Ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 22 наурыздағы № 25 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы шешті:

      1.  Қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ескертпелер мынадай мазмұндағы 68С – 70С ескертпелермен толықтырылсын:

      "68С) Кедендік құнның 5 %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 22 наурыздағы № 25 шешімі күшіне енген күннен бастап 2017 жылғы 31 мамырды қоса алғандағы аралықта қолданылады.

      69С) Кедендік құнның 5 %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 22 наурыздағы № 25 шешімі күшіне енген күннен бастап 2019 жылғы 31 мамырды қоса алғандағы аралықта қолданылады.

      70С) Кедендік құнның 0 (нөл) %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 22 наурыздағы № 25 шешімі күшіне енген күннен бастап 2019 жылғы 31 мамырды қоса алғандағы аралықта қолданылады".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 22 наурыздағы
№ 25 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік
әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ

СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен, не евромен, не АҚШ долларымен)

0704 10 000 0

– түрлі-түсті қырыққабат және брокколи

1168С)

0704 20 000 0

–  брюссель қырыққабаты

1369С)

0802 51 000 0

– – қабықтағы

570С)

0802 52 000 0

– – қабығынан тазартылған

570С)

0804 10 000 0

– құрма

570С)

0806 20 100 0

– – коринка

570С)

0806 20 300 0

– – султана

570С)

0806 20 900 0

– – басқалары

570С)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады