2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, 2015 жылғы 1 қазанға дейін мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуды, белгілі бір ықтимал өнім берушілерден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін белгілеуі туралы және ұлттық режимнен алулар туралы актілерді және мүше мемлекеттердің осындай актілердің күшін жою мәселелері бойынша өтініштерін қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің хабарламаларын Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауы, сондай-ақ Комиссияның осындай актілердің күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылдауы және оны Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына 2015 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей енгізуі тәртібінің жобасын дайындауды аяқтасын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі 2015 жылғы 1 қазанға дейін 1-тармақта көрсетілген Тәртіпті бекітсін.
3. Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы осы Шешімнің 1-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 30 қазандағы № 81 шешімін қайта қарасын. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге қосымша консультация жүргізуге ұсыным жасалсын.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия кезекті отырыста Еуразиялық үкіметаралық кеңеске жасалған жұмыс туралы баяндасын.
5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей |