Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасы туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 20 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 81 және 104-баптарына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасы бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп:

      2017 жылғы 1 сәуірге дейін – мүше мемлекеттерде қолданыстағы сауда алаңдарын пайдалану туралы, соның ішінде оларды жаңғырту (қажет болған кезде) туралы немесе Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы шеңберінде электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру үшін жаңа сауда алаңдарын құру туралы, сондай-ақ бюджеттен тыс көздерді осындай сауда алаңдарын жаңғыртуды немесе құруды қаржыландыру үшін тарту механизмдері туралы ұсыныстар;

      2017 жылғы 1 мамырға дейін – тиісті қаржыландыру көздері бойынша қаржыландырудың алдын ала көлемдерін көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру туралы ұсыныстар (Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы субъектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ақпаратпен алмасу жүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды қоспағанда);

      2018 жылғы 1 қаңтарға дейін – Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы субъектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ақпаратпен алмасу жүйесін қалыптастыру үшін өзге де механизмдерді (соның ішінде қолданыстағы) пайдалану мүмкіндіктері туралы ұсыныстар, сондай-ақ мұндай ақпаратпен алмасу жүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру туралы ұсыныстар дайындасын және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынсын.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 20 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру БАҒДАРЛАМАСЫ

      Кіріспе

      Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) ортақ электр энергетикалық нарығы – бұл қатар жұмыс істейтін электрлік-энергетикалық жүйелер негізінде, электр энергиясын (қуатты) сатып алу-сатумен байланысты, Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін актілер және Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы субъектілері арасындағы тиісті шарттар негізінде әрекет ететін, Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) ішкі көтерме электр энергетикалық нарықтары субъектілері арасындағы қарым-қатынастар жүйесі.

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 21 қосымша) 5-тармағында көрсетілген қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 81 және 104-баптарына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 12 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілген.

      Осы Бағдарлама Шарттың 81-бабы 2-тармағына сәйкес Тұжырымдама негізінде әзірленген.

      Шарттың 104-бабы 2-тармағында Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастырудың мынадай мерзімдері айқындалған:

      осы Бағдарламаны бекіту – 2016 жылғы 1 шілдеге дейін;

      осы Бағдарламаның іс-шараларын орындау – 2018 жылғы 1 шілдеге дейін.

      Осы Бағдарламаны орындау мақсаттары мүше мемлекеттердің Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығына мүше мемлекеттердің электр энергетикалық нарық субъектілерінің қатысуына дайындығын қамтамасыз ету және Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау болып табылады.

      Осы Бағдарлама Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруды, іс-қимылдардың дәйектілігін, оларды іске асыру мерзімдерін, орындаушыларды, қаржыландыру көздерін, сондай-ақ Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін Одақ органдарының актілерін әзірлеуді қамтамасыз ететін өзара байланысты, ұйымдастырушылық, технологиялық және басқа да іс-шаралар кешенін қамтиды.

      Осы Бағдарламаның іс-шараларын орындау нәтижесінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының субъективті құрамы, әдіснамалық, ұйымдастырушылық, инфрақұрылымдық, технологиялық және құқықтық негіздері қалыптасатын болады.

      Осы Бағдарламада пайдаланылатын ұғымдар Шартта және Тұжырымдамада айқындалған мәндерде қолданылады.

І. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру кезеңдері.Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының субъективті құрамын қалыптастыру

      1. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру кезеңдері

      Тұжырымдаманың ХІІІ бөлімінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастырудың мынадай кезеңдері айқындалған:

      І кезең (2015 жыл – 2016 жылғы І және ІІ тоқсан) – осы Бағдарламаны әзірлеу және бекіту;

      ІІ кезең (2016 жылғы ІІІ және IV тоқсан – 2018 жылғы І және ІІ тоқсан) – осы Бағдарламаның іс-шараларын орындау. Осы кезеңнің негізгі нәтижесі Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін барлық қажетті құқықтық, институционалдық, технологиялық және басқа да шарттарды құру болуы тиіс.

      Осы кезеңде:

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының технологиялық негізін қалыптастыру;

      интеграцияланған құрылымдарда бәсекелес және монополиялық қызмет түрлерін тік бөлу;

      қосымшаға сәйкес Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сай Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін актілерді әзірлеу қажет;

      ІІІ кезең (2018 жылғы ІІІ және IV тоқсан – 2019 жылғы І және ІІ тоқсан) – Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының технологиялық негізінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның ішінде электр энергетика саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларын қамтитын Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың (бұдан әрі – халықаралық шарт) күшіне енуі.

      2019 жылғы 1 шілдеден кейін Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының дамуы мен жұмыс істеуі халықаралық шартпен, Одақ органдарының актілерімен және мүше мемлекеттер заңнамаларымен реттеледі.

2.Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының субъектілік құрамын қалыптастыру

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының субъектілік құрамы кезең-кезеңмен айқындалады:

      Одақтың ортақ газ нарығы құрылғанға дейін Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының субъектілік құрамы Тұжырымдаманың VI бөліміне, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 12 шешімінің 2-тармағына және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады;

      Одақтың ортақ газ нарығы құрылғаннан кейін Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының субъективті құрамы мүше мемлекеттер заңнамасына және халықаралық шарт ережелеріне сәйкес жұмыс істейді.

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының даму және жұмыс істеу кезеңдеріне қатысты көшпелі ережелер халықаралық шартқа енгізілетін болады.

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері электр энергетика саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасында және осы Бағдарламаның VIII бөлімдерінде көзделген Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін актілермен белгіленеді,олар мыналарды қамтиды:

            оның ішінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығына қол жеткізу тәртібін қамтитын Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығындағы электр энергиясының өзара саудасы қағидалары (бұдан әрі – электр энегияның өзара саудасы қағидалары);

      ақпаратпен алмасу қағидалары.

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының субъектілік құрамын қалыптастыру кезінде мүше мемлекеттер бәсекелестік және монополиялық қызмет түрлерін интеграцияланған құрылымдарға бөлуді қамтамасыз етеді.

ІІ. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының технологиялық негіздерін қалыптастыру

      1. Электр энергиясы саудасын ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау мақсатында:

      электр энергетикалық жүйелердің жұмыс режимдерін жылдық, айлық, тәуліктік және тәулікішілік жоспарлау үшін жеткілікті көлемде технологиялық ақпаратпен алмасу, энергия жүйелерінің есептік модельдерін қалыптастыру және мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмыс режимдерін жоспарлау, басқару процесінде жүйелік операторлардың өзара іс-қимыл жасауы, Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруды технологиялық қамтамасыз ету бойынша қажетті функцияларды орындау тәртібін, сондай-ақ мүше мемлекеттердің Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының субъектілік құрамы туралы ақпаратпен өзара алмасу және оны ашу тәртібін көздейтін ақпаратпен алмасу қағидалары әзірленеді;

      электр энегетикалық жүйелердің және мүше мемлекеттердің электр энергетикалық нарығының жұмыс істеуі туралы деректер негізінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы субъектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ақпаратпен алмасу жүйелері қалыптасады;

      жедел келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда-саттықты жүргізуді қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесі қалыптасады;

      бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауда-саттықты жүргізуді қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесі қалыптасады;

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы субъектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін электр энергияны коммерциялық есепке алу жүйелеріне, деректермен алмаудың ақпараттық жүйелеріне және байланыс арналарына қойылатын техникалық талаптар әзірленеді.

      Мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің сенімді қатарлас жұмысын қамтамасыз ету мүше мемлекеттер қабылдаған міндеттемелер шеңберінде 1998 жылғы 25 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету туралы шартқа және мүше мемлекеттердің электрлік-энергетикалықжүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету туралы екіжақты шарттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

2. Мемлекетаралық электр беру желілерінің өткізу қабілетін бөлу механизмдерін әзірлеу

      Мемлекетаралық электр беру желілерінің өткізу қабілетін (бұдан әрі – өткізу қабілеті) бөлу механизмдерін әзірлеу Тұжырымдаманың V бөлімі бесінші абзацымен көзделген.

      Өткізу қабілеті оның ішінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының қатысушылары арасында электр энергиясының өзара саудасын қамтамасыз ету, мемлекетаралық электр энергияны беру үшін, сондай-ақ мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы мүмкін.

      Өткізу қабілетін бөлу механизмдерін құру мақсатында мыналарды көздейтін өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидалары әзірленеді:

      өткізу қабілетін бөлу және пайдалану тәртібі;

      өткізу қабілеті туралы және жасасылған шарттар көлемдері туралы ақпаратпен өзара алмасу мақсатында инфрақұрылымдық ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібі;

      баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электрлік-энергетика саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттаманың (Шартқа № 21 қосымша) 7-тармағында белгіленген электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық мүмкіндігін айқындау мынадай басымдылықтарды ескеретін, техникалық мүмкіндіктердің болуын айқындау тәртібі:

      электр энергетикалық жүйе арқылы мемлекетаралық беруді жүзеге асыру жоспарланып отырған мүше мемлекеттің электр энергиясына (қуатына) деген ішкі қажеттілігін қамтамсыз ету;

      электр энергиясын (қуатын) мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігінен оның басқа бөлігіне шектес мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;

      электр энергиясын (қуатын) бір мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен басқа мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесіне шектес мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;

      үшінші мемлекеттердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында электр энергиясын (қуатын) мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету.

3. Мемлекетаралық электр желілердің дамуы

      Қолданыстағы мемлекеттік электр беру желілері халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы инфрақұрылымының дамуы оның қатысушыларының мүддесінде және мемлекетаралық электр желілерінің даму мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы Тұжырымдаманың Х бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекетаралық электр желілері дамыту мақсатында мыналарды көздейтін мемлекетаралық электр желілерін дамыту туралы ережелер әзірленеді:

      мемлекетаралық электр беру желілерін құру мерзімдері мен параметрлерін келісу бойынша ұсыныстар дайындау тәртібі;

      мемлекетаралық электр желілерін дамыту механизмдері;

      мүше мемлекеттердің мемлекетаралық электр желілерін дамыту, мемлекетраралық электр беру желілерін құру мерзімдері мен параметрлерін келісу бойынша ұсыныстар дайындауға уәкілетті ұйымдарын айқындау.

ІІІ. Еркін екіжақты шарттар бойынша Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының қатысушылары арасында электр энергиясының өзара саудасын дамыту

      Еркін екіжақты шарттар бойынша Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының қатысушылары арасында электр энергиясының өзара саудасын дамыту (бұдан әрі - еркін екіжақты шарттар бойынша электр энергиясының өзара саудасы) Тұжырымдаманың V бөлімі екінші және алтыншы абзацтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Еркін екіжақты шарттар бойынша электр энергиясының өзара саудасын дамыту үшін:

      осы Бағдарламаның І бөлімі 2-кіші бөліміне сәйкес еркін екіжақты шарттар бойынша электр энергиясының өзара саудасына қатысушылар құрамы қалыптасады;

      мүше мемлекеттердің электр энергетикалық нарықтарының ерекшеліктерін ескере отырып әзірленетін электр энергиясының өзара саудасы қағидаларында мыналар көзделеді:

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы қатысушыларының еркін екіжақты шарттар бойынша өзара сауданы жүзеге асыруға қол жеткізу тәртібі мен рәсімдері;

      еркін екіжақты шарттар бойынша электр энергиясының өзара саудасы кезінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының субъектілері арасындағы өзара іс-қимыл механизмдері;

      еркін екіжақты шарттар бойынша электр энергиясының өзара саудасы кезінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының қатысушылары арасындағы шарттарды жасасу, тіркеу және есепке алу тәртібі;

      еркін екіжақты шарттар бойынша электр энергиясының өзара саудасының технологиялық негізі қалыптасады, оның ішінде өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларында өткізу қабілетін есепке алу және оны еркін екіжақты шарттар бойынша электр энергиясының өзара саудасына қатысушылар арасында бөлу механизмдері көзделеді.

      Жасасылған еркін екіжақты шарттар көлемі мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің ішкі электр энергиясы нарықтарында тіркелуі және есепке алынуы тиіс.

IV. Орталықтандырылған сауда-саттықта Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының қатысушылары арасындағы электр энергиясының өзара саудасын ұйымдастыру

      1. Орталықтандырылған сауда-саттықта Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының қатысушылары арасындағы электр энергиясының өзара саудасын жүзеге асыру тәсілдері

      Орталықтандырылған сауда-саттықта Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының қатысушылары арасындағы электр энергиясының өзара саудасын ұйымдастыру Тұжырымдаманың V бөлімінің үшінші және жетінші абзацтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясының өзара саудасы мынадай тәсілдерді электрондық сауда жүйелерінде пайдалана отырып жүзеге асырылады:

      электрондық сауда жүйесін пайдалана отырып, электр энергиясын сатып алу-сатудың (жеткізудің) жедел келісімшарттары бойынша сауда (бұдан әрі – жедел келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда);

      мүше мемлекеттермен келісілген алгоритмдерді пайдалана отырып, бір тәулік бұрын электр энергиясының сағаттық көлемінің саудасы (бұдан әрі – бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауда).

2. Жедел келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру

      Жедел келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру үшін Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының мүдделі қатысушыларына сауда-саттыққа еркін негізде қатысу мүмкіндігін беру мақсатында:

      жедел келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда үшін мүше мемлекеттердің қолда бар алаңдарын пайдалану мүмкіндігі және жаңа алаңдарды жасау қажеттілігі айқындалады;

      осы Бағдарламаның І бөлімі 2-кіші бөліміне сәйкес жедел келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда қатысушыларының құрамы қалыптасады;

      мүше мемлекеттердің электр энергетикалық нарықтарының ерекшеліктерін ескере отырып, әзірленетін электр энергиясының өзара саудасы қағидаларында мыналар көзделеді:

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығына қатысушылардың жедел келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда-саттыққа қол жеткізу тәртібі мен рәсімдері;

      мүше мемлекеттердің электр энергетикалық нарықтарының ерекшеліктерін ескере отырып, электр энергиясы сауда-саттығын жүргізу және сатып алу-сату (жеткізу) бағаларын айқындау тәртібі, сондай-ақ жедел келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда кезінде шарттар (келісімшарттар) жасасу талаптары;

      жедел келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда кезінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының қатысушылары арасында шарттарды есепке алу тәртібі;

      сауда алаңдарына қойылатын талаптар және олардың жұмыс регламенттері;

      жедел келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауданың технологиялық негізі, оның ішінде жедел келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауданы өткізуді қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесі қалыптасады;

      өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларында өткізу қабілетін есепке алу және оны жедел келісімшарттар бойынша орталықтандырылған саудаға қатысушылар арасында бөлу механизмі көзделеді;

      ақпаратпен алмасу қағидаларында жедел келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда кезінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы субъектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ақпаратпен алмасу механизмі көзделеді.

3. Бір тәулік бұрын электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру

      Бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру үшін:

      бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауда моделіне қойылатын жалпы қадамдар әзірленеді;

      бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауданы өткізу механизмдері мен тәртібі, сондай-ақ электр энергиясына бағаны айқындау тәртібі әзірленеді;

      бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауданы қоса алғанда, электр энергиясының екіжақты және орталықтандырылған саудасына қатысушылардың өткізу қабілетін пайдалану тәртібі айқындалады.

      Көрсетілген іс-шараларды орындау нәтижелері бойынша бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауда үшін мүше мемлекеттердің қолда бар алаңдарын пайдалану мүмкіндігі немесе жаңа алаңдар құру орындылығы айқындалады.

      Бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауданың экономикалық орындылығы шарты кезінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастырудың тиісті кезеңінде:

      осы Бағдарламаның І бөлімі 2-кіші бөліміне сәйкес бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауда қатысушыларының құрамы қалыптасады;

      электр энергиясының өзара саудасы қағидаларында мыналар көзделеді:

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығына қатысушылардың бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауда-саттыққа қол жеткізу тәртібі мен рәсімдері;

      мүше мемлекеттерде бір тәулік бұрын сауда-саттықты үйлестіру алгоритмі;

      үйлестірілген сауда-саттықты өткізу механизмі мен тәртібі, сондай-ақ электр энергиясына бағаны айқындау тәртібі;

      бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауда кезінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының қатысушылары арасында шарттарды есепке алу тәртібі;

      бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауда кезінде қаржылық есеп айырысуды жүргізу тәртібі;

      бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауданың технологиялық негізі, оның ішінде бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауданы өткізуді қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесі қалыптасады;

      өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларында өткізу қабілетін есепке алу және оны бір тәулік бұрын орталықтандырылған саудаға қатысушылар арасында бөлу механизмі көзделеді;

      ақпаратпен алмасу қағидаларында бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауда кезінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы субъектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ақпаратпен алмасу механизмі көзделеді.

V. Электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын реттеу жүйесін қалыптастыру

      Электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын реттеу жүйесі Тұжырымдаманың V бөлімі төртінші және сегізінші абзацтарына сәйкес электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының мемлекетаралық электр беру (мемлекетаралық қиылысу) желілері бойынша жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын физикалық реттеуді қамтамасыз ету мақсатында, егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасына және мүше мемлекеттердің энергия жүйелері арасында көрсетілген ауытқулар реттелуі тиіс электр энергетикалық нарықтарын қалыптастыру қағидаларына қайшы келмесе, және электр энергиясының өзара жеткізудің тәуліктік кестесіне енгізілген нақты және жоспарлы көлемдер арасындағы операциялық тәулікте туындайтын электр энергиясыныңсальдо-ағындарының сағаттық ауытқуларын қаржылық реттеу мақсатында қалыптасады.

      Электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын реттеу жүйесін қалыптастыру және жеткізудің өзара келісілген жоспарлы кестелерін сақтау мақсатында:

      жүйелік операторларға мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелері арасындағы сальдо-ағындарының немесе мүше мемлекеттердің энергия жүйелерінің сальдо-ағындарының (мемлекетаралық қиылысу бойынша бөлуді қоса алғанда (қажет болған кезде)) тәуліктік сағаттық кестесін қалыптастыру және орындау үшін жауапты ретінде уәкілеттік беріледі;

      электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын қаржылық реттеуге уәкілеттік берілген ұйымдар айқындалады;

      электр энергиясының өзара саудасы қағидаларында мыналар көзделеді:

      электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын айқындау тәртібі;

      электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын физикалық реттеу механизмі;

      электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын қаржылық реттеу механизмі;

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығына және мүше мемлекеттер электр энергетикалық нарықтарына қатысушылардың тең құқығын қамтамасыз етуді,электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын қаржылық реттеу кезінде уәкілетті ұйымдардың шығындарын өтеуді және баға белгілеу ашықтығын көздейтін, электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын қаржылық реттеу кезінде баға белгілеу механизмі;

      электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын реттеу үшін қажетті шарттық қатынастар тізбесі, сондай-ақ мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары арасында шарттар әзірлеу және жасасу тәртібі;

      электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын реттеу кезінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының субъектілері арасындағы өзара іс-қимыл механизмі.

VI. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттеу

      Тұжырымдаманың VII бөліміне сәйкес Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттеу мыналарды қамтиды:

      Одақ құқығы негізінде және мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес электрлік энергетика саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу;

      Шарттың ХІХ және ХХ бөлімдерімен мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Шарттың XVIII бөліміне сәйкес жүзеге асырылатын монополияға қарсы реттеу.

1. Электрлік энергетика саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу

      Электрлік энергетика саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу Шарттың ХІХ бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

      Мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) бірлесіп, Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы шеңберінде қолдану үшін электрлік энергетика саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларын әзірлейді.

2. Монополияға қарсы реттеу

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын монополияға қарсы реттеу Шарттың ХІХ және ХХ бөлімдерімен мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Шарттың XVIII бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

      Мүше мемлекеттер Комиссиямен бірлесіп, Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттамаға (Шартқа № 19 қосымша) сәйкес Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында бәсекелестіктің жалпы қағидаларын қолдану ерекшеліктерін белгілеудің орындылығы мен қажеттілігін жүргізеді.

VII. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын басқару және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын басқаруды ұйымдастыру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету Тұжырымдаманың VIII бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру үшін мүше мемлекеттердің электрлік энергетикасы саласын реттеуге уәкілетті мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, инфрақұрылымдық ұйымдардың және мүше мемлекеттердің электр энергетикалық нарықтарына қатысушылардың өзара іс-қимылы қамтамасыз етіледі.

      Өзара іс-қимыл мақсаты осы Бағдарламаның іс-шараларын үйлестіре орындау, оның ішінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін актілер жобаларын әзірлеу болып табылады.

VIII. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін актілер жүйесі

      Мүше мемлекеттер Комиссиямен бірлесіп, Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруды және оның жұмыс істеуін қамтамсыз ететін Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін актілерді әзірлейді.

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін актілер жүйесі мыналарды қамтиды:

      халықаралық шарт;

      мыналарды қамтитын Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының қағидалар жиыны:

      электр энергиясының өзара саудасының қағидалары;

      өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидалары;

      мемлекетаралық электр желілерін дамыту туралы ереже;

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін өзге де актілер.

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының қағидалар жиынын қабылдау тәртібі халықаралық шартта айқындалады.

ІХ. Осы Бағдарламаны іске асыру

1. Осы Бағдарламаны іске асыру механизмі

      Мүше мемлекеттер осы Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру жөніндегі жоспарларды қабылдайды.

      Осы Бағдарламаны іске асыру бойынша мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын үйлестіруді және осы Бағдарламаның орындалу мониторингін Комиссия жүзеге асырады.

      Мүше мемлекеттер Комиссиямен бірлесіп, осы Бағдарламаның іс-шараларын орындауды қамтамасыз етеді.

2. Осы Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру

      Осы Бағдарламаның іс-шараларын қаржылық қамтамасыз етуді Комиссия өз өкілеттігіне сәйкес Одақ бюджетінің қаражаты есебінен, мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (осы Бағдарламаға қосымша) ІІІ бөлімде көзделген іс-шараларды қаржыландыру үшін бюджеттен тыс көздер тартылуы мүмкін.

3. Осы Бағдарламаның орындалу мониторингі

      Осы Бағдарламаның орындалу мониторингін Комиссия жүзеге асырады.

      Осы Бағдарламаның орындалу мониторингі мақсатында мүше мемлекеттердің электрлік энергетика саласын реттеуге уәкілетті мемлекеттік органдары осы Бағдарламаның орындалу барысын бірлесіп жылына кемінде 1 рет қарастырады.

      Комиссия Алқасы осы Бағдарламаның орындалу барысы туралы баяндаманы жылына кемінде 1 рет Комиссия Кеңесінің қарауына ұсынады.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың ортақ электр
энергетикалық нарығын
қалыптастыру бағдарламасына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Іс-шараның атауы Іске асыру мерзімі Орындаушы Қаржыландыру көзі Нәтиже

1.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін актілер жүйесін қалыптастыру

1. Электрлік энергетика саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларын қамтитын Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың (бұдан әрі тиісінше - Одақ, халықаралық шарт) жобасын әзірлеу, оның ішінде

2018 жылғы 1 шілде




халықаралық шарт жобасы


Одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер), Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия)

мүше мемлекеттердің бюджеттері (мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған қаражат), Одақ бюджеті (Комиссияның бюджеттік сметасының қаражаты)

халықаралық шарт жобасы

электрлік энергетика саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларының жобасы


мүше мемлекеттер, Комиссия

мүше мемлекеттердің бюджеттері (мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған қаражат), Одақ бюджеті (Комиссияның бюджеттік сметасының қаражаты)

электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларының жобасы

2. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының қағидаларын жинақтауды әзірлеу, оның ішінде

2018 жылғы 1 шілде




Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының өзара саудасы қағидаларының жобасы


Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ бюджеті (Комиссияның бюджеттік сметасының қаражаты), мүше мемлекеттер бюджеттері (мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған қаражат)

Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының өзара саудасы қағидаларының жобасы

мемлекетаралық электр беру желілерін өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларының жобасы


Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ бюджеті (Комиссияның бюджеттік сметасының қаражаты), мүше мемлекеттердің бюджеттері (мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының қызметін қамтамасыз етуге қаражат)

мемлекетаралық электр беру желілерін өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларының жобасы

мемлекетаралық электр желілерін дамыту туралы ереже жобасы


Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ бюджеті (Комиссияның бюджеттік сметасының қаражаты), мүше мемлекеттердің бюджеттері (мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған қаражат)

мемлекетаралық электр желілерін дамыту туралы ереже жобасы

ақпаратпен алмасу қағидаларының жобасы


Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ бюджеті (Комиссияның бюджеттік сметасының қаражаты), мүше мемлекеттердің бюджеттері (мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған қаражат)

ақпаратпен алмасу қағидаларының жобасы

3. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін актілерді қабылдау, оның ішінде:





халықаралық шарттар

2019 жылғы 1 шілде

мүше мемлекеттер, Комиссия


халықаралық шарттар

электрлік энергетика саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидалары

2019 жылғы 1 шілде

мүше мемлекеттер, Комиссия


халықаралық шарттар

ортақ электр энергетикалық нарығы қағидаларының жиынтығы

халықаралық шарттарға сәйкес

мүше мемлекеттер, Комиссия


халықаралық шарттарға сәйкес

ІІ. Бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауда-саттыққа Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығына қатысушылар арасында электр энергиясының өзара саудасын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

1. Бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауда-саттыққа Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығына қатысушылар арасында электр энергиясының өзара саудасын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындау, оның ішінде мыналарға қатысты:

2017 жылғы 1 сәуірге дейін

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ бюджеті (Комиссияның бюджеттік сметасының қаражаты), мүше мемлекеттер бюджеттері (мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған қаражат)

бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауда-саттыққа Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығына қатысушылар арасында электр энергиясының өзара саудасын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар

бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауда моделіне жалпы тәсілдер





бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу және электр энергиясына бағаны айқындау механизмі мен тәртібі





бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауданы қоса алғанда, электр энергиясының екіжақты және орталықтандырылған саудасына қатысушылардың өткізу қабілетін пайдалану тәртібін айқындау





бір тәулік бұрын орталықтандырылған сауда үшін мүше мемлекеттердің қолда бар алаңдарын пайдалану мүмкіндігін және жаңа алаңдар құру қажеттілігін айқындау





ІІІ. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеуінің технологиялық негіздерін қалыптастыру

1. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы субъектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ақпаратпен алмасу жүйесін қалыптастыру

халықаралық шартқа сәйкес

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ бюджеті (Комиссияның бюджеттік сметасының қаражаты), мүше мемлекеттердің бюджеттері (мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған қаражат)

Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы субъектілерінің ақпаратпен алмасу жүйесі

2. Жедел келісімшарттармен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізуді қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесін әзірлеу

Халықаралық шартқа сәйкес

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ бюджеті (Комиссияның бюджеттік сметасының қаражаты), мүше мемлекеттердің бюджеттері (мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған қаражат) және (немесе) бюджеттен тыс көздер

жедел келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда-саттықты өткізуді қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесі

3. Бір тәулік бұрын үйлестірілген сауда-саттықты жүргізуді қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесін әзірлеу

халықаралық шартқа сәйкес

мүше мемлекеттер

мүше мемлекеттердің бюджеттері (мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған қаражат) және (немесе) бюджеттен тыс көздер

бір тәулік бұрын үйлестірілген сауда-саттықты жүргізуді қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесі

IV. Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету

1. Мүше мемлекеттерде Бағдарламаны іске асыру жөнінде жоспарлар қабылдау

Бағдарлама бекітілген күннен бастап 3 ай ішінде

мүше мемлекеттер


мүше мемлекеттердің актілері

2.Бағдарламаның орындалу мониторингі

жылына кемінде 1 рет

Комиссия, мүше мемлекеттер


Комиссия Кеңесінің қарауы үшін баяндаманы ұсыну


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады