекке металл тізбек, металдан және басқа да материалдардан жасалған пластина түрінде ажырамай бекітіледі. Бақылау (сәйкестендіру) белгісін салу бұйымның ілмек саңылауына немесе алдыңғы ілмек-түймесіне, тігілген ілгішке немесе ілгішке ілетін тігілген ілмекке және пломбалаушы элементтің бекіткіш құрылғысына оны бұзбастан алуды болғызбайтындай етіп, бақылау (сәйкестендіру) белгісі пломбасының икемді элементін өткізу арқылы орындалады.
7. Таңбаланған тауардан немесе пломбалаушы элементтен бақылау (сәйкестендіру) белгісін ажырату бақылау (сәйкестендіру) белгісінің тұтастығын бұзуға және оны басқа тауарға қайталап салуды мүмкін етпеуге тиіс.
ІV. Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің материалына қойылатын талаптар
8. Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің материалы:
белгінің тұтастығы мен оның тауарға бекітілуін;
тауарды тұтынушыға өткізгенге дейін белгіде қамтылған ақпараттың оқылуын;
қайталап пайдалануға әрекеттену кезінде негіздің бұзылуын;
аязға төзімділікті (-40 °С және одан төмен температура кезінде жұмыс қабілеттілігін сақтауды) қамтамасыз етуге тиіс.
Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің негізі ретінде тоқыманы, пластикті немесе қағазды пайдалануға болады.
V. Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің кіріктірілген RFID-таңбасына қойылатын талаптар
9. Бақылау (сәйкестендіру) белгісін дайындау кезінде UHF-диапазонының RFID-таңбасы пайдаланылуға тиіс, оның мынадай техникалық сипаттамалары болады:
а) ISO 18000-63 (UHF RFID хаттамасы үшін860 - 960 МГц) стандартының талаптарына сәйкес келетін диапазон жиіліктерінде жұмыс істеу;
б) чип жадының TID-саласында өндірушілер жазған RFID-таңбасы чипінің бірегей сериялық нөмірінің болуы;
в) EPCglobal UHF Class 1 Gen 2 / ISO/IEC 18000-63:2013 деректерді беру хаттамасы және көрсетілгенмен үйлесімді стандарттың басқа да версиялары;
г) жады көлемі: ЕРС - кемінде 128 бит, User - кемінде 32 бит, TID - кемінде 64 бит;
д) сақтау температурасы - -40 °С-дан +70 °С-ға дейін;
е) жұмыс температурасы - -40 °С-дан +50 °С-ға дейін;
ж) циклдерді бағдарламалау - кемінде 10 000 жазба циклі.
VI. Бақылау (сәйкестендіру) белгілерінде қамтылған ақпараттың құрылымы мен форматына қойылатын талаптар
1. Ақпараттың визуальды оқылуына қойылатын талаптар
10. Бақылау (сәйкестендіру) белгісіне салу тәсілі мен материалына қарамастан, мынадай визуальды оқылатын ақпарат салынады:
а) ISO / IEC 29160 Informationtechnology - Radiofrequencyidentification for item management - RFID Emblem стандартына сәйкес келетінRFID-таңбаның болу белгісі;
б) орыс тілінде ЕАЭО СЭҚ ТН тауар тобының қысқаша атауы ("Киім заттары, киімге керек-жарақтар және табиғи үлбірден жасалған өзге де бұйымдар" - "Табиғи үлбірден жасалған бұйымдар" тауар позициясы бойынша бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен тауарларды таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде тауарлар үшін). Блоктың көлемі 5х45 мм;
в) Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген Әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес тауарларды айналымға шығаруды жүзеге асыратын мүше мемлекеттің 2 символды коды (Армения Республикасы - AM, Беларусь Республикасы - BY, Қазақстан Республикасы - KZ, Қырғыз Республикасы - KG, Ресей Федерациясы - RU). Блоктың көлемі - 15x18 мм;
г) осы бөлімнің 3-кіші бөлімінде келтірілген қағидаларға сәйкес қалыптастырылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіру нөмірі (сәйкестендіргіш);
д) тауарды айналымға шығару тәсілін белгілеу (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу немесе мүше мемлекеттер аумағында тауарларды өндіру). Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу бақылау (сәйкестендіру) белгісінің қызыл түсті фонымен немесе мүше мемлекет коды бар жолда оң жақ бағыттағы нұсқауышпен қосымша графикалық белгілеме арқылы көрсетіледі. Мүше мемлекеттер аумағында тауарларды өндіру бақылау (сәйкестендіру) белгісінің жасыл түсті фонымен көрсетіледі.
2. Бақылау (сәйкестендіру) белгісінде орналастырылатын ақпараттың машинада оқылуына қойылатын талаптар
11. Бақылау (сәйкестендіру) белгісі визуальды оқылатын ақпаратқа қосымша машинада оқылатын мынадай ақпаратты:
а) RFID-таңбасын, ол мыналарды:
TID- жады саласында - RFID-таңбасы чипін өндіруші жазатын, RFID- таңбасы чипінің бірегей сериялық нөмірін;
User- жады саласында – бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргішін немесе бақылау (сәйкестендіру) белгісін өндіруші жазатын, бақылау (сәйкестендіру) белгісі елінің – эмитентінің кодын;
ЕРС- жады саласында–тауарды айналымға енгізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер жазатын, сауда бірлігінің сериялық жаһандық нөмірін (SGTIN)(тауар қалдықтарын таңбалау кезінде RFID-таңбасының ЕРС- жады саласына SGTIN жазбасы міндетті болып табылмайды) қамтиды;
б) қара-ақ түсте орындалған, Code-128 символикасындағы сызықты штрих кодты қамтуға тиіс. Сызықты штрих кодта осы бөлімнің 3-кіші бөлімінде келтірілген қағидаларға сәйкес қалыптастырылатын, бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіру нөмірі (сәйкестендіргіші) кодталған түрде қамтылуы керек;
в) кодталған түрде, таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компонентіне сілтеме қамтылған2-өлшемді штрих кодты (көлемі 20x20 мм QR-код) (бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіру нөмірі бар ұлттық компонентке URL-сұрау салу) қамтуға тиіс.
3. Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіру нөмірін (сәйкестендіргішін) қалыптастыру қағидалары
12. Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіру нөмірі (сәйкестендіргіші) мынадай құрылымда болады: ҮҮ- XXXXXX-NNNNNNNNNN, мұндағы:
ҮҮ –тауарды айналымға шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің 2 символды коды (Армения Республикасы- AM, Беларусь Республикасы- BY, Қазақстан Республикасы - KZ, Қырғыз Республикасы - KG, Ресей Федерациясы - RU);
ХХХХХХ –бақылау (сәйкестендіру) белгісінің типі (мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын 6 әріптік-цифрлық символдар):
NNNNNNNNNN - бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сериясы мен нөмірі (мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын және тауар тобы шеңберінде тауар бірлігін есепке алу мен бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау туралы шешім қабылданған тауарларды айналымға шығару тәсілінің бірегейлігін қамтамасыз ететін, 0-ден бастап 9-ға дейін цифрлардың кез келген комбинациясында және латын әліпбиінің бас әріптері пайдаланылатын, 10 әріптік-цифрлық символдар).
Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сипаттамаларына, оны салу тәртібіне және бақылау белгілерінде қамтылған ақпараттың құрылымы мен форматына қойылатын талаптарға ҚОСЫМША |
Бақылау (сәйкестендіру) белгілері бейнелерінің ҮЛГІЛЕРІ
2-сурет. Одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларға арналған бақылау (сәйкестендіру) белгісі бейнесінің үлгісі
3-сурет. Тауарға бекітудің ілмелі (салынбалы) тәсіліне арналған бақылау (сәйкестендіру) белгісі бейнесінің үлгісі
1 және 2-суреттерде пайдаланылатын белгілемелер мыналарды білдіреді:
1 –тауарды айналымға шығаруды жүзеге асырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің 2 символды коды: Армения Республикасы - AM, Беларусь Республикасы - BY, Қазақстан Республикасы - КZ, Қырғыз Республикасы - KG, Ресей Федерациясы - RU. Көлемдері-15x18 мм;
2 –тауарды айналымға шығару тәсілі: а) Одақтың кедендік аумағына тауарды әкелу–қосымша оң жақ бағытқа нұсқауыш бейнеленіп, бақылау (сәйкестендіру) белгісінің қызыл түстіфонымен графикалық түрде белгіленеді; б) мүше мемлекеттер аумағында тауар өндіру – бақылау (сәйкестендіру) белгісінің жазыл түстіфонымен графикалық түрде белгіленеді;
3 –орыс тілінде мәтін түріндегі ЕАЭО СЭҚ ТН тауар тобының қысқаша атауы ("Киім заттары, киімге керек-жарақтар және табиғи үлбірден жасалған өзге де бұйымдар" - "ТАБИҒИ ҮЛБІРДЕН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАР" тауар позициясы бойынша бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен тауарларды таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде тауарларға арналған). Көлемдері - 5 х 45 мм;
4 - бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіру нөмірі (сәйкестендіргіші) және Code 128 форматында осындай белгінің сәйкестендіргішін қайталайтын сызықты штрих код. Көлемдері - 12 х 75 мм.
Сәйкестендіргіш құрылымының түрі YY-XXXXXX- NNNNNNNNNN болады. Мүше мемлекеттің 2 әріптік кодын қоспағанда, оны толтыру мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады;
5 –бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргішін қайталайтын және тауарлардың таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненті порталына сілтеме жасалатын 2 өлшемді штрих код (QR-код). Көлемдері - 20 х 20 мм;
6 - RFID-таңбаның болу белгісі. Көлемдері-15x15 мм;
7 – бұйымды тігуге арналған ақ шет (25 х 10 мм немесе 53 х 10 мм) (тауарға салудың тігу тәсіліне ғана арналған).
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Бақылау (сәйкестендіру) белгілерін мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен дара кәсіпкерлеріне дайындауды және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар өз мүше мемлекеттерінің құзыретті органдарына беретін ақпараттың құрылымы мен форматына қойылатын талаптар, сондай-ақ оны беру мерзімдері
1. Осы Талап 2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Киім заттары, киімге керек-жарақтар және табиғи үлбірден жасалған өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің6-бабы 2-тармағының "в" тармақшасына сәйкес әзірленген. Осы талапта пайдаланылатын ұғымдар көрсетілген Келісім мен Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.
2. Дайындалған және өткізілген бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы ақпарат тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компонентінде шоғырланады. Одаққа мүше мемлекеттер айқындайтын органдар (ұйымдар) (бұдан әрі тиісінше – органдар (ұйымдар), мүше мемлекеттер) мүше мемлекеттің құзыретті (уәкілетті) органына тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесі ұлттық компонентінің ақпараттық сервистері арқылы әрбір бақылау (сәйкестендіру) белгісі бойынша мынадай міндетті ақпаратты жібереді:
а) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дайындауды және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміндегі мүше мемлекет органының (органдарының) (ұйымының (ұйымдарының)) тіркеу нөмірі (нөмірлері);
б) бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіру нөмірі (сәйкестендіргіші);
в) салық төлеушінің - бақылау (сәйкестендіру) белгісіне тапсырыс беруші ұйымның нөмірі (Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі, Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі, Қазақстан Республикасы үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі);
г) айналымға шығару тәсілі (Одақтың кедендік аумағына әкелу немесе мүше мемлекеттер аумағында өндіру);
д) бақылау (сәйкестендіру) белгілері пайдаланылатын, бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың 4 таңбалы коды;
е) бақылау (сәйкестендіру) белгісі дайындалған күн;
ж) тапсырыс берушіге бақылау (сәйкестендіру) белгісі өткізілген күн;
з) бақылау белгісінің радиожиілікті таңбасы чипінің сәйкестендіргіші (Tag Identifier, TID).
3. Осы талаптардың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты органдар (ұйымдар) мүше мемлекеттің құзыретті (уәкілетті) органына бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дайындағаннан және (немесе) өткізгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде береді.
4. Органдар (ұйымдар) электронды түрде беретін деректердің құрылымы мен форматы қосымшаға сәйкес сипаттамада берілген.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен дара кәсіпкерлеріне бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дайындауды және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар өз мүше мемлекеттерінің құзыретті (уәкілетті) органдарына беретін деректердің құрылымы мен форматтарына
СИПАТТАМА
1. Осы сипаттамада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) заңды тұлғалары мен дара кәсіпкерлеріне бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дайындауды және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар өз мүше мемлекеттерінің құзыретті (уәкілетті) органдарына беретін деректердің (бұдан әрі – берілетін деректер) құрылымы мен форматтарына қойылатын талаптар белгіленеді.
2. Ұлттық компонентке берілетін деректердің форматы ұлттық заңнамамен белгіленеді. Берілетін деректерді XML-форматында мынадай стандарттарға сәйкес қалыптастыру ұсынылады:
"Extensible Markup Language (XML) 1.0 (Fouth Edition)" (http://www.w3.org/TR7REC-xmlмекенжайы бойынша ақпараттық- телекоммуникациялық "Интернет" желісінде жарияланған);
"Namespaces in XML" (http://www.w3.org/TR/REC-xml-namesмекенжайы бойынша ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісінде жарияланған);
"XML Schema Part 1: Structures" и "XML Schema Part 2: Datatypes" (http://www.w3.org/TR/xmlschema-l/жәнеhttp://www.w3.org/TR/xmlschema-2/мекенжайлары бойынша ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісінде жарияланған).
3. Берілетін деректердің ұсынылатын құрылымы кестеде келтірілген.
4. Кестеде мынадай ақ шеттер (графалар) қалыптастырылады:
"элементтің атауы" - элементтің реттік нөмірі, сәйкестендіргіші және қалыптасқан немесе ресми сөзбен белгіленуі;
"элементтің сипаттамасы" - элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"ескертпе" - элементтің мақсатын нақтылайтын, оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерін сөзбен сипаттау;
"көп." - элементтердің көптігі (элементтің міндеттілігі (опционалдылығы) және ықтимал қайталану саны).
5. Берілетін деректер элементтерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілемелер пайдаланылады:
1 –элемент міндетті, қайталауға жол берілмейді;
n–элемент міндетті, n рет қайталануға тиіс(n>1);
1.. * - элемент міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;
n..* - элемент міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс(n > 1);
n..m –элемент міндетті, кемінде n рет және m реттен көп емес қайталануға тиіс (n > 1, m > п);
0..1 - элемент опционалды, қайталауға жол берілмейді;
0..* - элемент опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;
0..m - элемент опционалды, mреттен көп емес қайталануы мүмкін (ш > 1).
Кесте. | |
Берілетін деректердің құрылымы |
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көп. |
1. Тізілімдегі мүше мемлекет органының (ұйымының) тіркеу нөмірі (тіркеу туралы құжаттың нөмірі) | заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дайындауды және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар тізіліміндегі мүше мемлекет органының (ұйымының) тіркеу нөмірі (тіркеу туралы құжаттың нөмірі) | элемент заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дайындауды және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар тізіліміндегі мүше мемлекет органының (ұйымының) тіркеу нөмірін (тіркеу туралы құжаттың нөмірін) көрсетуге арналған | 1 |
2. Мәліметтерді қалыптастыру күні мен уақыты | мәліметтерді қалыптастыру күні мен уақыты | элемент мәліметтерді қалыптастыру күні мен уақытын көрсетуге арналған | 0..1 |
3. Салық төлеушінің нөмірі ("Заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы мәліметтер" элементінің құрамына кіреді) |
салық төлеушінің - бақылау (сәйкестендіру) белгісіне тапсырыс беруші ұйымның нөмірі (бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың айналымын жүзеге асыратын мүше мемлекеттің заңды тұлғасы немесе дара кәсіпкері туралы мәліметтер құрамында) | элемент бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың айналымын жүзеге асыратын және осындай белгілерді дайындауға тапсырыс беруші ұйым болып табылатын мүше мемлекеттердің заңды тұлғасы мен дара кәсіпкері үшін салық төлеушінің нөмірін көрсетуге арналған (Армения Республикасы үшін – салық төлеушіні есепке алу нөмірі, Беларусь Республикасы үшін - төлеушінің есепке алу нөмірі, Қазақстан Республикасы үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушіні тіркеу нөмірі). Элементті заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге бақылау (сәйкестендіру) белгілерін өткізуді жүзеге асыратын мүше мемлекет органы (ұйымы) береді. | 1 |
4. Өткізілген бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің саны | өткізілген бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің жалпы саны | элемент мәліметтері өз мүше мемлекеттерінің құзыретті (уәкілетті) органдарына берілетін, өткізілген бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің жалпы санын көрсетуге арналған | 1 0..1 |
5. Дайындалған және өткізілген бақылау (сәйкестендіру) белгілері | дайындалған және өткізілген бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы мәліметтер | элемент дайындалған және өткізілген бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы мәліметтерді көрсетуге арналған | 1..* |
5.1. Тауарды айналымға шығару тәсілі | тауарды айналымға шығару тәсілінің кодтық белгілемесі |
ықтимал мәндер: | 1 |
5.2. ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың 4 таңбалы коды | бақылау (сәйкестендіру) белгілері пайдаланылатын, бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың 4 таңбалы коды | элемент бақылау (сәйкестендіру) белгілері пайдаланылатын, бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың 4 таңбалы кодын көрсетуге арналған | 1 |
5.3. Тауарды таңбалауға арналған бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы мәліметтер | Тауарды таңбалауға арналған бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы мәліметтер | элемент тауарды таңбалауға арналған бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы мәліметтерді көрсетуге арналған | 1 |
5.3.1. Бақылау (сәйкестендіру) белгілері дайындалған күн | бақылау (сәйкестендіру) белгілері дайындалған күн | элемент бақылау (сәйкестендіру) белгілері дайындалған күн туралы мәліметтерді көрсетуге арналған | 1 |
5.3.2. Бақылау (сәйкестендіру) белгілері өткізілген күн |
бақылау (сәйкестендіру) белгілеріне тапсырыс беруші ұйымның бақылау (сәйкестендіру) белгілерін өткізген күні | элемент тапсырыс беруші ұйымға бақылау (сәйкестендіру) белгілерін өткізген күн туралы мәліметтерді көрсетуге арналған. Элементті заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге бақылау (сәйкестендіру) белгілерін өткізуді жүзеге асыратын мүше мемлекет органы (ұйымы) береді. |
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көп. | |
5.3.3. Бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің сипаттамасы | төменде келтірілген құрылымға сәйкес бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің сипаттамалары туралы мәліметтер | элемент бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсетуге арналған | 1..* | |
5.3.3.1. Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргіші | бақылау (сәйкестендіру) белгісінің визуальды көрсетілетін сәйкестендіргіші | шаблон: [A-Z] {2} [-] {1}[A-Z0-9] {6} [~] {1} [ A-Z0-9] {10} | 1 | |
5.3.3.2. Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің радиожиілікті таңбасы чипінің сәйкестендіргіші | есептеудің он алтылық жүйесіндегі бақылау (сәйкестендіру) белгісінің радиожиілікті таңбасы чипінің бірегей сәйкестендіргіші (радиожиілікті таңбаның ТІD нөмірі) | 1 |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер өз мүше мемлекеттерінің құзыретті (уәкілетті) органдарына беретін ақпараттың құрылымы мен форматына қойылатын талаптар, сондай-ақ осындай ақпаратты беру мерзімдері I. Жалпы ережелер
1. Осы талаптар 2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Киім заттары, киімге керек-жарақтар және табиғи үлбірден жасалған өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің 6-бабы 2-тармағының "г" тармақшасына сәйкес әзірленген.
Осы талаптарды пайдаланылатын ұғымдар көрсетілген Келісім мен Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.
Бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы мәліметтерді ұлттық компонентке беру кезінде Тізбеге енгізілген тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, бақылау (сәйкестендіру) белгілерінде қамтылған мәліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.
II. Ақпараттың құрылымы
1. Одақтың кедендік аумағына әкелу немесе бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды өндіру кезінде берілетін бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы ақпарат
2. Бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды өндіруді және (немесе) Одақтың кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненті арқылы мүше мемлекеттің құзыретті (уәкілетті) органына мынадай міндетті ақпаратты береді:
а) салық төлеушінің – бақылау (сәйкестендіру) белгісіне тапсырыс беруші ұйымның нөмірі (Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі, Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі, Қазақстан Республикасы үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі);
б) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтегі бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың 10 таңбалы коды;
в) тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі (импорттаушы – ұйымдарға арналған);
г) бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргіші;
д) сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (Global Trade Item Number) (бұдан әрі - GTIN);
е) бақылау (сәйкестендіру) белгісінің радиожилікті таңба чипінің сәйкестендіргіші (Tag Identifier) (бұдан әрі - TID);
ж) сауда бірлігінің сериялық жаһандық нөмірі (Serialized Global Trade Item Number) (бұдан әрі - SGTIN).
3. Мүше мемлекеттердің ұлттық компонентінің құрамында бақылауға жататын тауарлар туралы анық деректерді есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ететін ақпараттық ресурсты қалыптастыру көзделуге тиіс. Бұл ресурс GS1 ұлттық (өңірлік) ұйымдардың сервистерімен (Автоматты сәйкестендіру жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықпен) өзара іс-қимыл жасау негізінде немесе тауар номенклатурасы мен тауарларды сипаттау жөніндегі ұлттық орталықтандырылған ресурс құру арқылы іске асырылуы мүмкін. Тауарларды өндіруді және (немесе) Одақтың кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер көрсетілген ақпараттық ресурсқа мынадай міндетті ақпаратты береді:
а) тауардың атауы;
б) тауардың сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарға нұсқау (осындай нормативтік құжаттар бойынша шығарылатын тауар үшін);
в) тауар өндірушінің атауы (заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы), GLN (болған кезде);
г) тауардың әртүрлілігі (тауар дайындалған материалдың атауы және тауардың өзге де ерекше белгілері (түсі, мөлшері, моделі және т.б.));
д) тауардың бейнесі (егер мұндай ақпаратты беру мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген болса);
е) тауардың шығарылған елі;
ж) тауар санын өлшем бірлігі.
4. Мүше мемлекеттердің заңнамасымен тауарларды өндіруді және (немесе) Одақтың кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компонентіне (бұдан әрі – ұлттық компонент) беретін қосымша ақпараттың тізбесі белгіленуі мүмкін.
2. Трансшекаралық сауда шеңберінде сатып алынған тауарға салынған бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы ақпарат
5. Одақ аумағында трансшекаралық сауда шеңберінде тауарларды сатып алғаннан кейін мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен дара кәсіпкерлері тауарға салынған бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы өздері аумағында тіркелген мүше мемлекеттің құзыретті (уәкілетті) органына ақпарат беріп, ұлттық компонентке трансшекаралық сауда шеңберінде сатып алынған тауардың әрбір бірлігі бойынша мынадай міндетті ақпарат қамтылған мәліметтерді береді:
а) бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргіші және (немесе) TID және (немесе) SGTIN;
б) салық төлеушінің – трансшекаралық сауда шеңберінде тауарды сатып алған заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің нөмірі;
в) экспортталған ел коды.
3. Тауар қалдықтарын таңбалау кезінде бақылау (сәйкестендіру) белгілерін пайдалану туралы ақпарат
6. Бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) тауарларды енгізген кезде, осындай тауарлардың көтерме және (немесе) бөлшек саудасын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мұндай тауар қалдықтарын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалайды және өздері аумағында тіркелген мүше мемлекеттің құзыретті (уәкілетті) органына бақылау (сәйкестендіру) белгілерін пайдаланғаны туралы электронды түрде ақпарат береді. Осындай ақпаратты беру мерзімдері аталған заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер аумағында тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді. Ұлттық компонентке қалған тауардың әрбір бірлігі бойынша мынадай ақпарат (комиссиялық сауда кезіндегі тауар қалдықтарын қоспағанда) қамтылған мәліметтер беріледі:
а) бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргіші және (немесе) TID және (немесе) SGTIN;
б) салық төлеушінің - бақылау (сәйкестендіру) белгісіне тапсырыс берушінің нөмірі;
в) тауардың атауы;
г) тауар сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарға нұсқау (осындай нормативтік құжаттар бойынша шығарылатын тауар үшін);
д) тауар өндірушінің атауы (заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы), GLN (болған кезде);
е) тауардың әртүрлілігі (тауар жасалған материалдың атауы және тауардың өзге де ерекше белгілері (түсі, мөлшері, моделі және т.б.));
ж) дайындаушы елдің атауы;
з) тауарды айналымға шығару тәсілі;
и) импорттаушы ұйымдар үшін – тауар соған сәйкес айналымға шығарылған тауарға арналған декларацияның тіркеу нөмірі;
к) GTIN.
4. Тауарлардың комиссиялық саудасы кезінде бақылау (сәйкестендіру) белгілерін пайдалану туралы ақпарат
7. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған комиссия шарттары негізінде тауарлардың комиссиялық саудасы кезінде, осындай сауданы жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер осы тауарларды сатуға ұсынған кезден кешіктірмей осындай тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалайды және аумағында өздері тіркелген мүше мемлекеттің құзыретті (уәкілетті) органына бақылау (сәйкестендіру) белгілерін пайдаланғаны туралы ақпарат береді. Тауарлардың комиссиялық саудасында бақылау (сәйкестендіру) белгілерін пайдаланғаны туралы ақпарат беру кезінде тауардың әрбір бірлігі бойынша мынадай міндетті ақпарат беріледі (соның ішінде, комиссиялық сауда кезінде тауар қалдықтары бойынша):
а) бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргіші және (немесе) TID және (немесе) SGTIN;
б) комиссиялық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушінің - бақылау (сәйкестендіру) белгісіне тапсырыс берушінің нөмірі.
5. Сатып алушылар қайтарған тауарларға арналған бақылау (сәйкестендіру) белгілерін пайдалану туралы ақпарат
8. Егер мүше мемлекеттердің заңнамасында бөлшек сауда шеңберінде өткізілген тауарларға салынған бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы ақпарат беруге қойылатын талаптар белгіленсе және тиісті сападағы тауарды қайтару (айырбастау) үшін мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзім ішінде тауар қайтарылса және бақылау белгісінің тұтастығы сақталса, онда тауар қайта таңбаланбайды және ақпараттық жүйеге мынадай ақпарат беріледі:
а) салық төлеушінің – сатушы ұйымның нөмірі (Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі, Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі, Қазақстан Республикасы үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі);
б) бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргіші және (немесе) TID және (немесе) SGTIN;
в) тауардың қайтарылуын растайтын құжаттардың деректемелері.
9. Егер бақылау (сәйкестендіру) белгісі бүлінген болса немесе жойылса және (немесе) тауарды қайтару (айырбастау) тиісті сападағы тауарды қайтару (айырбастау) үшін мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалғаннан асатын мерзімде жүргізілетін болса (егер мүше мемлекеттердің заңнамасында бөлшек сауда шеңберінде өткізілген тауарларға салынған бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы ақпарат беруге қойылатын талаптар белгіленсе), сатушы осы тауарларды сатуға ұсынған кезден кешіктірмей осындай тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалайды және өзі аумағында тіркелген мүше мемлекеттің құзыретті (уәкілетті) органына бақылау (сәйкестендіру) белгілерін пайдаланғаны туралы ақпарат береді. Сатып алушылар қайтарған тауарларға бақылау (сәйкестендіру) белгілерін пайдалану туралы ақпарат беру кезінде тауардың әрбір бірлігі бойынша мынадай міндетті ақпарат беріледі:
а) салық төлеушінің –сатушы ұйымның нөмірі;
б) бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргіші (анықтау мүмкін болса ескісі);
в) бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргіші (жаңа) және (немесе) TID (жаңа)және (немесе) SGTIN (жаңа);
г) тауардың қайтарылуын растайтын құжаттардың деректемелері.
6. Бөлшек сауда шеңберінде өткізілген (сатылған) немесе қандай да бір себептермен жойылған (жоғалған) тауарға салынған бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы ақпарат
10. Тізбеге енгізілген тауарлардың бөлшек саудасын жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен дара кәсіпкерлері, егер мұндай ақпарат беру өздері аумағында тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, осындай сауда шеңберінде өткізілген (сатылған) немесе жойылған (жоғалған) тауарға салынған бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы өздері аумағында тіркелген мүше мемлекеттің құзыретті (уәкілетті) органына электронды түрде ақпарат береді. Бөлшек сауда шеңберінде өткізілген (сатылған) немесе жойылған (жоғалған) тауарға салынған бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы ақпарат беруге қойылатын талаптар мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген кезде, өткізілген тауардың әрбір бірлігі жөнінде мынадай ақпарат беріледі:
а) бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргіші және (немесе) TID және (немесе) SGTIN;
б) тауарды айналымнан шығару тәсілі (сату, жою);
в) тауарды айналымнан шығаруды жүзеге асырған салық төлеушінің нөмірі;
г) тауарды айналымнан шығару күні;
д) тауар жойылған (жоғалған) жағдайда – актінің деректемелері.
III. Ақпараттың форматы
11. Тізбеге енгізілген тауарлар айналымын жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен дара кәсіпкерлері беретін деректердің құрылымы мен форматы қосымшаға сәйкес сипаттамада ұсынылған.
IV. Ақпаратты беру мерзімдері
12. Таңбалауға жататын тауарлар туралы ақпарат беру мерзімін (оларды таңбалағанға дейін) тізбеге енгізілген тауарлар айналымын жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен дара кәсіпкерлері дербес айқындайды.
13. Өндірілетін және (немесе) әкелінетін тауардың әрбір бірлігі бойынша таңбаланған тауарлар туралы ақпарат беру (оларды таңбалағаннан кейін) тізбеге енгізілген тауарлардың айналымын жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен дара кәсіпкерлері дербес айқындайтын мерзімде жүзеге асырылады, бірақ бұл мерзім тауарларды өндіру, буып-түю (қайтадан буып-түю), сақтау орындарынан тиеп-жөнелткен кезден немесе осындай тауарларды сатуға ұсынғаннан, соның ішінде оларды сату орнына шығарғаннан, олардың үлгілерін демонстрациялағаннан немесе комиссиялық сауданы қоса алғанда, сату орнында олар туралы ақпарат ұсынғаннан кешіктірілмеуге тиіс.
14. Тізбеге жаңадан енгізілген тауарлардың таңбалауға жататын қалдықтары туралы ақпаратты беру мерзімдері аумағында заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер қызметін жүзеге асыратын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.
Бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың айналымын жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен дара кәсіпкерлері өз мүше мемлекеттерінің құзыретті (уәкілетті) органдарына беретін деректердің құрылымы мен форматтарының сипаттамасы
1. Осы Сипаттама бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер өз мүше мемлекеттерінің құзыретті (уәкілетті) органдарына беретін деректердің (бұдан әрі – берілетін деректер) құрылымы мен форматтарына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Ұлттық компонентке берілетін деректердің форматы ұлттық заңнамада белгіленеді. Берілетін деректерді XML-форматында мынадай стандарттарға сәйкес форматтау ұсынылады:
"Extensible Markup Language (XML) 1.0 (Fouth Edition)" (http://www.w3.org/TR/REC-xml мекенжайы бойынша ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісінде жарияланған);
"Namespaces in XML" (://www.w3 .org/TR/REC-xml-names мекенжайы бойынша ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісінде жарияланған);
"XML Schema Part 1: Structures" және "XML Schema Part 2: Datatypes" (http://www.w3.org/TR/xmlschema-l/және http ://www.w3 .org/TR/xmlschema-2/ мекенжайлары бойынша ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісінде жарияланған).
3. Берілетін деректердің ұсынылатын құрылымы 1 және 2-кестелерде келтірілген.
4. 1 және 2-кестелерде мынадай ақ шеттер(графалар) қалыптастырылады:
"элементтің атауы" - элементтің реттік нөмірі, сәйкестендіргіші және оны қалыптасқан немесе ресми сөзбен белгілеу;
"элементтің сипаттамасы" - элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"ескертпе" - элементтің мақсатын нақтылайтын, оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерін сөзбен сипаттау;
"көп." - элементтердің көптігі (міндеттілігі (опционалдығы) және элементті ықтимал қайталаулар саны).
5. Берілетін деректер элементтерінің көпше түрін көрсету үшін мынадай белгілемелер пайдаланылады:
1 - элемент міндетті, қайталауға жол берілмейді;
п - элемент міндетті, n рет қайталануға тиіс (n > 1);
1.. * - элемент міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;
n..* - элемент міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс(n > 1);
n..m - элемент міндетті, кемінде n рет және m реттен көп емес қайталануға тиіс (n > 1, m> п);
0..1 - элемент опционалды, қайталауға жол берілмейді;
0..* - элемент опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;
0..m - элемент опционалды, m реттен көп емес пайдаланылуы мүмкін
(m > 1).
6. "Берілетін ақпарат типінің коды" элементінің мәніне байланысты мәліметтерді көрсету міндеттілігі туралы ақпарат (1-кесте, 3.1-тармақ) 3-кестеде келтірілген.
1-кесте. | |||
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көп. |
1. Салық төлеушінің нөмірі | салық төлеушінің – бақылау (сәйкестендіру) белгісіне тапсырыс беруші ұйымның нөмірі (бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың айналымын (тауарларды айналымнан шығаруды) жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы мәліметтердің құрамында) | элемент бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың айналымын (тауарларды айналымнан шығаруды) жүзеге асыратын және осындай белгілерді дайындауға тапсырыс беруші ұйым болып табылатын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер үшін салық төлеушінің нөмірін көрсетуге арналған (Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі, Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі, Қазақстан Республикасы үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі) | |
2. Мәліметтерді қалыптастыру күні мен уақыты | мәліметтерді қалыптастыру күні мен уақыты | мәліметтерді қалыптастыру күні мен уақыты көрсетіледі | |
3. Тауарлар туралы мәліметтер | бақылау (сәйкестендіру) белгілері салынған тауарлар туралы мәліметтер | элементте бақылау (сәйкестендіру) белгілері салынған тауарлар туралы мәліметтер көрсетіледі | |
3.1 Ұсынылатын ақпарат типінің коды | ұсынылатын ақпарат типінің кодтық белгілемесі |
ықтимал мәндері: | 1 |
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көп. | ||
3.2 Экспорттаушы ел коды | Трансшекаралық сауда кезінде тауарды экспорттаған мүше мемлекеттің коды | элементте трансшекаралық сауда кезінде тауарды экспорттаған мүше мемлекеттің коды көрсетіледі | 0..1 | ||
3.3 Тауарға арналған декларацияның тіркеу нөмірі | тауарға арналған декларацияның тіркеу нөмірі | элементте Одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларға арналған декларациялар туралы мәліметтер көрсетіледі | 0..1 | ||
3.4 Тауарлар мен пайдаланылған бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы мәліметтер | тауарлар мен пайдаланылған бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы мәліметтер | элементте тауарлар мен пайдаланылған бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы мәліметтер көрсетіледі | 1..* | ||
3.4.1 Тауарларға арналған декларациядағы тауардың реттік нөмірі | тауарларға арналған декларациядағы тауардың реттік нөмірі | элементте Одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар үшін тауарларға арналған декларациядағы тауардың реттік нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі | 0..1 | ||
3.4.2 ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың 10 таңбалы коды | элементте ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың 10 таңбалы коды көрсетіледі | 0..1 | ||
3.4.3 Тауар бірлігі туралы мәліметтер | бақылау (сәйкестендіру) белгісі салынған тауар бірлігі туралы мәліметтер | 1..* | |||
3.4.3.1. Ақпараттық ресурсқа берілетін тауар туралы мәліметтер | бақылауға жататын тауарлар туралы анық деректерді есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін ақпараттық ресурсқа берілетін тауар туралы мәліметтер | элементте бақылауға жататын тауарлар туралы анық деректерді есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін ақпараттық ресурсқа берілетін тауар туралы мәліметтер айқындалады, элементтің құрылымы 2-кестеде келтірілген | 0..1 |
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көп. | |||
3.4.3.2. Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің радиожиілікті таңба чипінің сәйкестендіргіші | есептеудің он алтылық жүйесіндегі бақылау (сәйкестендіру) белгісінің радиожиілікті таңба чипінің бірегей сәйкестендіргіші (радиожиілікті таңбаның TID нөмірі) | 0..1 | ||||
3.4.3.3. Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргіші | визуальды көрсетілетін бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргіші | шаблон: [A-Z] {2}[-] {1}[A-Z0-9] {6} [-] {1} [A-Z0-9] {10} | 1 | |||
3.4.3.4. Бүлінген (жойылған) бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргіші | визуальды көрсетілетін бүлінген (жойылған) бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргіші (егер мүше мемлекеттің заңнамасында осы элемент бойынша ақпарат беру көзделген болса) | шаблон: [A-Z] {2} [-] {1}[A-Z0-9] {6} [-] {1} [A-Z0-9] {10} | 0..1 | |||
3.4.3.5. Сауда бірлігінің сериялық жаһандық нөмірі | SGTIN-96 стандартындағы сауда бірлігінің (тауардың, өнімнің) сериялық жаһандық нөмірі | барынша ұзындығы: 100 | 0..1 | |||
3.3.3.6. Тауарды айналымға шығару тәсілі | тауарды айналымға шығару тәсілі |
ықтимал мәндері: | 0..1 | |||
3.3.3.7. Тауарды айналымнан шығару тәсілі | тауарды айналымнан шығару тәсілінің кодтық белгілемесі (бөлшек сауда кезінде) |
ықтимал мәндері: | 0..1 | |||
3.4.3.8. Тауарды айналымнан шығару күні | тауарды айналымнан шығару күні (бөлшек сауда кезінде) | элементте тауарды айналымнан шығару күні туралы мәліметтер қамтылады | 0..1 | |||
3.4.3.9. Тауардың сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттар туралы мәліметтер (осындай құжаттар бойынша шығарылатын тауар үшін) |
тауардың сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін мүше мемлекеттердің нормативтік құжаттары туралы мәліметтер (осындай нормативтік құжаттар бойынша шығарылатын тауар үшін) | элементте тауардың сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттар туралы мәліметтер қамтылады (осындай нормативтік құжаттар бойынша шығарылатын тауар үшін) | 0..* | |||
3.4.3.10. Тауардың қайтарылуын растайтын құжаттар туралы мәліметтер | қайтаруды растайтын құжаттардың деректемелері туралы мәліметтер | элементте қайтаруды растайтын құжаттардың деректемелері туралы мәліметтер қамтылады | 0..* | |||
3.4.3.11. Тауардың жойылуын растайтын құжат туралы мәліметтер | тауардың жойылуын растайтын құжаттың деректемелері туралы мәліметтер | элементте тауардың жойылуын растайтын құжаттың деректемелері туралы мәліметтер қамтылады | 0..* |
2-кесте |
Бақылауға жататын тауарлар туралы анық деректерді есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін ақпараттық ресурсқа берілетін деректер элементінің құрылымы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көп. | ||
1. Ақпараттық ресурсқа берілетін тауар туралы мәліметтер | бақылауға жататын тауарлар туралы анық деректерді есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін ақпараттық ресурсқа берілетін тауар туралы мәліметтер | элемент бақылауға жататын тауарлар туралы анық деректерді есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін ақпараттық ресурсқа берілетін тауар туралы мәліметтерді айқындайды | |||
1.1. Global Trade Item Number сәйкестендіргіші | сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі – цифрлық мәні | тауар бірлігін бірегей сәйкестендіру үшін пайдаланылады | 0..1 | ||
1.2. Тауар өндірушінің атауы | тауар өндірушінің атауы | 0..1 | |||
1.3. GLN тауар өндіруші | тауар өндірушінің GLN коды | - | 0..1 | ||
1.4. Тауардың атауы | тауардың атауы | - | 0..1 | ||
1.5. Тауардың әртүрлілігі | тауар жасалған материалдың атауы және тауардың өзге де ерекше белгілері (түсі, мөлшері, моделі және т.б.) | ораманың бет жағында орналасатын ақпарат та көрсетіледі | 0..1 | ||
1.6. Тауардың шығарылған елі | тауардың шығарылған елі туралы мәліметтер | тауардың шығарылған елі туралы мәліметтер | 0..1 | ||
1.7. Өлшем бірлігі | тауар санының өлшем бірлігі | элементте тауардың өлшем бірлігінің коды (кодтық белгілеме) туралы мәліметтер қамтылады | 0..1 | ||
1.8. Тауардың бейнесі | тауардың фотографиялық бейнесі | элементте тауардың фотографиялық бейнесі қамтылады | 0..* |
Деректер элементінің атауы | Берілетін ақпараттың типі | ||||||
Одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар; | трансшекаралық сауда шеңберінде сатып алынған тауарлар | бақылау (сәйкестендіру) белгілері салынған тауар қалдықтары | тауарлардың комиссиялық саудасы | сатып алушылар қайтарған тауарлар* | Бөлшек сауда шеңберінде өткізілген (сатылған) немесе қандай да бір себептермен жойылған (жоғалған) тауарлар* | ||
тиісті сападағы тауарды қайтару (айырбастау) үшін мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мерзім ішінде тауар қайтарылған және бақылау белгісінің тұтастығы сақталған | бақылау (сәйкестендіру) белгісі бүлінген немесе жойылған болса және (немесе) тауарды қайтару (айырбастау) тиісті сападағы тауарды қайтару (айырбастау) үшін мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалғаннан аспайтын мерзімде жүргізілген болса | ||||||
Салық төлеушінің нөмірі |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
Мәліметтерді қалыптастыру күні мен уақыты |
✓ | ||||||
Берілетін ақпарат типінің коды |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
Экспорттаушы ел коды |
✓ | ||||||
Тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі |
✓ |
✓ |
3-кесте. |
"Берілетін ақпарат типінің коды" элементінің мәніне байланысты мәліметтерді көрсету міндеттілігі туралы ақпарат
Деректер элементінің атауы | Берілетін ақпараттың типі | ||||||
Одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар; | трансшекаралық сауда шеңберінде сатып алынған тауарлар | бақылау (сәйкестендіру) белгілері салынған тауар қалдықтары | тауарлардың комиссиялық саудасы | сатып алушылар қайтарған тауарлар* | Бөлшек сауда шеңберінде өткізілген (сатылған) немесе қандай да бір себептермен жойылған (жоғалған) тауарлар* | ||
тиісті сападағы тауарды қайтару (айырбастау) үшін мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мерзім ішінде тауар қайтарылған және бақылау белгісінің тұтастығы сақталған | бақылау (сәйкестендіру) белгісі бүлінген немесе жойылған болса және (немесе) тауарды қайтару (айырбастау) тиісті сападағы тауарды қайтару (айырбастау) үшін мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалғаннан аспайтын мерзімде жүргізілген болса | ||||||
Тауарға арналған декларациядағы тауардың реттік нөмірі |
✓ |
✓ | |||||
ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды |
✓ | ✓ | |||||
Global Trade Item Number сәйкестендіргіші |
✓ | ✓ | |||||
Тауарды өндірушінің атауы |
✓ |
✓ | |||||
GLN тауар өндіруші |
✓ |
✓ | |||||
Тауардың атауы |
✓ |
✓ | У | ||||
Тауардың әртүрлілігі |
✓ |
✓ |
✓ |
Деректер элементінің атауы | Берілетін ақпараттың типі | ||||||
Одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар; | трансшекаралық сауда шеңберінде сатып алынған тауарлар | бақылау (сәйкестендіру) белгілері салынған тауар қалдықтары | тауарлардың комиссиялық саудасы | сатып алушылар қайтарған тауарлар* | Бөлшек сауда шеңберінде өткізілген (сатылған) немесе қандай да бір себептермен жойылған (жоғалған) тауарлар* | ||
тиісті сападағы тауарды қайтару (айырбастау) үшін мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мерзім ішінде тауар қайтарылған және бақылау белгісінің тұтастығы сақталған | бақылау (сәйкестендіру) белгісі бүлінген немесе жойылған болса және (немесе) тауарды қайтару (айырбастау) тиісті сападағы тауарды қайтару (айырбастау) үшін мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалғаннан аспайтын мерзімде жүргізілген болса | ||||||
Тауардың шығарылған елі |
✓ |
✓ | |||||
Өлшем бірлігі |
✓ |
✓ |
✓ | ||||
Тауардың бейнесі |
✓* |
✓* |
✓* | ||||
Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің радиожиілікті таңба чипінің сәйкестендіргіші |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргіші |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
Бүлінген (жойылған) бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сәйкестендіргіші |
✓ |
Деректер элементінің атауы | Берілетін ақпараттың типі | ||||||
Одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар; | трансшекаралық сауда шеңберінде сатып алынған тауарлар | бақылау (сәйкестендіру) белгілері салынған тауар қалдықтары | тауарлардың комиссиялық саудасы | сатып алушылар қайтарған тауарлар* | Бөлшек сауда шеңберінде өткізілген (сатылған) немесе қандай да бір себептермен жойылған (жоғалған) тауарлар* | ||
тиісті сападағы тауарды қайтару (айырбастау) үшін мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мерзім ішінде тауар қайтарылған және бақылау белгісінің тұтастығы сақталған | бақылау (сәйкестендіру) белгісі бүлінген немесе жойылған болса және (немесе) тауарды қайтару (айырбастау) тиісті сападағы тауарды қайтару (айырбастау) үшін мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалғаннан аспайтын мерзімде жүргізілген болса | ||||||
Сауда бірлігінің сериялық жаһандық нөмірі |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
✓ |
Тауарды айналымға шығару тәсілі |
✓ |
✓ | |||||
Тауарды айналымнан шығару тәсілі |
✓ | ||||||
Тауарды айналымнан шығару күні |
✓ | ||||||
Тауардың сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттар туралы мәліметтер |
✓ |
✓ | |||||
Тауардың қайтарылуын растайтын құжаттар туралы мәліметтер |
✓ |
✓ | |||||
Тауардың жойылуын растайтын құжаттар туралы мәліметтер |
✓ |
* егер осындай ақпарат беру мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса