Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар туралы ақпаратын назарға ала отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп 2017 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде ЕАЭО-ның цифрлық кеңістігін іске асырудың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттарын әзірлесін және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынсын.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |