Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 54 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 1 қосымшасы) 14-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешіммен өзгерістер көзделген 1-тармақтың "а" тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 2-тармақтың "б" тармақшасын және 4-тармақты қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Осы Шешіммен өзгерістер көзделген 1-тармақтың "а" тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары және 2-тармақтың "б" тармақшасы 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім күшінен енген күннен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен ерте емес күшіне енеді.

      Осы Шешіммен өзгерістер көзделген 4-тармақ 2016 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 54 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктердің сыныптауышында (7-қосымша):

      а) 1.1 кіші бөлімде:

      КМ кодындағы позицияда "құқығына жататын" деген сөздер "мүше мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ВС кодындағы позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Оларды осы тауарды әкелу жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағы шеңберінде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арасында тасымалдау үшін және (немесе) халықаралық тасымалдаулар үшін пайдалану мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағын қоса алғанда 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін әкелінетін ЕАЭО СЭҚ ТН 8802 40 003 5 және 8802 40 003 6 кіші субпозицияларының азаматтық жолаушы ұшақтарына қатысты кедендік әкелі бажын төлеуден босату

ВС*";

      СР кодындағы позицияда "Армения Республикасына, Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына және Қырғыз Республикасына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      НН кодындағы позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес Вьетнам Социалистік Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік преференция

ВТ";

      ЕШ кодындағы позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 6 сәуірдені № 24 шешімімен бекітілген Иран – Армения үшінші электр беру желісінің құрылысы мақсатында Армения Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар тізбесіне сәйкес Иран – Армения үшінші электр беру желісінің құрылысы мақсатында Армения Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату

ЛЭ";

      мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"2010 жылғы 27 мамырдағы Ресей Федерациясы мен Финляндия Республикасы арасындағы Финляндия Республикасының Сайменский каналының ресейлік бөлігін және оған жақын маңдағы аумақты жалға алу және Сайменский каналы арқылы кемемен жүзуді жүзеге асыру туралы шартта көзделген жұмыстарды жүзеге асыру және жалға алатын аумақты пайдалану үшін Финляндия Республикасының резиденттері Сайменский каналының аумағына әкелетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату

СК";

      б) 2-бөлімде:

      2.1 кіші бөлімінде МВ кодындағы позицияда "келісімдер" деген сөз "шарттар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2.2 кіші бөлімінде:

      2.2.2-тармақтың атауында "келісімдермен" деген сөз "шарттармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      МВ кодындағы позицияда "келісімдер" деген сөз "шарттар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2.3 кіші бөлімнің 2.3.2-тармағының атауында "келісімдермен" деген сөз "шарттармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2.4 кіші бөлімінде:

      2.4.2-тармақтың атауында "келісімдермен" деген сөз "шарттармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      МВ кодындағы позицияда "келісімдер" деген сөз "шарттар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      в) 4-бөлімде:

      4.1 кіші бөлімінде:

      4.1.2-тармақтың атауында "келісімдермен" деген сөз "шарттармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      МВ және МУ кодындағы позицияларда "келісімдер" деген сөз "шарттар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4.2 кіші бөлімінде:

      4.2.2-тармақтың атауында "келісімдермен" деген сөз "шарттармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      МВ және МУ кодындағы позицияларда "келісімдер" деген сөз "шарттар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      МЯ және МП кодындағы позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"1950 жылғы 17 маусымдағы Білім беру, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдарды әкелу туралы келісімге және оның 1976 жылғы 26 қарашадағы хаттамасына сәйкес әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату

МЯ

1993 жылғы 23 желтоқсандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салаларының өндiрiстiк кооперациясын дамытуды қолдаудың жалпы шарттары мен механизмi туралы келiсiмге сәйкес әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату

МП";

      МО кодындағы позицияда "келісімдермен" деген сөз "шарттармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      МЭ, МТ, ММ және МН кодындағы позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"1995 жылғы 10 ақпандағы Тексеру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтілетін нормативтік құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгілерді алып өткені үшін кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы келісім шеңберінде өткізілетін тауарларға қатысты кедендік баж төлеуден босату

МЭ

1997 жылғы 15 желтоқсандағы Ресей Федерациясы Үкімет мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы ресейлік табиғи газды Қара теңіз акваториясы арқылы Түркия Республикасына жеткізу туралы келісімге сәйкес Қара теңіз акваториясы арқылы Түркия Республикасына әкелінетін ресейлік табиғи газға қатысты кедендік бажды төлеуден босату

МТ

2007 жылғы 25 сәуірдегі Ресей Федерациясы Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы Ресей-Моңғолия "Монголросцветмет" жауапкершілігі шектеулі компаниясының қызметі туралы келісімге сәйкес өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бажды төлеуден босату

ММ

2009 жылғы 21 сәуірдегі Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы мұнай саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Ресей Федерациясы аумағына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік бажды төлеуден босату

МН";

      4.3 кіші бөлімінде:

      4.3.2-тармақтың атауында "келісімдермен" деген сөз "шарттармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      К кодындағы позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"1993 жылғы 23 желтоқсандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салаларының өндiрiстiк кооперациясын дамытуды қолдаудың жалпы шарттары мен механизмi туралы келiсiмге сәйкес Ресей Федерациясына әкелінетін акцизделетін тауарларға қатысты акциз төлеуден босату

К";

      4.4 кіші бөлімінде:

      4.4.2-тармақтың атауында "келісімдермен" деген сөз "шарттармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      МВ және МУ кодындағы позицияларда "келісімдер" деген сөз "шарттар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      МЯ және МП кодындағы позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"1950 жылғы 17 маусымдағы Білім беру, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдарды әкелу туралы келісімге және оның 1976 жылғы 26 қарашадағы хаттамасына сәйкес Ресей Федерациясына әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату

МЯ

1993 жылғы 23 желтоқсандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салаларының өндiрiстiк кооперациясын дамытуды қолдаудың жалпы шарттары мен механизмi туралы келiсiмге сәйкес Ресей Федерациясына әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату

МП";

      МК кодындағы позицияда "келісімдер" деген сөз "шарттар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      МЭ кодындағы позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"1995 жылғы 10 ақпандағы Тексеру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтілетін нормативтік құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгілерді алып өткені үшін кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы келісім шеңберінде Ресей Федерациясына әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату

МЭ";

      МН кодындағы позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"2009 жылғы 21 сәуірдегі Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы мұнай саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Ресей Федерациясына әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату

МН";

      г) 5.2 кіші бөлімнің 5.2.1.-тармағының атауында "келісімдермен" деген сөз "шарттармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      д) 6-бөлімде:

      6.2 кіші бөлімнің 6.2.1-тармағының атауында "келісімдермен" деген сөз "шарттармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6.4 кіші бөлімнің 6.4.2-тарауында:

      атауында "келісімдермен" деген сөз "шарттармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      МО кодындағы позицияда "келісімдер" деген сөз "шарттар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      е) мынадай мазмұндағы "*" белгісі бар сілтемемен толықтырылсын:

      "* 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шарттың № 3 қосымшасының 44-тармағы 2-тармақшасының екінші абзацында және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттаманың № 1 қосымшасының 46-тармағы 2-тармақшасының екінші абзацында белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолдану жағдайында да көрсетіледі.".

      2. Кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттардың түрлері мен мәліметтерді сыныптауда (8-қосымша):

      а) 1-бөлімде:

      01011, 01017, 01018, 01021, 01022, 01031, 01041, 01042, 01061 және 01062 кодтарындағы позициялар мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"01011

Тауарлар экспортына және (немесе) импортына лицензия

01017

Оларға қатысты автоматты лицензиялау (қадағалау) енгізілген тауарлар экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру

01018

Мыналарды беру мәселелері бойынша түсініктеме (қорытынды):
– тауарлар экспортына және (немесе) импортына лицензиялар (озон қабатын бұзатын және құрамында олардың өнімдері бар заттарға, есірткі және психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттарға);
– дәрілік заттар мен фармацевтикалық субстанцияларды әкелуге қорытындылар (рұқсат беру)

01021

Азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін және оның патрондарын әкелуге және (немесе) әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)

01031

1973 жылғы 3 наурыздағы Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияда көзделген рұқсат (сертификат, куәлік)

01041

Азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың, соның ішінде орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін тауарларды әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)

01061

Өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)";

      01073, 01074, 01081 – 01083, 01085, 01091 – 01093, 01101, 01102, 01111, 01112, 01121, 01122, 01131 және 01132 кодындағы позициялар мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"01081

Әкелуге қорытынды (рұқсат беру):
– клиникалық зерттеулер, сараптамалар жүргізуге, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға, нақты пациентке өмірлік айғақтар бойынша не сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуге арналған тірклмеген дәрілік заттар және фармацевтикалық субстанциялар;
– клиникалық зерттеулер жүргзіуге арналған тіркелген дәрілік заттар және фармацевтикалық субстанциялар;
– гуманитарлық көмек (жәрдем), төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсетуге арналған тіркелген немесе тіркелмеген дәрілік заттар

01091

Шифрлау (криптографиялық) құралдарды әкелуге және (немесе) әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)

01095

Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге және (немесе) әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)

01101

Мәдени құндылықтарды, ұлттық архив қорларының құжаттарын және архив құжаттарының түпнұсқаларын әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)

01111

Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдарды әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)

01121

Тірі жабайы жануарларды, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктерді және жабайы өсетін дәрілік шикізатты әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)

01125

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қызыл кітаптарына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жататын тірі жабайы аңдарды және жабайы өсетін өсімдіктерді әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)

01131

Адам ағзасының органдарын және тіндерін, қаны мен оның компоненттерін, адамның биологиялық материалдарының үлгілерін әкелуге және (немесе) әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)";

      01143 кодындағы позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"01143

Әкелуге және (немесе) әкетуге мемлекеттік бақылау актісі:
– бағалы тастар;
– бағалы металдар және құрамында бағалы металдар бар шикізаттық тауралар";

      01191 кодындағы позиция "01192 кодындағы позицияда көрсетілген құжатты қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      01192 кодындағы позицияда "(Ресей Федерациясы үшін)" деген сөздер алып тасталсын;

      01193 кодындағы позиция алып тасталсын;

      01201 кодындағы позиция алдында мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"01194

Оларды қабылдауды, сақтауды, ал сәйкестілікті растау рәсімдерінен өткеннен кейін – дәрілік заттарды, медициналық және ветеринариялық тағайындалатын тауарларды жіберуді және өткізуді жүзеге асыратын алушының дәріханалық қоймаларына орналастыру жағдайында өнімнің дәрілік заттарға, медициналық және ветеринариялық тағайындалатын тауарларға тиесілігін және өтініш берушінің оның жауапкершілігіне кепілдік беретінін растайтын уәкілетті органның анықтамасы (Қырғыз Республикасы үшін)";

      01209 кодындағы позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"01210

Армения Республикасында біржақты тәртіпте енгізілген тыйым салулар мен шектеулердің (уақытша шаралардың) сақталуын растайтын құжаттар";

      01221 кодындағы позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"01225

Қырғыз Республикасында біржақты тәртіпте енгізілген тыйым салулар мен шектеулердің (уақытша шаралардың) сақталуын растайтын құжаттар";

      01241 кодындағы позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"01241

Өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық схемасы сертификаты (сертификат туралы мәліметтер) (Кимберлийский процесінің сертификаты)";

      01301 кодындағы позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"01311

Минералды шикізатты әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)

01321

Қауіпті қалдықтарды әкелуге және (немесе) әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)

01332

Экспорттаушы мемлекеттің құзыретті органының есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының нақты партиясын әкетуге рұқсаты не осы органның көрсетілген рұқсат талап етілмейтіні туралы ресми хабарламасы";

      б) 6-бөлім 06017 кодындағы позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"06018

EAV нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификат ";

      в) 10-бөлім 10044 кодындағы позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"10050

Азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың, соның ішінде орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелу кезінде лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжаты) ұсыну талап етілмейтін азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың, соның ішінде орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін тауарлардың бірыңғай тізіліміне енгізілгені туралы мәліметтер

10051

Мемлекеттік тізілімнің сәйкес ақпараттық жүйесінде немесе тіркеу куәлігінде немесе дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінен үзіндіде қамтылған дәрілік заттарды және фармацевтикалық субстанцияларды тіркеу туралы мәліметтер

10052

Сәйкес нотификацияның шифрлау (криптографиялық) құралдар мен оларды қамтитын тауарлардың сипаттамалары туралы нотификациялардың бірыңғай тізіліміне енгізілгені туралы мәліметтер".


      3. Салықтардың, алымдардың және өндіріп алу кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің түрлерін сыныптауыштың 2-бөлімінде (9-қосымша):

      а) 2.4 кіші бөлім мынадай мазмұндағы 2.4.17 позициямен толықтырылсын:

"2.4.17. Орташа дистилляттарға акциз

4260";

      б) 2.5 кіші бөлімінде:

      2.5.1-тармақ 4172 кодындағы позициядан кейін мынадай мазмұндағы позиуиямен толықтырылсын:

"Орташа дистилляттарға акциз төлемін кейінге қалдыруды ұсыну пайыздары

4262";

      2.5.2-тармақ 4173 кодындағы позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Орташа дистилляттарға акциз төлемін бөліп төлеуді ұсыну пайыздары

4263";

      в) 2.6 кіші бөлім 7015 кодындағы позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"Азаматтық-құқықтық және әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану нәтижесінде алынған қаражат

7030

Кеден органдары қозғаған істер бойынша қылмыстық жауапкершілік шараларын қолдану нәтижесінде алынған қаражат

7040";

      г) 2.7 кіші бөлімінде:

      9120 кодындағы позиция "құрал (шасси)" деген сөздерден кейін "және оларға тіркеме" деген сөздермен "құралдар (шасси)" деген сөздерден кейін "және оларға тіркемелер" деген сөздермен толықтырылсын;

      9130 кодындағы позиция "құралдар (шасси)" деген сөздерден кейін "және оларға тіркемелер" деген сөздермен толықтырылсын;

      9130 кодындағы позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"Беларусь Республикасының аумағына әкелінетін өздігінен жүретін машиналар мен олардың тіркемелерінен басқа, Ресей Федерациясына әкелінетін өздігінен жүретін машиналар мен олардың тіркемелеріне төленетін утилизация алымы

9150

Беларусь Республикасының аумағынан Ресей Федерациясына әкелінетін өздігінен жүретін машиналар мен олардың тіркемелеріне төленетін утилизация алымы

9160".

      4. Валюталар сыныптауышында (23-қосымша):

      а) 072 кодындағы позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"933

BYN

Белорусь рублі";

      б) 974 кодындағы позиция "1" сілтеме белгісімен толықтырылсын;

      в) 428 кодындағы позицияда "*" сілтеме белгісі "2" сілтеме белгісімен ауыстырылсын;

      г) 950 кодындағы позицияда "**" сілтеме белгісі "3" сілтеме белгісімен ауыстырылсын;

      д) 952 кодындағы позицияда "***" сілтеме белгісі "4" сілтеме белгісімен ауыстырылсын;

      е) сілтемелерде:

      бірінші сілтеменің алдында мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:

      "1 Қоса алғанда 2016 жылғы 30 маусымға дейін төленген ақшалай қаражат үшін қолданылады.";

      "*", "**" және "***" сілтеме белгілері сәйкесінше "2", "3" және "4" сілтеме белгілерімен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады