Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 16 қосымша) 42-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
Қоса беріліп отырған:
есептілік және бухгалтерлік есеп жасау саласында қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру жөніндегі ырықтандыру жоспары;
аудит саласында қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру жөніндегі ырықтандыру жоспары бекітілсін.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |