Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық және валюта-қаржы саясаты салаларындағы ынтымақтастығын тереңдету туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 9 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық және валюта-қаржы саясаты салаларындағы ынтымақтастығын тереңдетудің орындылығы және осындай ынтымақтастықтың бағыттары туралы баяндамасы назарға алынып:

      1. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қаржылық тұрақтылық пен экономикалық өсуді қамтамасыз етудің тәсілдерін талқылау, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық және валюта-қаржы саясаты салаларындағы ынтымақтастығын тереңдету мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономика министрліктері, қаржы министрліктері, орталық (ұлттық) банктері басшыларының Еуразиялық экономикалық комиссияның қатысуымен кеңесін өткізу туралы ұсыныс мақұлдансын.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономика министрліктері, қаржы министрліктері, орталық (ұлттық) банктері басшыларының қатысуын қамтамасыз етсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен, орталық (ұлттық) банктерімен бірлесіп, 2015 жылдың ІV тоқсанында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі интеграциялық шаралар туралы баяндаманы ұсынсын.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады