2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2.3 және 2.4-баптарына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымшаның 43-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын жекелеген тауарлардың және осындай ставкалар мөлшерінің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Осы Шешімнің 3-тармағында көрсетілген тауарларды, тізбеге енгізілген тауарларды, сондай-ақ Келісімнің 2.10-бабына сәйкес триггерлік қорғау шарасы қолданылатын тауарларды қоспағанда, Келісімге сәйкес Вьетнам Социалистік Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік құнының 0 пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы қолданылады деп белгіленсін.
3. Келісімге сәйкес Вьетнам Социалистік Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін теннис, баскетбол аяқкиіміне, спорт залдарындағы жаттығулар мен сабақтарға арналған аяқкиімге және ЕАЭО СЭҚ ТН 6403 91 және 6403 99 субпозицияларында сыныпталатын, қонышы бар, кемінде 50 пайыз табиғи былғарыдан тұратын өзге аналогты аяқкиімге қатысты (негізінен немесе тек қана жүру, жаяу жүру және тау туризмі үшін пайдаланылатын аяқкиімді қоспағанда) осы Шешімнің 2-тармағына сәйкес кедендік құнының 0 пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы мынадай шарттар орындалған кезде қолданылады:
а) тауардың шыққан жері туралы сертификаттың 8-бағанында "Спорттық аяқкиім" ("Sporting footwear") деген қосымша белгінің болуы;
б) тауардың шыққан жері туралы сертификатқа қосымша парақта аяқкиімнің мақсатына және оның мынадай техникалық сипаттамаларға сәйкестігіне арнайы нұсқаудың болуы:
анатомиялық із және формаланған ұлтарақ түйіні бар қалып;
аяқкиімнің үстін әр жағынан кемінде 5 люверсі бар баумен байлау жүйесі;
формалау және тігінен құймау (желімделген) тәсілімен дайындалған, мынадай арнайы элементтердің кемінде 2-еуі бар: қатты рессорлық элемент (рессора жүйесі), шоғырлы бөлігіндегі жүктемені азайтатын ставка, ұлтанның материалынан өзгеше материалдан жасалған өкше түрткісінің амортизаторы.
4. Осы Шешімнің 3-тармағында көрсетілген шарттардың бірі орындалмаған кезде Келісімге сәйкес Вьетнам Социалистік Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ЕАЭО СЭҚ ТН 6403 91 және 6403 99 субпозияцияларында сыныпталатын аяқкиімге қатысты тізбеге сәйкес кедендік әкелу бажының ставкасы қолданылады.
5. Осы Шешім Келісім күшіне енген күнінен бастап, бірақ ерте дегенде осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |