Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VI томына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 3 ақпандағы № 6 ұсынымы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным ресми жарияланған күнінен бастап:

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) қосымшаға сәйкес өзгерістерді ескере отырып, қолдануға ұсыным жасайды.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 6 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VI томына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      69-топта:


ЕАЭО СЭҚ ТН 6908 90 110 0 кіші қосалқы позицияға түсіндірмелердегі "шпальтплаттен" типтегі қосарлы плитканың бейнесі бөлінгеннен кейін былайша өзгертілсін:

      ЕАЭО СЭҚ ТН 6912 00 500 0 кіші қосалқы позицияға түсіндірмелерде үшінші абзацтағы "5 мас.% немесе одан кем" деген сөздер "5 мас.% немесе одан астам" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады