2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 99 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібінің 5-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Респуликасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |