1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер және Еуразиялық экономикалық комиссия 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт ережелерін жетілдіру жөніндегі жұмыс кезінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграцияның негізгі бағыттарын іске асыру туралы баяндама ережелерін назарға алсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың "Интернет" ақпараттық- телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |