Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 1 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7-тармағына, 43-тармағының 2-тармақшасына және 44-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 283 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Егер әрбір мүше мемлекеттен ең аз дегенде Комитеттің 1 мүшесінің өкілдігі қамтамасыз етілсе, Комитет отырысы құқылы деп танылады.

      Комитет мүшелері оның отырыстарына жеке өздері, құқығын ауыстырмай қатысады.

      Комитет мүшесінің отырысқа қатысуы мүмкін болмайтын жағдайда оның күні бұрын (Комитет отырысы өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей) Комитет төрағасына қаралатын мәселе бойынша өз ұстанымын жазбаша нысанда беруге құқығы бар.";

      б) 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Комитеттің шешімдері отырысқа қатысқан Комитет мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады