Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын жасауды және пайдалануды ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 10 Өкімі

      1.  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын жасауды және пайдалануды ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралардың қоса беріліп отырған жоспары бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Армения Республикасының Үкіметімен, Беларусь Республикасының Үкіметімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Ресей Федерациясының Үкіметімен бірлесіп, осы өкіммен бекітілген жоспарда көзделген іс-шараларды, саланы дамытудың ұлттық басымдықтарына сәйкес келетін бөлігінде іске асыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Ресей Федерациясынан


  Еуразиялық үкіметаралық
кеңестің 2015 жылғы
29 мамырдағы № 10 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын жасауды және пайдалануды ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар
ЖОСПАРЫ

Іс-шараның атауы

Іске асыру нысаны

Орындау мерзімі

Орындаушы

I. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын, олардың базалық құрамдастарын, сондай-ақ зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін жасауды ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын, олардың базалық құрамдастарын, сондай-ақ зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін жасауды қолдау шаралары жүйесін әзірлеу, бұл шараларда, атап айтқанда, мыналар көзделеді:

мүше мемлекеттердің актілері

2016 жыл

мүше мемлекеттер

Кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын, олардың базалық құрамдастарын, оларды жасауға арналған жабдықтарды әзірлеуге және жасауға арналған, сондай-ақ осындай көлік құралдары мен оларға қызмет көрсету үшін зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған гранттарды беру

электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын, олардың базалық құрамдастарын, сондай-ақ зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін жасауды дамытуға арналған инвестицияларды тарту тетігін әзірлеу







электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын, олардың базалық құрамдастарын, сондай-ақ зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін жасауды ынталандырудың басқа да қаржылық және қаржылық емес тетіктері




2. Мүше мемлекеттерде жасалмайтын электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын, олардың базалық құрамдастарын және зарядтау мен сервистік инфрақұрылым объектілерін жасауға арналған, әкелінетін жиынтықтаушыларға кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерін төмендету

Мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде Комиссияның шешімі

2015 – 2016 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер

3. Электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарының жасалған үлгілерін сынамалау бойынша мүше мемлекеттерде бар машина сынау станцияларының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу

Комиссия ұсынымы

2016 жыл

Комиссия, мүше мемлекеттер

II. Мүше мемлекеттерде электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын пайдалануды ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

4. Мүше мемлекеттерде электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын пайдалануды ынталандыру жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу, онда, атап айтқанда мыналар көзделеді:

электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарының иелеріне зарядтау құрылғыларымен жарақталған тегін тұрақ орындарын пайдалану құқығын беру

мүше мемлекеттердің актілері

2016 – 2017 жылдар

мүше мемлекеттер

электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарына арналған ақылы автомобиль жолдары бойынша тегін жүру құқығын беру




электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарына қоғамдық көлікке арналған жолақ арқылы жүріп өту құқығын беру автожанармай құю станцияларын, сондай-ақ пайдалануға берілетін қоғамдық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарына арналған зарядтау құрылғыларымен жабдықтау




пайдаланылған тартқыш батареяларды жинау, сақтау және кәдеге жарату бойынша инфрақұрылымды дамыту электр қозғалтқыштары бармоторлы көлік құралдарын лизингке беру




5. Өз аумағына электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарына арналған зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін орналастыратын ұйымдар үшін жеңілдіктер жүйесін әзірлеу

мүше мемлекеттердің актілері

2016 жыл

мүше мемлекеттер

6. Электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарына арналған зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін салу, сондай-ақ оларды электр желілеріне қосу кезінде рұқсат беру құжаттамасын ресімдеудің оңайлатылған тәртібін әзірлеу

Комиссия ұсынымы

2016 жыл

Комиссия, мүше мемлекеттер

7.  Электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарына сұранысты ынталандыруға бағытталған ақпараттық жобаларды әзірлеу және оларды мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайттарына орналастыру

Комиссия ұсынымы

2015 – 2017 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады