ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Шешім 26.02.2016 бастап күшіне енді-Еуразиялық экономикалық одақ сайты
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптары мен Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 16 және 18-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1.Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ЕАЭО СЭҚ ТН 2510 20 000 0 кодымен сыныпталатын табиғи кальций фосфаттарына, табиғи алюминий-кальций фосфаттарына және үгілген фосфатты борға қатысты кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап қоса алғанда 2019 жылғы 4 қаңтарға дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2.Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне 4С ескертпедегі (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) "05.01.2015 бастап қоса алғанда 04.01.2016 дейінгі аралықта" деген сөздер "05.01.2016 бастап қоса алғанда 04.01.2019 дейінгі аралықта" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап пайда болатын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В.Христенко |