Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 64 шешімі.

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға Бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандары туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 64 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Мынадай мазмұндағы 45-тармақпен толықтырылсын:

      "45. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізаттың ветеринариялық сертификаты (№ 45 нысан) (қоса беріледі).".

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандары мынадай мазмұндағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізаттың ветеринариялық сертификатымен толықтырылсын (№ 45 нысан):

  "№ 45 нысан

1. Жеткізудің сипаттамасы
 

1.5. Сертификат № _______________
 

1.1. Жүкті жөнелтушінің атауы және мекенжайы:

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізаттың ветеринариялық сертификаты

1.2. Жүкті алушының атауы және меекнжайы: 

1.3. Көлік:
(вагонның, автомашинаның, контейнердің, ұшақ рейсінің №, кеменің атауы)

1.6. Тауарды шығарған ел:

1.7. Сертификат берген ел:

1.8. Экспорттаушы елдің құзыретті ведомствосы:

1.9. Экспорттаушы елдің сертификат берген мекемесі:

1.10. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу пункті:

1.4. Транзит ел(дер):

2. Тауарды сәйкестендіру
2.1. Тауардың атауы:
2.2. Тауар дайындалған күн:
2.3. Қаптама:
2.4. Орын саны:
2.5. Салмағы нетто (кг):
2.6. Пломба нөмірі:
2.7. Таңбалау:
2.8. Сақтау және тасымалдау талаптары:

3. Тауардың шыққан жері
3.1. Кәсіпорынның атауы, тіркеу нөмірі және мекенжайы:
қасапханалық кәсіпорын (қасапхана пункті):
ет өңдейтін кәсіпорын:
3.2. Әкімшілік-аумақтық бірлік:

4. Тауардың азыққа жарамдылығы туралы куәлігі
 
Мен, төменде қол қойған мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігер, осымен мыналарды куәландырамын:
 
Сертификат мынадай экспортқа дейінгі сертификаттар* негізінде берілді (экспортқа дейінгі сертификаттар 2-ден артық болған жағдайда тізімі қоса беріледі):

Күні

Нөмірі

Шыққан елі

Әкімшілік аумақ

Кәсіпорынның тіркеу нөмірі

Тауардың түрі мен саны (салмағы нетто)













4.1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын, жануарларды немесе құстарды қасапханалық немесе ет өңдеу кәсіпорындарында сою және өңдеу кезінде алынған, оларға қатысты қандайда бір ветеринариялық-санитариялық шектеулер белгіленбеген және ветеринариялық қызметтің бақылауында болып табылатын тағамдық емес шикізат.

4.2. Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізат алынған жануарлар сою алдында ветеринариялық тексеруге, ал олардың ұшалары, басы мен ішкі органдары – сойғаннан кейін ветеринариялық-санитариялық сараптауға жатады.

4.3. Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізат жануарлардың мынадай жұқпалы ауруларынан ресми еркін шаруашылықтардан немесе әкімшілік аумақтардан шыққан жануарларды сою және өңдеу кезінде алынуы тиіс:
барлық жануарлар үшін (құстардан басқа):
аусыл – елдің аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 12 ай ішінде;
сібір жарасы – шаруашылықта соңғы 20 күн ішінде.
Ірі қара мал:
ірі қара малдың обасы, жұқпалы (контагиозды) плевропневмониясы (өкпені әкелу (өткізу) жағдайында) – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 24 ай ішінде;
ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы. Шикізат ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясымен ауырмаған отардан алынады және жануарлар ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясымен ауырған жануарлардың ұрпағына жатпайды; жануарларды азықтандыру үшін, МЭБ Кодексімен пайдалануға рұқсат етілген компоненттерді қоспағанда, күйіс қайыратын жануарлардан алынған ақуыздар пайдаланылмаған; жануарлар сою алдында жануарлардың ми сауытына сығымдалған ауа немесе газ жіберу механизмінің көмегімен есеңгіретілмеген және бас миын тесуге ұшырамаған; жануарлардың ұшаларынан ерекше тәуекел материалдары МЭБ Кодексінің ұсынымдарына сәйкес алып тасталған.
Қойлар және ешкілер:
қойлардың скрепиі – МЭБ Кодексінің ұсынымдарына сәйкес;
күйіс қайыратын ұсақ малдың обасы – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 36 ай ішінде;
ірі қара малдың обасы – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 24 ай ішінде.
Шошқалар:
шошқалардың африкалық обасы – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 36 ай ішінде;
шошқаның везикулярлық ауруы – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 24 ай ішінде немесе "стэмпинг аут" жүргізілген ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 9 ай ішінде;
шошқаның классикалық обасы – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 12 ай ішінде;
Ауески ауруы (жалған құтыру) – бастары мен ішкі органдарын әкелу (өткізу) жағдайында МЭБ Кодексінің ұсынымдарына сәйкес ел аумағында.
Құстар:
МЭБ Кодексіне сәйкес міндетті декларациялауға жататын құс тұмауы – ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай ішінде немесе "стэмпинг аут" жүргізген және аймақтандыруға сәйкес эпизоотикалық бақылаудың теріс нәтижелері кезінде соңғы 3 ай ішінде;
Ньюкасл ауруы – ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай ішінде немесе "стэмпинг аут" жүргізген және аймақтандыруға сәйкес эпизоотикалық бақылаудың теріс нәтижелері кезінде соңғы 3 ай ішінде.
Жылқылар:
жылқының африкалық обасы – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 24 ай ішінде;
маңқа – ел аумағында немесе аймақтандыруға сәйкес әкімшілік аумақта соңғы 36 ай ішінде;
жылқының жұқпалы анемиясы – шаруашылық аумағында соңғы 3 ай ішінде;
эпизоотикалық лимфангоит – шаруашылық аумағында соңғы 2 ай ішінде ауру жағдайлары тіркелмеген.
Үй қояндары:
үй қояндарының вирустық геморрагиялық ауруы – шаруашылықта сою алдында соңғы 60 күн ішінде ауру жағдайлары тіркелмеген.
Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізат трихинеллезге теріс нәтижелермен зерттелген немесе кестеде көрсетілгендей мұздатылған шошқаның ұшасынан алынды:
 

Уақыт (сағат)

Температура (°C)

106

-18

82

-21

63

-23,5

48

-26

35

-29

22

-32

8

-35

½

-37

 

4.4. Ұшалардан алынған жануарлардан алынатын өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізат:
сойғаннан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптама кезінде, сондай-ақ әртүрлі заттармен улану кезінде жұқпалы ауруларға, гельминттермен зақымдануға тән өзгерістері болмайтын;
сақтау кезінде дефростацияға ұшырамаған;
бүліну белгілері болмаған
мұздатылған тағымдық емес ет шикізаты үшін бұлшықет қалыңдығында минус 18 °С артық және салқындатылған шикізат үшін плюс 4 °С артық температурасы болмаған.

4.5. Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізат мынадай ветеринариялық-санитариялық талаптарға жауап беруі тиіс:
жалпы микробтық саны, КОЕ/г – 5 х 106;
25,0 г-ғы сальмонелла – жол берілмейді (азықтандыру алдында жануарлар жылулық өңдеуге ұшырамайтын терісі бағалы аңдардың азығына арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізат үшін ғана);
1,0 г-ғы ішек таяқшаларының энтеропатогендік типтері – жол берілмейді;
қорғасын – 10,0 мг/кг артық емес;
кадмий – 0,5 мг/кг артық емес;
мырыш – 2,0 мг/кг артық емес;
сынап – 0,3 мг/кг артық емес.
Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізат құрамындағы цезий-137 және стронций-90 мынадай көрсеткіштер аспауы тиіс: цезий-137 – 600 бк/кг, стронций-90 – 100 бк/кг.

4.6. Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізат қаптада немесе полиблокта таңбалануы тиіс. Этикетка қаптамаға этикетканы қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын тәсілмен жапсырылуы тиіс. Егер қаптаманың конструкциясы оны заңсыз ашудың алдын алмайтын жағдайда этикетка қаптаманы кез келген ашудың этикетканың тұтастығын бұзуға алып келетіндей етіп орналастырылуы тиіс.

4.7. Өнім бермейтін үй жануарлары мен терісі бағалы аңдар үшін азықтар өндіруге арналған жануарлардан алынатын тағамдық емес шикізатпен тікелей қатынаста болатын қаптама бір реттік болуы және Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

4.8. Көлік құралы экспорттаушы елде қабылданған қағидаларға сәйкес өңделді және дайындалды.

Орны _______________      Күні _______________ Мөр
Мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігердің қолы ____________________________________
Т. А. Ә. және лауазымы_____________________________________________________________


Ескертулер:

1. Қолы мен мөр бланк түсінен ерекшеленуі тиіс.
2. Ветеринариялық сертификат орыс тілінде, сондай-ақ экспорттаушы елдің тілінде және (немесе) ағылшын тілінде рәсімделеді.

      _______________

      * Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер үшін. Бұл ретте экспортқа дейінгі сертификат деп Еуропалық одақ аумағында өткізу үшін Еуропалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органының сертификаттаушы лауазымды тұлғасы берген және онда көрсетілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарына жауап беретінін растайтын ілеспе құжат (ресми сертификат) танылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады