Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы немесе Кеңесі шешім қабылдар алдында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында Бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитет шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы консультациялар жүргізуге міндетті мәселелер туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 14 өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы Ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 25-тармағына сәйкес:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы немесе Кеңесі шешім қабылдар алдында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында Бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитет шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мынадай мәселелер:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерін жарақтандыру кезінде инфрақұрылымды дамыту және жаңа технологиялар енгізу;

      б)      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерін материалдық-техникалық жарақтандыруға және абаттандыруға қойылатын талаптарды айқындау;

      в)      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерін сыныптау (мамандандыру);

      г)      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік бақылауды жетілдіру, оның ішінде "бірыңғай терезе" тетігін пайдалана отырып жетілдіру бойынша міндетті түрде консультациялар жүргізсін.

      2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
В.Габриелян В.Матюшевский Б.Сағынтаев И.Шувалов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады