Ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпаратты қорғау жөніндегі консультативтік комитет туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 53 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 1 қосымшасы) 7 және 44 тармақтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 3 қосымшасы) 57-тармақтарын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпаратты қорғау жөніндегі консультативтік комитет құрылсын.

      2. Қоса берілген Ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпаратты қорғау жөніндегі консультативтік комитет туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 53 шешімімен
БЕКІТІЛДІ

Ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпаратты қорғау жөніндегі консультативтік комитет туралы ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

      1. Ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпаратты қорғау жөніндегі консультативтік комитет (бұдан әрі – Комитет) Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 1 қосымшасы) (бұдан әрі – Одақ туралы Шарт) 7 және 44-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Алқасының жанынан құрылады.

      Комитет ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және ақпаратты қорғау мәселелері бойынша Комиссияның консультативтік органы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметінде Одақ туралы Шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқықтарын құрайтын басқа да халықаралық шарттарды және актілерді, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентті, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

II. Комитеттің негізгі міндеттері мен функциялары

      3. Комитеттің негізгі міндеттері:

      а) Комиссияға ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпаратты қорғау мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      б) ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпаратты қорғау мәселелері бойынша консультациялар, соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (Одақ туралы Шарттың № 1 қосымшасы) 25-тармағына сәйкес Комиссия Кеңесі белгілеген мәселелер бойынша міндетті консультациялар өткізу болып табылады.

      4. Оған жүктелген міндеттерді іске асыру үшін Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      а) мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады:

      ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

      трансшекаралық сенім кеңістігін құру және дамыту;

      Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) шаруашылық жүргізетін субъектілерінің, жеке тұлғаларының және мемлекеттік билік органдарының электронды түрде өзара іс-қимылына қойылатын талаптарды біріздендіру немесе мүше мемлекеттердің заңнамаларын осындай өзара іс-қимылды регламенттеу бөлігінде үндестіру;

      мүше мемлекеттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және ақпараттық өзара іс-ұимыл кезінде ақпаратты қорғау саласындағы заңнамаларын үндестіру және жетілдіру;

      ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – интеграцияланған жүйе) компоненттері мен кіші жүйелеріне қойылатын функционалдық талаптарды анықтау;

      электрондық құжаттардың, нормативтік-анықтамалық және ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде пайдаланылатын басқа да ақпараттың құрылымы мен форматтарын үндестіру және біріздендіру;

      интеграцияланған жүйенің компонеттерін және ішкі жүйелерін, соның ішінде интеграцияланған жүйенің жаңа нұсқаларына мемлекетаралық сынақтар (тестілеу) жүргізу барысында анықталған проблемаларды шешу бөлігінде пайдалану;

      б) Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесін құру мәселелері бойынша консультация жүргізеді (соның ішінде Одақ шеңберінде мемлекетаралық және ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде нормативтік-анықтамалық ақпартты және деректер үлгілерін қалыптастыру, жүргізу және қолдану мәселелері бойынша);

      в) интеграцияланған жүйенің компоненттерін және ішкі жүйелерін іске асыру кезінде қолданылатын жобалық және техникалық шешімдерге сараптама жүргізеді;

      г) Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге, сондай-ақ Комитеттің құзыретіне жатқызылған салаларда мүше мемлекеттердің заңнамаларына талдау жүргізуге қатысады;

      д) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Комиссияға арнап ұсынымдар дайындауды жүзеге асырады;

      е) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданумен байланысты өзге де мәселелерді қарайды және тиісті ұсыныстарды дайындауды жүзеге асырады.

      5. Комитет өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін:

      а) мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен, Комиссияның департаменттерімен, тәуелсіз сарапшылармен Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауға;

      б) мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарынан, ұйымдардан қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға құқылы.

III. Комитеттің құрамы

      6. Комитеттің құрамы мүше мемлекеттердің құзыретіне ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпаратты қорғау мәселелері жататын (Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (Одақ туралы шарттың № 3 қосымшасы) 2-тармағының жиырма бірінші абзацымен белгіленген мәнде) мемлекеттік билік органдарының және уәкілетті органдардың басшыларынан (басшылардың орынбасарларынан) қалыптастырылады.

      Комитеттің құрамына енгізу үшін үміткерлерді Комиссия Алқасының сұрауы бойынша мүше мемлекеттер Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 128-тармағымен бекітілген тәртіпте ұсынады.

      7. Комитет құрамына мүше мемлекеттердің ұсынысы бойынша бизнес-қоғамдастықтың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, өзге де тәуелсіз сарапшылар енгізілуі мүмкін.

      8. Мүше мемлекеттер Комиссия Алқасын Комитеттегі уәкілетті органдардың өкілдерін алмастыру қажеттілігі туралы уақытылы хабарлайды, сондай-ақ оның құрамына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді.

      9. Комитеттің құрамы Комиссия Алқасының өкімімен бекітіледі.

      10. Комиссия Алқасының құзыретіне ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мәселелері жататын мүшесі (бұдан әрі – Комитетің төрағасы) Комитеттің отырыстарында төрағалық етеді және Комитеттің жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады.

      11. Комитеттің төрағасы:

      а) Комитеттің қызметіне басшылық етеді және Комитетке жүктелген міндеттерді орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      б) Комитет отырысының күн тәртібін келіседі және бекітеді, оны өткізу күні, уақытын және орнын белгілейді;

      в) Комитет отырысын жүргізеді;

      г) Комитет отырыстарының хаттамасын бекітеді;

      д) Комиссияның Алқасын және Кеңесін Комитет әзірлеген ұсынымдар туралы хабардар етеді;

      е) кіші комитеттерді, сараптамалық және жұмыс топтарын құру туралы шешімдер қабылдайды, олар және олардың құрамы туралы ережелерді бекітеді;

      ж) Комиссия Алқасының және Кеңесінің отырыстарында және өзге де органдармен және ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Комитетті ұсынады;

      з) Комитет төрағасының орынбасарын тағайындайды.

      12. Комитет төрағасының орынбасары болып құзыретіне Комитеттің қызмет бағыттары бойынша мәселелер кіретін Комиссия департаментінің басшысы тағайындалады.

      13. Комитет төрағасының орынбасары Комитет төрағасы болмаған жағдайда немесе оның тапсырмасы бойынша осы Ереженің 11-тармағында көзделген Комиссия төрағасының функцияларын орындайды.

      14. Комитеттің жауапты хатшысын Комиссияның құзыретіне Комитеттің қызмет бағыттары бойынша мәселелері жататын лауазымды тұлғалары немесе қызметкерлері қатарынан Комитет төрағасы тағайындайды.

      15. Комитеттің жауапты хатшысы:

      а) Комитет төрағасының және Комитет мүшелерінің ұсыныстары бойынша Комитет отырыстарының күн тәртібінің жобасын дайындайды және оны Комитет төрағасының бекітуіне ұсынады;

      б) Комитет отырысының және күн тәртібінің жобасына материалдарды дайындауға және ұсынуға бақылауды жүзеге асырады;

      в) Комитет отырысының бекітілген күн тәртібін және оған материалдарды дайындайды және Комитет мүшелеріне жолдайды;

      г) Комитет мүшелерін Комитет отырысын өткізу күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді;

      д) Комитет отырысының хаттамасын жүргізеді және оны Комитет төрағасының бекітуіне ұсынады;

      е) Комитет отырысының нәтижелері бойынша дайындалған қорытынды құжаттарды дайындауды және Комитет мүшелеріне жеткізуді ұйымдастырады;

      ж) Комитет шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      16. Комитет отырыстарына Комитет төрағасының шақыруымен мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, бизнес-қоғамдастықтарының, ғылыми және қоғамдық ұйымдарының өкілдері, өзге де тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ Комиссияның құзыретіне Комитет отырысында қаралатын мәселелер жататын лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері (Комиссия Алқасы мүшелерінің олардың құзыреттеріне сәйкес тапсырмалары бойынша) қатысуы мүмкін.

      17. Комитет отырыстарында Комитет төрағасының шешімі бойынша Комиссияның құзыретіне нормативтік-анықтамалық ақпараттарды және деректер үлгілерін қолданумен байланысты мәселелер жататын департаменттерінің ұсыныстары бойынша мәселелер қаралуы мүмкін.

      18. Комитет жанында Комитеттің қызмет бағыттары бойынша мәселелерді шешу үшін тұрақты немесе уақытша негізде сараптамалық және жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

      19. Кіші комитеттердің, сараптамалық және жұмыс топтарының құрамы құзыретіне Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелер жататын уәкілетті органдардың өкілдері, Комиссияның қызметкерлері және мүше мемлекеттердің сарапшылары қатарынан қалыптастырылады.

IV. Комитеттің жұмыс тәртібі

      20. Комитеттің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ 2 айда 1 реттен кем емес өткізіледі.

      21. Комитеттің отырысын өткізу туралы шешімді Комитет төрағасы қабылдайды.

      22. Комитет отырысының күн тәртібінің жобасын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды Комитет мүшелері Комитет отырысы өтетін күнге дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей Комитет төрағасына жолдайды.

      Комитет отрысының күн тәртібіне енгізу үшін мәселелер ұсынған Комитет мүшелері Комитеттің жауапты хатшысына тиісті ақпарат пен материалдарды ұсынуды қамтамасыз етеді.

      23. Комитеттің төрағасы Комитет мүшелерінің Комитет отырысының күн тәртібіне енгізу үшін ұсынған мәселелерді талдау қорытындысы бойынша тиісті мәселені Комитет отырысында қарағанға дейін оны кіші комитетте қарау қажеттігі туралы шешім қабылдауы және кіші комитет отырысының күн тәртібін бекітуі мүмкін.

      24. Комитеттің төрағасы Комитеттің уәкілетті органдарынан жәнен мүшелерінен белгіленген тәртіпте Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша материалдар мен ақпаратты сұратуға құқылы.

      25. Комитет отырысының күн тәртібіне материалдар мыналарды қамтиды:

      а) қаралатын мәселелер бойынша анықтамалықтар;

      б) қарауға ұсынылатын құжаттардың жобалары (бар болған жағдайда);

      в) хаттамалық шешімдердің жобалары;

      г) Комиссия үшін ұсынымдардың жобалары (қажет болған жағдайда);

      д) қажетті анықтамалық және талдамалық материалдар.

      26. Комитеттің жауапты хатшысы Комитет мүшелеріне Комитет отырысының күн тәртібін және оның материалдарын, соның ішінде электронды түрде Комитет отырысы өтетін күнге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей жолдайды.

      27. Комитеттің отырыстары, әдетте, Комиссияның үй-жайларында өтеді.

      Комитеттің отырысы Комитет төрағасының уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде қабылдаған шешімі бойынша кез келген мүше мемлекеттің бірінде өткізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда мүше мемлекеттің қабылдайтын уәкілетті органы Комитеттің отырысын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемін тигізеді.

      Комитет төрағасының шешімі бойынша Комитеттің отырысы видеоконференция режимінде өткізілуі мүмкін.

      28. Комитеттің отырысы, егер оған оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан болса және әрбір мүше мемлекеттен Комитеттің кем дегенде 1 мүшесінің өкілдігі қамтамасыз етілсе, заңды деп танылады.

      30. Комитеттің мүшелері Комитеттің отырыстарына ауыстыру құқығынсыз жеке өзі қатысады.

      Комитеттің мүшесі отырысқа қатыса алмайтын жағдайда ол қаралатын мәселе бойынша өз пікірін алдын ала (Комитет отырысы өтетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей) жазбаша түрде ұсынуға құқылы.

      29. Комитеттің мүшелері, егер олардың пікірі бойынша осы мәселе қосымша пысықтауды талап ететін болса, мәселені Комитеттің қарауынан алып тастауды ұсынуы мүмкін.

      30. Комитеттің мүшелері Комитеттің отырысында мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарды иеленеді.

      31. Комитеттің шешімдері отырысқа қатысқан Комитет мүшелерінің қарапайым басым дауыс беруімен қабылданады.

      32. Комитет отырыстарының нәтижелері және Комитет қабылдаған шешімдер Комитет мүшелерінің көзқарастары тіркелетін хаттамамен рәсімделеді.

      Егер Комитет мүшесінің Комитет қарайтын мәселе бойынша ерекше пікірі бар болған жағдайда ол жазбаша нысанда беріледі және Комитет отырысының хаттамасына қоса тіркеледі. Комитет отырысының хаттамасына сонымен бірге Комиссия үшін ұсынымдар бойынша ұсыныстар, анықтамалық және талдамалық материалдар және тиісті негіздемелер қоса тіркелуі мүмкін.

      33. Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында ұсынған ұсыныстары мүше мемлекеттердің соңғы көзқарасы ретінде қаралмайды.

      34. Комитет отырысының хаттамасын Комитет төрағасы Комитет отырысының күнінен 3 жұмыс күнінен кешіктермей бекітеді.

      Комитет отырысының хаттамасын Комитеттің жауапты хатшысы Комитеттің барлық мүшелеріне ол бекітілген күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жолдайды.

      Комитет төрағасының шешімі бойынша Комитет отырысының хаттамасы немесе оның үзіндісі Комитеттің отырысына қатысқан шақырылған тұлғаға жолданады.

      35. Комитет отырыстарының хаттамалары Комитеттің жауапты хатшысында сақталады.

      36. Уәкілетті органдар өкілдерінің Комитеттің (кіші комитеттердің, сараптамалық және жұмыс топтарының) отырыстарына қатысумен байланысты шығыстарды оларды жіберген мүше мемлекеттер өтейді.

      Мүше мемлекеттердің сарапшыларының кіші комитеттердің, сараптамалық және жұмыс топтарының отырыстарына қатысуымен байланысты шығыстарды көрсетілген тұлғалар өз бетінше өтейді.

      37. Комитеттің қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Комиссия жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады