Еуразиялық экономикалық одақтың Корея Республикасымен сауда-экономикалық қатынастарын дамыту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 18 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың Корея Республикасымен сауда-экономикалық қатынастарын одан әрі дамыту тәсілдемелерін айқындау мақсатында, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен байланысты қызметті, оны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Корея Республикасы сарапшыларының және ғылыми топ өкілдерінің қатысуымен өткізу қажеттігін еске ала отырып, ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп Корея Республикасымен сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту бағыттары туралы бейресми консультациялар өткізсін және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысында аталған консультациялардың нәтижелері туралы баяндасын.

      3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
В.Габриелян В.Матюшевский Б.Сағынтаев И.Шувалов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады