2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 4408 39 850 кодымен сыныпталатын, кейбір тропиктік түрдегі сүректен жасалған ағаш материалдарының жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі 2016 жылғы 1 маусымнан бастап қоса алғанда 2019 жылғы 31 мамырға дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне 13С ескертпедегі (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) "қоса алғанда 31.05.2016 дейінгі аралықта" деген сөздер "қоса алғанда 31.05.2019 дейінгі аралықта" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) В.О.Никишина осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу мониторингін жүргізуді қамтамасыз етсін және қажет болған кезінде осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген кедендік әкелу бажы мөлшерлемесінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы отырысының қарауына енгізсін.
4. Осы Шешім 2016 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т.Саркисян |