2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы
Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағын іске асыру және 2.9-бөлімдегі тауарлар тізбесіне енгізілген, оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 2 шешіміне қосымша) рұқсат тәртібі белгіленген асыл тастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларын анықтаудың және келісудің бірыңғай тәртібін белгілеу мақсатында,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 6 қазандағы № 131 шешімі күшіне енген күннен бастап:
Қосымшаға сәйкес асыл тастарды қайта өңдеу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген және осындай аумақтан әкеткен кезде, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің асыл тастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларын анықтаудың және келісудің тәртібін регламенттейтін актілерін қалыптастыру кезінде асыл тастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларын анықтау және келісу әдістемесін басшылыққа алуға ұсыным жасайды.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
А. Слепнев |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 25 ұсынымына ҚОСЫМША |
Асыл тастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларын анықтау және келісу ӘДІСТЕМЕСІ
1. Осы Әдістеме Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 2 қосымша) (бұдан әрі – өнімдерді өңдеу) рұқсат тәртібі белгіленген, 2.9 бөлімдегі тауарлар тізбесіне енгізілген асыл тастарды, соның ішінде табиғи алмастарды кедендік аумақта қайта өңдеуге, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеуге орналастырған кезде және дара кәсіпкер ретінде тіркелген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес (бұдан әрі – тиісінше өтініш берушілер, мүше мемлекет, Одақ) гауһарды дайындау мақсатында асыл тастарды, соның ішінде табиғи алмастарды бағалауды жүзеге асыруға құқығы бар жеке және заңды тұлғалардың ішкі тұтынуы үшін өңдеу кезінде асыл тастарды, соның ішінде табиғи алмастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларын анықтауға және келісуге арналған.
2. Қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларын анықтау мақсатында өтініш берушілер:
а) гауһарларды дайындауда өндірістік процестің технологиялық кестесін және табиғи алмастардың сыртқы сауда-саттық шарты (бұдан әрі - келісімшарт) тарапынан гауһарды дайындаудың техникалық талаптарын (стандарттарын) келіседі;
б) табиғи алмастарды (кіші топтардың және (немесе) осындай гауһардың топтар жиынтығының өлшем-салмағы бойынша) қайта өңдеу процесінде шарттың (келісімшарттың) құрамдас бөлігі болып табылатын сипаттамасында көрсетілген сұрыпталымдарға сәйкес гауһарды дайындаудың болжамын жасайды;
в) қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларын есептейді.
3. Толық номенклатураға сәйкес сортталған қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларының есебі Одақтың кедендік аумағына табиғи алмастарды әкелудің және осындай аумақтардан әкетудің (бұдан әрі – табиғи алмастарды әкелудің (әкетудің) сыныптау белгілерінің белгілі бір мөлшерде үйлесімін сипаттайтын және өлшемдік-салмақтық осындай позицияға сәйкес келетін әрбір позиция бойынша жүзеге асырылады.
Ірілендірілген номенклатураға сәйкес сортталған қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларының есебі табиғи алмастарды әкелудің (әкетудің) белгілі бір топтық белгілерін сипаттайтын және өлшемдік-салмақтық топтағы осындай позицияға сәйкес келетін әрбір ірілендірілген позиция бойынша жүзеге асырылады.
4. Қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларын есептеу үшін мынадай құжаттар мен мәліметтер:
а) мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген нормативтік құжаттар;
б) гауһарды дайындаудың технологиялық процесінің сипаттамасы;
в) пайдаланылатын өндірістік жабдықтардың тізбесі;
г) мәлімдеушінің табиғи алмастарды өз өндірісінде номенклатура позицияларына (толық немесе ірілендірілген) және әкелінген (әкетілген) табиғи алмастардың осындай өлшемдік-салмақтық позицияларына сәйкес келетін гауһарға қайта өңдеу жөніндегі статистикалық деректері пайдаланылады.
5. Табиғи алмастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларының есебі гауһарды дайындау болжамына қарай (өлшемдік-салмақтық болжам бойынша кіші топтарға және (немесе) осындай гауһардың жиынтық топтарына) № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады және:
а) мәлімдеушінің табиғи алмастарды өз өндірісінде қайта өңдеу жөніндегі статистикалық деректері негізінде қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларының (әрбір өлшемдік-салмақтық кіші топ және (немесе) осындай қайта өңделетін өнімдердің жиынтық тобы бойынша) ең төмен, ең жоғары немесе орташа мәнін айқындауды қамтиды.Қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормасының мәні (пайызбен) гауһар жиынтығының аталған статистикалық деректерінің негізінде тиісті табиғи алмастардың жиынтық мәніне есептелген мәніне қатысы ретінде (әрбір өлшемдік-салмақтық кіші топ және (немесе) осындай гауһарлардың жиынтық тобы бойынша) айқындалады;
б) қайта өңдеуден алынатын өнімдердің ең төмен, ең жоғары немесе орташа мәнін (каратпен) (әкелінетін (әкетілетін) табиғи алмастардың әрбір позициясы және осындай алмастардың осындай өлшемдік-салмақтық осындай позициясына сәйкес келетін) айқындауды (әрбір өлшемдік-салмақтық кіші топ және (немесе) өнімдердің қайта өңделетін осындай жиынтық тобы бойынша) қамтиды. Қайта өңдеуден алынатын өнімдердің ең төмен, ең жоғары және орташа мәні (әрбір өлшемдік-салмақтық кіші топ және (немесе) өнімдердің қайта өңделетін осындай жиынтық тобы бойынша қайта өңдеу өнімдерінің түсімі нормасының осы тармақтың "а" тармақшасына және тиісті табиғи алмастардың мәніне сәйкес есептелген тиісті көрсеткішінің (пайызбен) туынды мәні ретінде айқындалады;
в) қайта өңдеуден алынатын өнімдердің қорытынды орташа (әкелінетін (әкетілетін) табиғи алмастардың әрбір позициясы және осындай алмастардың осындай өлшемдік-салмақтық осындай позициясына сәйкес келетін) мәнін (каратпен) айқындауды қамтиды. Қайта өңдеуден алынатын өнімдердің қорытынды орташа мәні осы тармақтың "а" тармақшасына сәйкес есептелген, қайта өңделетін барлық өнімдер жиынтығының орташа мәнінің жиынтығы ретінде айқындалады;
г) қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормасының қорытынды орташа (әкелінетін (әкетілетін) табиғи алмастардың әрбір позициясы және осындай алмастардың осындай өлшемдік-салмақтық осындай позициясына сәйкес келетін) мәнін (пайызбен) айқындауды қамтиды. Қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормасының қорытынды орташа мәні осы тармақтың "а" тармақшасына сәйкес есептелген, қайта өңделетін өнімдердің түсімі нормасының барлық өнімдер жиынтығының (пайызбен) орташа мәнінің жиынтығы ретінде айқындалады;
д) қайта өңдеуден алынатын өнімдердің ең төмен, ең жоғары немесе орташа мәнін (әрбір өлшемдік-салмақтық кіші топ және (немесе) өнімдердің қайта өңделетін осындай жиынтық тобы бойынша) (әкелінетін (әкетілетін) табиғи алмастардың әрбір тобы бойынша және олардың өлшемдік-салмақтық тобына сәйкес келетін) айқындауды қамтиды. Қайта өңдеуден алынатын өнімдердің ең төмен, ең жоғары және орташа мәні (әрбір өлшемдік-салмақтық кіші топ және (немесе) өнімдердің қайта өңделетін осындай жиынтық тобы бойынша) өңдеуден алынатын өнімдердің осы тармақтың "б" тармақшасына сәйкес есептелген, барлық тиісті мәнінің жиынтығы ретінде айқындалады;
е) қайта өңдеуден алынатын өнімдер жиынтығының қорытынды орташа мәнін айқындауды қамтиды. Қайта өңдеуден алынатын өнімдер жиынтығының қорытынды орташа мәні қайта өңделетін өнімдердің осы тармақтың "б" тармақшасына сәйкес есептелген, барлық орташа мәнінің жиынтығы ретінде айқындалады.
6. Шарт (келісімшарт) бойынша қайта өңдеуден алынатын табиғи алмастың түсімі нормасының есебі № 2 қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша жүзеге асырылады және мыналарды:
а) қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормасының орташа мәнін (пайыз бойынша) айқындауды қамтиды. Қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормасының орташа мәні шартта (келісімшартта) мәлімделген тиісті табиғи алмас жиынтығының мәніне сәйкес осы Тәртіптің 5-тармағына қарай есептелген, қайта өңделетін өнімдердің қорытындыға қатысты пайызы ретінде айқындалады.
б) қайта өңдеуден алынатын өнімдер массасының түсімі нормасының ең төмен немесе ең жоғары мәнін (пайыз бойынша) айқындауды қамтиды. Қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі жиынтығының ең төмен немесе ең жоғары мәні осы тармақтың "а" тармақшасына сәйкес есептелген, табиғи алмасты ақаулығы (сапасы) мен түсінің нысаны бойынша аралас позицияда ұстау негіздемесі әрі кеткенде 5 кішірейтілген (ұлғайтылған) пайыздан аспайтын қайта өңделетін өнімдердің қорытынды орташа мәні ретінде айқындалады.
в) қайта өңдеуден алынатын өнімдер массасының түсімі нормасының ең төмен мәнін (карат бойынша) айқындауды қамтиды. Қайта өңделетін өнімдер массасының түсімінің ең төмен мәні әкелінетін (әкетілетін) табиғи алмастардың туынды мәні және осы тармақтың "б" тармақшасына сәйкес есептелген қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормасының ең төмен мәні ретінде айқындалады;
г) қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормасының жиынтық мәнін (карат бойынша) айқындауды қамтиды. Қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі жиынтығының ең жоғары мәні осы тармақтың"б" тармақшасына сәйкес есептелген қайта өңделетін өнімдердің түсімі нормасының ең жоғары мәні ретінде айқындалады.
7. Табиғи алмастарды гауһарға қайта өңдеу нәтижесінде құралатын қалдықтар жиынтығының санын есептеу осы Тәртіптің № 2 қосымшасында көзделген 2-нысан бойынша жүзеге асырылады және мыналарды:
а) қалдықтар санының ең төмен немесе ең жоғары статистикалық коэффициентін (пайыз бойынша) айқындауды қамтиды. Қалдықтар санын гауһарға айналдырудың ең төмен немесе ең жоғары статистикалық коэффициенті мәлімдеушінің табиғи алмастарды өз өндірісінде гауһар тастарға қайта өңдеу жөніндегі статистикалық деректері негіздемесіне қарай, қалдықтар санының ең төмен және ең жоғары мәнінің қайта өңделген табиғи алмастардың жиынтық мәніне қатынасы ретінде айқындалады.
б) қалдықтар санының ең төмен немесе ең жоғары статистикалық коэффициентін (пайыз бойынша) айқындауды қамтиды.Табиғи алмастар қалдықтары санының ең төмен немесе ең жоғары мәні әкелінетін (әкетілетін) табиғи алмастар жиынтығының туынды мәніне және осы тармақтың "а" тармақшасына сәйкес есептелген қалдықтар санының статистикалық коэффициентіне қатынасы ретінде айқындалады.
8. Қайта өңдеуден алынатын өнімдер жиынтығының ең төмен немесе ең жоғары мәні және табиғи алмас қалдықтарының саны Одақтың кедендік аумағына әкелінетін және сондай аумақтардан әкетілетін табиғи алмастардың қайта өңделетін өнімдері тізбесінде № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
9. Қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларымен келісу үшін мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормасымен келісуге уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті органға (ұйымға) мынадай құжаттар мен мәліметтер:
а) мәлімделген кедендік рәсімдердің түрі, мәлімдеуші туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін – ұйымдық-құқықтық нысан, орналасқан мекен жайы мен тұрған орны, банктегі есеп шотының деректемелері, электронды поштасының мекенжайы (болса), телефоны мен факс нөмірі, ал жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін – тіркелген мекенжайы, банктегі есеп шотының деректемелері, электронды поштасының (болса) телефоны мен факсының нөмірі), сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық кестесінің талаптары ескеріле отырып,экспортқа шығарылатын табиғи алмастар тобының құрамында қарулы қақтығыстар аймағында өндірілген табиғи алмастың ("шиеленісті алмастың") жоқ екендігі туралы мәліметтер көрсетілген хат;
б) мәлімдеушінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
в) арнайы есепке тұрғызылғаны туралы құжаттың көшірмесі немесе мәлімдеушінің мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қызмет түріне берілген лицензиясының көшірмесі;
г) құжаттар мен мәліметтерге қол қою құқығын растайтын құжаттардың (жетекшіні, бас есепшіні тағайындау туралы бұйрықтар) көшірмелері;
д) сипаттамалық қосымшасымен бірге шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
е) мыналар:
мәлімдеушінің өз өндірісінің бірнеше технологиялық операцияларының қысқаша сипаттамасы;
мәлімдеушінің бірнеше технологиялық операциялар бойынша ұйымдағы станок паркі туралы мәліметтері;
мәлімдеушінің өндірісінде жұмыс істейтін қызметкерлер саны туралы мәліметтері қамтылған анықтама;
ж) мәлімдеушінің табиғи алмастарды (әкелінген (әкетілген) табиғи алмастардың әрбір позициясы және осындай гауһардың өлшемдік-салмақтық тобындағы осындай позицияға сәйкес келетін) мәлімдеушінің өндірісіндегі қайта өңдеу жөніндегі статистикалық деректері;
з) гауһарды дайындау болжамына сәйкес қайта өңделетін өнімдердің түсімі нормаларының есептері;
и) қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларының есептері;
к) табиғи алмастарды шарт (келісімшарт) бойынша пайдалану туралы № 4 қосымшаға сәйкес нысандағы анықтама;
л) құжаттар көшірмесінің қосымшасымен бірге, соның негізінде құралған № 5 қосымшаға сәйкес табиғи алмастарды (табиғи алмастарды сорттаған жағдайда) сорттау туралы анықтама;
м) егер келісу тауарларды қайта өңдеудің кедендік рәсіміне Одақтың кедендік аумағынан тыс орналастыру үшін жүзеге асырылатын болса, онда:
табиғи алмастарды сату-сатып алу шарттарының және шарт (келісімшарт) талаптарына сәйкес меншік құқығына көшуді растайтын құжаттардың;
өндіруші және қайта өңдеуші субъектілер мен өңдеуші ұйымдар, өңделмеген табиғи алмастарды басқа да жеткізушілер мен қайта өңдеуші ұйымдар арасында өңделмеген табиғи алмастарға қатысты жасалған мәмілелер актісінің;
резиденті мәлімдеуші болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілетті органдар (ұйымдар) берген өңделмеген табиғи алмастармен жасалған мәмілелердің есебі туралы хабарламалардың көшірмелері;
н) № 6 қосымшаға сәйкес Одақтың кеден аумағына әкелінген және осындай аумақтардан әкетілген табиғи алмастардың тізбесі (3 данада);
о) осы Тәртіптің № 3 қосымшасында көзделген, Одақтың кедендік аумағына әкелінген және осындай аумақтан әкетілген табиғи алмастар тізбесі (3 данада) ұсынылады.
10. Қайта өңдеуден алынатын асыл тастар өнімдерінің (табиғи алмастарды қоспағанда) түсімі нормаларының есебі өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық кестесінің талаптары ескерілместен, табиғи алмастар үшін көзделген тәртіппен жүргізіледі.
11. Қайта өңдеуден алынатын асыл тастар өнімдерінің түсімі нормаларын айқындаудың және келісудің нәтижелері бойынша уәкілетті орган (ұйым) мәлімдеушіге осы Әдістеменің 9-тармағының "м" және "н" тармақшаларында көрсетілген тізбені, сондай-ақ мәлімдеушінің асыл тастарды шектегенін растайтын хатты жібереді.
Асыл тастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдер түсімінің нормаларын анықтау және келісу әдістемесіне № 1 ҚОСЫМША |
Гауһарды дайындау болжамына сәйкес табиғи алмастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларын есептеу (осындай гауһардың мөлшерлік-салмақтық кіші топтары мен (немесе) жиынтық топтары бойынша) НЫСАНЫ
БЕКІТЕМІН | |
_____________________________ | |
(мәлімдеуші басшысының | |
лауазымдық атауы) | |
_____________________________ | |
(мәлімдеушінің атауы) | |
_____________________________ | |
(қолы) (Т.А.Ә) | |
" "_________________________ | |
20 ж | |
мөрдің орны |
Гауһарды дайындау болжамына сәйкес табиғи алмастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормаларын табиғи алмастарды гауһарға қайта өңдеу шарты (келісімшарты) бойынша есептеу (осындай гауһардың мөлшерлік-салмақтық кіші топтары мен (немесе) жиынтық топтары бойынша)
__________________ № ______ | |
1-кесте |
Алмас шикізатының позициясы және өлшемдік-салмақтық тобы | Алмас шикізатының жиынтығы (караты) | Гауһардың өлшемдік-салмақтық кіші тобы және (немесе) жиынтық тобы | Гауһардың жиынтығы (караты) | Гауһардың алмас шикізатына жиынтығы | ||||
Ең төмен мәні | Ең жоғары мәні | Орташа мәні | Ең төмен мәні | Ең жоғары мәні | Орташа мәні | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
120-90 и<
90 – 60
60 – 40
40 – 30
30 – 25
25 – 20
20 – 15
15 – 10
10 – 7
7 – 6
6 – 5
5 – 4
4 – 3,4
0,30 – 0,39
0,40 – 0,49
0,50 – 0,59
Барлығы
2-кесте |
Шарт (келісімшарт) бойынша табиғи алмастарды гауһарға қайта өңдеудің өлшемдік-салмағындағы гауһар массасының қорытындысы ____________________№ ______
Гауһардың өлшемдік-салмақтық және (немесе) жиынтық тобы | Гауһардың жиынтығы (караты) | ||
ең төмен мәні | ең жоғары мәні | орташа мәні | |
1 | 2 | 3 | 4 |
120 -90 и<
90 – 60
60 – 40
40 – 30
30 – 25
25 – 20
20 – 15
15 – 10
10 – 7
7 – 6
6 – 5
5 – 4
4 – 34
0,30 – 0,39
0,40 – 0,49
0,50 – 0,59
Қорытынды
Мәлімдеушінің технологиялық қызметінің
басшысы (басшының орынбасары) ________________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә)
____________
Асыл тастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдер түсімінің нормаларын анықтау және келісу әдістемесіне № 2 ҚОСЫМША |
Табиғи алмастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдердің түсімі нормалары есебінің және табиғи алмастарды гауһарға қайта өңдеу нәтижесінде құралатын қалдықтар массасы санының НЫСАНЫ
(1-нысан) | |
БЕКІТЕМІН | |
_____________________________ | |
(мәлімдеуші басшысының | |
лауазымдық атауы) | |
_____________________________ | |
(мәлімдеушінің атауы) | |
_____________________________ | |
(қолы) (Т.А.Ә) | |
" "_______________________ | |
20 ж | |
мөрдің орны |
Табиғи алмастарды шарт (келісімшарт) бойынша қайта өңдеу өнімдерінің табиғи алмасты гауһарға қайта өңдеу өнімдерінің түсімі нормаларының есебі __________________ № ___________
Шикізат жиынтығы (караты, грамы) | Дайын өнімдер жиынтығы (караты, грамы) | Қайта өңдеу өнімдерінің ұйғарынды нормалары (%) | ||||
ең төмен мәні | ең жоғары мәні | ең төмен мәні | ең жоғары мәні | орташа мәні | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
(2-нысан) |
Табиғи алмастарды шарт (келісімшарт) бойынша қайта өңдеу нәтижесінде құралатын қалдықтарды гауһарға қайта өңдеу санының есебі
Шикізат жиынтығы (караты, грамы) | Қалдықтар саны (караты, грамы) | Шикізат жиынтығы қалдықтарының саны (Кқалдық)(%)* | ||
ең төмен мәні | ең жоғары мәні | ең төмен мәні | ең жоғары мәні | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
_________________
*Мынадай:
Мқалдық=М х Кқалдық формуласы бойынша есептеледі, онда:
Мқалдық – асыл тастарды өңдеу кезінде алынған қалдықтар жиынтығы (кварат, грам);
М – асыл тастардың жиынтығы;
Кқалдық – қалдықтар санының статистикалық коэффициенті
Мәлімдеушінің технологиялық қызметінің
басшысы (басшының орынбасары) _______________________________________
(қолы) (Т.А.Ә)
Асыл тастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдер түсімінің нормаларын анықтау және келісу әдістемесіне № 3 ҚОСЫМША (нысан) |
Еуразиялық одақтың кеден аумағына әкелінетін және осындай аймақтан әкетілетін табиғи алмастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдердің ТІЗБЕСІ
Мәлімдеушінің атауы | Шарттың күні мен нөмірі | ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды | ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар өлшемінің бірлігі | Тауардың құны (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық валютасы) | Саны* | Тауар өткізетін кеден органы | ||
Тауар | Қайта өңдеу қалдықтары | шығын | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Мәлімдеушінің басшысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
(уәкілетті мәлімдеуші) ________________ мемлекеттің уәкілетті органының
(қолы) (Т.А.Ә) (ұйымының) уәкілетті лауазымды адамы
Бас есепші ___________________________ __________________________________
(қолы) (Т.А.Ә) (қолы) (Т.А.Ә)
Мөр қойылатын орын (бар болса)
_______________
* Гауһар тастар жиынтығының ең жоғары және ең төмен мәні және қалдықтардың саны (карат) "/" бөлу белгісі арқылы көрсетіледі.
Асыл тастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдер түсімінің нормаларын анықтау және келісу әдістемесіне № 4 ҚОСЫМША (нысан) |
Шарт (келісімшарт) бойынша табиғи алмастарды гауһарға қайта өңдеу үшін табиғи алмастарды пайдалану туралы АНЫҚТАМА _______________ № _______ Мәлімдеуші _________________________ (ұйымның атауы)
Ішкі нарықта сатып алынған алмас шикізаты | Қайта өңдеуге және экспортқа бұрын мәлімделген алмас шикізаты | Қайта өңдеуге әкетілген алмас шикізаты | Алмас шикізатының қалдығы | |||||||||||||
шарт (келісім-шарт) | сатушы | беру акті | жинақтау ведомості | жиынтық (карат) | есепті құны (АҚШ доллары) | жиынтық (карат) | есепті құны (АҚШ доллары) | Келісімшарт құны (АҚШ доллары) | жиынтық (карат) | есепті құны (АҚШ доллары) | Келісімшарт құны (АҚШ доллары) | Жиынтық (карат) | есепті құны (АҚШ доллары) | |||
№ | күні | № | күні | № | күні | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Қорытынды
Барлығы
Мәлімдеушінің басшысы
(уәкілетті мәлімдеуші)____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә)
Бас есепші __________________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә)
Мөрдің орны (бар болса) _________________
Асыл тастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдер түсімінің нормаларын анықтаужәне келісу әдістемесіне № 5 ҚОСЫМША (нысан) |
Табиғи алмастарды сорттау жөніндегі шарт бойынша сорттау туралы АНЫҚТАМА _______________ № _______ Мәлімдеуші _________________________ (ұйымның атауы)
Өңделмеген табиғи алмастармен жасалған мәміленің есепті нөмірі мен есепті күні | Табиғи алмастармен жасалған мәміленің нөмірі мен акт күні | Ішкі нарықта сатып алынған алмас шикізаты | Қайтадан сорттауға жіберілген алмас шикізаты | ||||||||
шарт (келісімшщарт) № | шарт (келісімшарт) күні | берілген акт № | акт берілген күн | сатушы | жиынтық (карат) | құны (АҚШ доллары) | саны (дана) | жиынтық (карат) | есепті құны (АҚШ доллары) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
20 ___ жылғы қорытынды
Барлығы
Пакеттерді біріктіру кезіндегі салмақтық айырмашылық (________№ ____салмақтық ауытқу актісі)
Қайтадан сорттауға жіберілді (_______ № _____ тізілім, ________ № ____ сәлем-сауқат құндылықтарымен қабылдау туралы акт, _________ № _____айрықша-жүкқұжат)
Қайтадан сорттауға қабылдау кезіндегі салмақтық айырмашылық (_______ ашу мен тексеру актісінің №)
Қайтадан сорттауға қабылдау
Технологиялық шығын (____________асыл тастар тобы бойынша технологиялық операциялар акті №)
Қайтадан сорттағаннан кейін құндылықтарды беру жөніндегі _________ № акті (___________ № ___ жиынтықтау ведомості)
Атқарылған жұмыстардың______________ № ____ қабылдау-беру актісі
Мәлімдеушінің басшысы
(уәкілетті мәлімдеуші) _______________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Бас есепші __________________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә)
Мөрдің орны (бар болса)
_______________
Асыл тастарды қайта өңдеуден алынатын өнімдер түсімінің нормаларын анықтау және келісу әдістемесіне № 6 ҚОСЫМША (нысан) |
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелінетін және осындай аумақтан әкетілетін табиғи алмастардың ТІЗБЕСІ Мәлімдеуші ___________________________ (ұйымның атауы)
Шарттың(келісімшарттың) күні мен нөмірі | ЕАЭО-тың СЭҚ ТН бойынша тауар атауы | ЕАЭО-тың СЭҚ ТН бойынша тауар коды | ЕАЭО-тың СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі | Тауардың саны (дана) | Тауардың құны (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық валютасы) | Тауар өткізетін кеден органы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Мәлімдеушінің басшысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
(уәкілетті мәлімдеуші) ________________ мемлекеттің уәкілетті органының
(қолы) (Т.А.Ә) (ұйымының) уәкілетті лауазымды адамы
Бас есепші ___________________________ __________________________________
(қолы) (Т.А.Ә) (қолы) (Т.А.Ә)
Мөр қойылатын орын (болса) Мөр қойылатын орын