Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VI томына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 13 ұсынымы.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне зымыран-ғарыш өнеркәсібіне арналған жабдықтардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 22 шешімі күшіне енген күннен бастап:

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) мынадай:

      "VI томның 84-тобындағы ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "845710 100 1-8457 10 900 8" кодтары ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "8457 10 100 1 - 8457 10 900 9" кодтарымен және ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "8460 21 110 0 – 8460 29 900 0" кодтары ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "8460 21 110 0 – 8460 29 900 9" кодтарымен ауыстырылсын" өзгерістерді ескере отырып, қолдануға ұсыным жасайды.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады