Нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу критерийлеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 26 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 74-бабының 2-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 29 шешімімен бекітілген Нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу критерийлеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 26 шешіміне
ҚОСЫМША

Нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу критерийлеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.Осы Критерийлер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 74-бабының 2-тармағы негізінде әзірленген және Шарттың 76-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) (бұдан әрі - шаруашылық жүргізуші субъектілер, мүше мемлекеттер) бәсекелестігінің жалпы қағидаларын бұзудың жолын кесу жөніндегі құзыретін айқындау мақсатында қолданылады.".

      2. Мәтін бойынша:

      тиісті септіктегі "Тараптар" деген сөз тиісті септіктегі "мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      тиісті септіктегі "Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері)", "шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері)" деген сөздер тиісті септіктегі "шаруашылық жүргізуші субъектілер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2-тармақта:

      "бірыңғай" деген сөз "жалпы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Келісімнің ІІІ бөлімі" деген сөздер "Шарттың 76-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4.3-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Келісімнің 13-бабында" деген сөздер "Шарттың 76-бабының 2-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "аумағы" деген сөз "аумақтары" деген сөзбен ауыстырылсын.

      5. 4-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Келісімнің 10-бабында" деген сөздер "Шарттың 76-бабының 3-5 тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "аумағы" деген сөз "аумақтары" деген сөзбен ауыстырылсын.

      6. 5-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Келісімнің 12-бабында" деген сөздер "Шарттың 76-бабының 1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы ауыстырылатын сөз орыс тіліндегі мәтінге қатысты;

      үшінші абзацтағы "аумағы" деген сөз "аумақтары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бесінші абзацтағы ауыстырылатын сөз орыс тіліндегі мәтінге қатысты;

      сегізінші абзацтағы "аумағы" деген сөз "аумақтары" деген сөзбен ауыстырылсын.

      7. 6-тармақтағы "Тараптардың табиғи монополияларға қатысты келісімдерінде, соның ішінде секторлық (салалық) келісімдерде белгіленген" деген сөздер "Шартта және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. Сілтемедегі "(нарық субъектілеріне)" деген сөздер алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады