Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстан Республикасының қосылуымен байланысты мәселелер туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 19 өкімі


      1. Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстан Республикасының қосылуымен байланысты мәселелерді қарау жөнінде жоғары деңгейдегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстан Республикасының қосылуымен байланысты мәселелерді қарау жөнінде жоғары деңгейдегі жұмыс тобының ұсынылып отырған құрамы бекітілсін.

      3. Жұмыс тобына Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде Қазақстан Республикасының міндеттемелерін имплементациялау бойынша Одаққа мүше мемлекеттердің(бұдан әрі – мүше мемлекеттердің) экономикасына және бірыңғай тауарлар нарығының жұмыс істеуі үшін тәуекелдің барынша аз болуын қамтамасыз ету жөнінде Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) тиісті халықаралық шарттары мен актілерінің жобаларымен бірге шаралар кешенін, оның ішінде:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажы мөлшерлемесінен жекелеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде олар бойынша неғұрлым төмен кедендік әкелу баж мөлшерлемелерін қолдану үшін құқықтық негізді айқындауды;

      б) осындай тауарларды басқа мүше мемлекеттердің аумағына тасымалдау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі мөлшерлемесінің деңгейіне дейін кедендік қосымша ақы төлеу тетігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тауарларды осындай қосымша төлемдерсіз тасымалдауға жол бермеу шараларын қоса алғанда, Одақтың кедендік аумағында тиісті тауарлар айналымының ерекше режимін қалыптастыруды;

      в) тәуекелі жоғары тауарларға (оның ішінде ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарларына (тиісті ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып); автомобиль көліктері құралдарына; қантқа; тоқыма өнімдеріне, аяқкиімдерге, тұрмыстық техникаларға (оларды таңбалауды қоса алғанда); дәрі-дәрмек заттары мен медициналық бұйымдарға) қатысты арнайы әкімшілендіру шараларын әзірлеуді;

      г) өзара сауданың статистикалық есебі мен мониторингін қамтамасыз етудің қосымша шараларын, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағындағы тауарлар айналымының шарттарын сақтау жөніндегі бақылау шараларын қабылдауды;

      д) мүше мемлекеттердің кеден және салық органдарының өзара іс-қимылын, оның ішінде тиісті ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шараларды ескере отырып, шаралар кешенін ұсынсын.

            4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Қазақстан Республикасының мүше мемлекеттердің экономикасы мен бюджеттері және бірыңғай тауарлар нарығының жұмыс істеуі үшін Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінен алып қоюларды қолдану салдарын талдауға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізумен байланысты қызметтің ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
В.Габриелян В.Матюшевский Б.Сағынтаев В.Диль И.Шувалов



  Еуразиялықэкономикалық комиссия
Кеңесінің 2015 жылғы 21 тамыздағы
№19 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстан Республикасының қосылуына байланысты мәселелерді қарау жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының ҚҰРАМЫ

      Слепнев - Еуразиялық экономикалық комиссияның

      Андрей Александрович Сауда жөніндегі Алқа мүшесі

      (Министр) (жұмыс тобының жетекшісі)


      Армения Республикасынан


      Арутюнян - Армения Республикасы Ауыл шаруашылығы

      Армен министрінің орынбасары


      Давтян - Армения Республикасы Тамақ өнімдері

      Лусине қауіпсіздігі мемлекеттік қызметі

      басшысының орынбасары


      Караян - Армения Республикасы Халықаралық

      Сурен Гамлетович интеграция және реформа министрінің

      бірінші орынбасары


      Мелконян - Армения Республикасы Экономика

      Гарегин Мкртычевич министрінің бірінші орынбасары


      Сагоян - Армения Республикасы

      Геворк Қаржы министрлігінің басқарма бастығы

      Беларусь Республикасынан


Гаевский
Игорь Владимирович

- Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер

Гурьянов
Александр Евгеньевич

- Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

Каменко
Василий Борисович

Беларусь Республикасы Салық және алымдар жөніндегі министрінің орынбасары
 

Кийко
Дмитрий Николаевич

Беларусь РеспубликасыҚаржы министрінің орынбасары

Кудасов
Антон Эдмундович

- Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары

Куцко
Александр Иванович

Беларусь Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі Ветеринария және азық-түлік қадағалау департаменті директорының бірінші орынбасары

Назаренко
Виктор Владимирович

Беларусь Республикасы Стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы
 

Полудень
Сергей Анатольевич

- Беларусь Республикасы Мемлекеттік Кеден комитеті төрағасының орынбасары

Соболев
Роман Валерьевич

- Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық қызмет департаменті директорының орынбасары

Тушинский Игорь Геронинович

- Беларусь Республикасы Әділет министрінің орынбасары


Қазақстан Республикасынан

Жақсылықов Тимур Мекешұлы

- ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық
экономика вице-министрі

Көшербаев Ермек Беделбайұлы

- ҚазақстанРеспубликасы Ауыл
шаруашылығы вице-министрі

Рау Альберт Павлович

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму вице-министрі

Теңгебаев Ардақ Мырзабайұлы

- Қазақстан Республикасы Қаржы
вице-министрі









Ресей Федерациясынан

Давыдов Руслан Валентинович

- Федералдық кеден қызметі
басшысының орынбасары

Евтухов Виктор Леонидович

- Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары, статс-хатшысы

Левин Сергей Львович
 
Лихачев
Алексей Евгеньевич
 

- Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары
- Ресей Федерациясы
Экономикалық даму министрінің бірінші орынбасары
 

ЛихачевАлексей Евгеньевич

- РесейФедерациясыэкономикалық даму министрініңбіріншіорынбасары

Непоклонов Евгений Анатольевич

- Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералдық қызмет басшысының орынбасары

Қырғыз Республикасынан


Азимов АлмазбекҚұрбаналыұлы

- Қырғыз Республикасы Қаржы
министрінің орынбасары

Жақыпов Қылышбек Жұмаділұлы

- Қырғыз Республикасы
Экономика министрінің
орынбасары

Сулайманов Азамат Талапбекович
 

- Қырғыз Республикасы Үкіметі
жанындағы Мемлекеттік кеден
қызметі төрағасының бірінші
орынбасары




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады