2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес сағаттардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының ставкалары (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай мазмұндағы 27С – 29С ескертулермен толықтырылсын:
"27С) Кедендік құнынан 7% мөлшеріндегі, бірақ 1 данасына 2 еуродан кем емес кедендік әкелу ставкасы 01.09.2016 бастап қоса алғанда 31.08.2017 дейін қолданылады.
28С) Кедендік құнынан 7% мөлшеріндегі, бірақ 1 данасына 1,5 еуродан кем емес кедендік әкелу ставкасы 01.09.2016 бастап қоса алғанда 31.08.2017 дейін қолданылады.
29С) Кедендік құнынан 7% мөлшеріндегі, бірақ 1 данасына 4 еуродан кем емес кедендік әкелу ставкасы 01.09.2016 бастап қоса алғанда 31.08.2017 дейін қолданылады.".
3. Осы Шешім 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 51 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құнынан пайызы не евромен не АҚШ долларымен) | |
9102 11 000 0 | – – тек механикалық индикациямен | 727С) | |
9102 19 000 0 | – – өзгелері | 728С) | |
9102 21 000 0 | – – автоматты бұрап жүргізетін | 729С) | |
9102 29 000 0 | – – өзгелері | 729С) |