Какао өнімдердің жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 19 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 1803 10 000 0 және 1804 00 000 0 кодтарымен сыныпталатын майсыздандырылған какао-пастаға және какао-майға, какао-тоңмайға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының ставкалары осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай мазмұндағы өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 1803 10 000 0 және 1804 00 000 0 позициялар төртінші бағанда ескертпеге "65С)" сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 65С ескертпемен толықтырылсын:

      "65С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 19 шешімі күшіне енген күннен бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады