Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 799 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 46 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдау туралы" 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 799 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 17 мамырдағы
№ 46 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 799 шешіміне енгізілетін өзгерістер

      1. 2.2-тармақтағы "өнімнің сәйкестігін бағалау (растау)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2011 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 799 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
(Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 17 мамырдағы
№ 46 шешімі редакциясында)

Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі

Р/с

Кеден одағы техникалық регламентінің элементтері

Стандарттың белгіленуі

Стандарттың атауы

Ескертпе


1

2

3

4

5


1

5-баптың
3-тармағы

МемСТ 790-89
2-бөлім

Қатты кір сабын және иіс сабын. Қабылдау қағидалары мен өлшемдерді орындау әдістері



2

МемСТ 7983-99
6.8-тармағы

Тіс пасталары. Жалпы техникалық талаптар



3

МемСТ 29188.0-91
2-бөлім

Парфюмериялық-косметикалық бұйымдар. Қабылдау қағидалары, сынамаларды іріктеу, органолептикалық сынақ әдістері

01.07.2018 дейін қолданылады


4

МемСТ 29188.2-91

Косметикалық бұйымдар. рН сутегі көрсеткішін айқындау әдісі

01.07.2018 дейін қолданылады


5

МемСТ 29188.2-2014

Парфюмериялық-косметикалық өнім. рН сутегі көрсеткішін айқындау әдісі



6

СТБ 1736-2007 6.8-тармағы

Ауыз қуысы гигиенасының сұйық құралдары. Жалпы техникалық талаптар



7

МемСТ Р 51577-2000
6.8-тармағы

Ауыз қуысы гигиенасының сұйық құралдары. Жалпы техникалық талаптар



8

МемСТ ҚР СТ Р 51577-2003 6.8-тармағы

Ауыз қуысы гигиенасының сұйық құралдары. Жалпы техникалық талаптар



9

5-баптың
3 – 6-тармақтары

МемСТ 29188.0-2014
3 және 4-бөлімдері

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Қабылдау қағидалары, сынамаларды іріктеу, органолептикалық сынақ әдістері



10

5-баптың
3, 5 және
6-тармақтары

МемСТ ISO 212-2014

Эфир майлары. Сынамаларды іріктеу



11

5-баптың
4-тармағы

МемСТ ISO 18416-2013

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Микробиология. Candida albicans табу



12

МемСТ ISO 21148-2013

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Микробиология. Микробиологиялық бақылауға қойылатын жалпы талаптар



13

МемСТ ISO 21149-2013

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Микробиология. Мезофильді аэробтық микроорганизмдерді есептеу және табу



14

МемСТ ISO 21150-2013

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Микробиология. Escherichia coli табу



15

МемСТ ISO 22717-2013

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Микробиология. Pseudomonas aeruginosa табу



16

МемСТ ISO 22718-2013

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Микробиология. Staphylococcus aureus табу



17

ИСО ҚР СТ 16212-2011
 

Косметика. Микробиология. Ашытқы мен зең мөлшерін есептеу



18

ИСО ҚР СТ 18415-2009

Косметика. Микробиология. Тән және тән емес микроорганиздерді табу



19

5-баптың
5-тармағы

МемСТ 26927-86
 
 

Тағамдық шикізат пен өнімдер. Сынапты айқындау әдісі

01.07.2018 дейін қолданылады


20

МемСТ 26930-86
 
 

Тағамдық шикізат пен өнімдер. Мышьякты айқындау әдісі

01.07.2018 дейін қолданылады


21

МемСТ
26932-86
 

Тағамдық шикізат пен өнімдер. Қорғасынды айқындау әдісі

01.07.2018 дейін қолданылады


22

МемСТ 30178-96
 
 

Тағамдық шикізат пен өнімдер. Уытты элементтерді айқындаудың атомдық-абсорбциялық әдісі

01.07.2018 дейін қолданылады


23

МемСТ 31676-2012
 

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Сынаптың қорғасынның, мышьяктың, кадмийдің массалық үлестерін айқындаудың колориметрикалық әдістері



24

МемСТ 32936-2014
 

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Сынапты айқындаудың инверсиялық-вольтамперометрикалық әдісі



25

МемСТ 32937-2014
 

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Қорғасынды айқындаудың инверсиялық-вольтамперометрикалық әдісі



26

МемСТ 32938-2014
 

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Мышьякты айқындаудың инверсиялық-вольтамперометрикалық әдісі



27

МемСТ 33021-2014
 

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Мышьяктың массалық үлесін гидридтерді генерациялап, атомдық абсорбция әдісімен айқындау



28

МемСТ 33022-2014
 

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Сынаптың массалық үлесін жалынсыз атомдық абсорбция әдісімен айқындау



29

МемСТ 33023-2014
 

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Қорғасынның массалық үлесін электротермиялық атомизациялаумен атомдық абсорбция әдісімен айқындау



30

5-баптың
6-тармағы

МемСТ 32893-2014
 

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Уыттылық және клиникалық-зертханалық қауіпсіздік көрсеткіштерін бағалау әдістері



31

МемСТ 33483-2015
 

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Клиникалық-зертханалық қауіпсіздік көрсеткіштерін айқындау және бағалау әдістері

01.07.2016 бастап қолданылады


32

МемСТ 33506-2015
 

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Қауіпсіздіктің уыттылық көрсеткіштерін айқындау және бағалау әдістері

01.07.2016 бастап қолданылады


33

5-баптың
4 және 5-тармақтары

МемСТ ISO 24444-2013
 

Косметикалық өнім. Күннен қорғалуды сынау әдістері. Тірі организмдердегі күннен қорғалу факторын (SPF) (in vivo) айқындау


 
 
 
 
".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады