Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 4 шешімі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық Комиссияның Жұмыс регламентіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2016 жылғы 31 мамырдағы
№ 4 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 133-тармақ мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес шаралар қолдану туралы шешімдердің жобалары;

      13) Одақтың үшінші тараппен жасасқан еркін сауда режимін белгілеу туралы халықаралық шартында көзделген тарифтік преференциялар беруді уақытша тоқтата тұруға қатысты шешімдердің жобалары.".

      2. 142-тармақ мынадай мазмұндағы 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:

      "21) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес шаралар қолдану туралы шешімдердің жобалары;

      22) Одақтың үшінші тараппен жасасқан еркін сауда режимін белгілеу туралы халықаралық шартында көзделген тарифтік преференциялар беруді уақытша тоқтата тұруға қатысты шешімдердің жобалары.".

      3. Көрсетілген Регламентке № 1 қосымшада:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес шаралар қабылдау туралы және оларды қолдану тәртібі туралы шешімдерді қабылдау (осы қосымшаның 171-тармағын ескере отырып, 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер мен екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің 2.10 және 3.4-баптарында көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдауды қоспағанда).";

      Мынадай мазмұндағы 171-тармақпен толықтырылсын:

      "171. Вьетнам Социалистік Республикасымен өтемақы беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілмеген немесе Алқаның көрсетілген шараларын қолдану туралы шешімдері қабылданбаған жағдайда, 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер мен екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің 3.4-бабында көзделген шараларды қабылдау туралы шешімдерді қолдану, сондай-ақ, егер осы тармаққа сәйкес Кеңес оларды қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілген шараларды ұзарту, өзгерту және күшін жою туралы шешімдер қабылдау.".;

      мынадай мазмұндағы 133 және 134-тармақтармен толықтырылсын:

      "133. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты Одақтың үшінші тараппен жасасқан еркін сауда режимін белгілеу туралы халықаралық шартында көзделген тарифтік преференциялар беруді уақытша тоқтата тұруға қатысты шешімдерді қабылдау, сондай-ақ көрсетілген шараны қолдану тәртібін бекіту.

      134. Одақтың үшінші тараппен жасалған еркін сауда режимін белгілеу туралы халықаралық шартына сәйкес Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар туралы ақпарат құрамын және оны мүше мемлекеттердің Комиссияға ұсыну тәртібін бекіту.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады