Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 288 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 56 шешімі.

      Кеден одағының Кеден кодексінің 360-бабы 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік кіріс ордерінің нысаны және кедендік кіріс ордерін толтыру және қолдану тәртібі туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 288 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім күшіне енгенге дейін әзірленген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қатаң есептіліктің типографиялық бланкасы болып табылатын кедендік кіріс ордері бланкілері кедендік кіріс ордерлерін рәсімдеу үшін олар толығымен жұмсалғанға дейін пайдаланылатыны белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 56 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 288 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кедендік кіріс ордерінің нысанында және кедендік кіріс ордерінің қосымша парағының нысанында:

      а) 9-графада "Кеден қызметкерінің қолы" деген сөздер "Кеден органының лауазымды тұлғасының қолы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) соңғы графада "Кеденге арналған дана" деген сөздер "Кеден органына арналған дана" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешіммен бекітілген кедендік кіріс ордерін толтыру және қолдану тәртібінде:

      а) мәтін бойына:

      сәйкес сандағы және септіктегі "кеден одағына мүше мемлекет" деген сөздер сәйкес сандағы және септіктегі "мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 2-тармақта:

      бірінші абзацтың алдында мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "2. ККО және ККОҚ Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 288 шешімімен бекітілген нысан бойынша бланкте (бұдан әрі – бланк) қағаз тасымалдағышта рәсімделеді.";

      бірінші абзацта:

      "2. Бланктер" сөзі "Бланктер" сөзімен ауыстырылсын;

      "лауазымды тұлғасы" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – лауазымды тұлға)" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацта "кеден органының" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші абзацта "кеден одағының мүше мемлекеттері" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Мүше мемлекеттердің заңнамасымен ККО, ККОҚ электронды құжат түрінде рәсімдеу жағдайлары белгіленуі мүмкін.";

      в) 3-тармақта:

      1-тармақшада "кеден одағына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақшаның қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын;

      соңғы абзацта "жүк кедендік декларация" деген сөздер "тауар декларациясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ККО-да Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес осы Тәртіптің ККО, ККОҚ 6-графасының 6.6 кіші графасын толтыруға арналған бір кодпен сыныпталатын тауарларға қатысты төлемдер есептелуі мүмкін. Осы Тәртіптің ККО, ККОҚ 6-графасының 6.6 кіші графасын толтыру үшін көзделген ЕАЭО СЭҚ ТН әртүрлі кодтарымен сыныпталатын тауарларға қатысты төлемдерді есептеу қажет болған жағдайда мұндай тауарлар туралы мәліметтер ККОҚ-да көрсетіледі.";

      д) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. ККО, ККОҚ бланкіде толтыру ККО, ККОҚ электронды түрде қалыптастырумен бірге жүргізіледі.

      ККО, ККОҚ электронды түрде қалыптастыруды лауазымды тұлға жүзеге асырады.

      Кедендік операцияларды жүргізуді жылдамдату үшін төлеушінің не кеден өкілінің ККО, ККОҚ электронды түрде алдын ала қалыптастыруына жол беріледі. Мұндай жағдайда лауазымды тұлға электронды түрдегі ККО, ККОҚ графаларының дұрыс толтырылуын тексереді, қажет болған жағдайда жетіспейтін ақпаратты енгізеді, ККО, ККОҚ бланкте басып шығарады, жеке нөмірлік мөрдің баспа-таңбасымен және қолтаңбасымен куәландырады.";

      е) 7-тармақта "ККО, ККОҚ электрондық көшірмесі", "ККО, ККОҚ электрондық көшірмелері" деген сөздер "электронды түрдегі ККО, ККОҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ж) 8-тармақта:

      бірінші абзац "ККО, ККОҚ" деген сөздердің алдында "бланкте рәсімделген" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацта:

      бірінші сөйлемде "ККО, ККОҚ электрондық көшірмелері" деген сөздер "электронды тұрдегі ККО, ККОҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлем "мұндай түзету" деген сөздің алдында "бланкте" деген сөзбен толықтырылсын;

      з) 10-тармақта:

      10.1-тармақшада:

      1-тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында және 3-тармақшаның бірінші абзацында "кеден одағына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10.2-тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әрбір ККОҚ-та оның реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте есептеу ККО-дан басталады.";

      10.5-тармақшаның төртінші және бесінші абзацтарында "кеден одағының заңнамасымен" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын қамтитын халықаралық шарттармен және актілермен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10.6-тармақшада:

      тоғызыншы абзацта "кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН)" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;

      оныншы абзацта "жиынтық төлемнің" деген сөздер "жиынтық кедендік төлемнің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он сегізінші абзацта "кеден одағына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10.8-тармақшада:

      төртінші абзацта:

      "кедендік түрлердің сыныптауышы" деген сөздер "салықтар, алымдар түрлерінің сыныптауышы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген (Армения Республикасында кедендік бажды төлеу кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шарттың № 3 қосымшасының 30-тармағына сәйкес 6030 коды көрсетіледі)";

      сегізінші абзацта:

      "тәсілдері мен ерекшеліктерінің сыныптауышы" деген сөздер "тәсілдерін сыныптауыш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      оныншы абзацта:

      бірінші сөйлемнен кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Төлемдерді төлеу жүргізілген құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні туралы мәліметтер мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларда көрсетілмейді.";

      он бірінші абзацтың қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын;

      10.9-тармақшаның бірінші абзацында "кеден қызметкері" деген сөздер "кеден органының лауазымды тұлғасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады