2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 8-бабы 4-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Қырғыз Республикасы 2017 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде төрағалық етуші мемлекет болып айқындалсын.
2. Осы Шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |