2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 41-тармағының үшінші абзацына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 55-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Ибраев Данил Турсунбековичті тағайындау кезінде белгіленген өкілеттіктердің қалған мерзіміне Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі болып Жунусов Адамкул Орокеевич тағайындалсын.
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және оның мүшелері арасында міндеттерді бөлу туралы" 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 37 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамына Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Жунусов Адамкул Орокеевич енгізіліп, дербес құрамнан Ибраев Данил Турсунбекович шығарылсын.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |