2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп Иран Ислам Республикасымен еркін сауда аймағын құру мақсатындағы уақытша келісім жасасу жөніндегі келіссөздерді бастасын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 10 (ҚБП) өкіміне сәйкес өткізілген консультациялар нәтижелерін ескере отырып, осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген келіссөздерге арналған директиваларды бекітсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Респуликасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |