Өздеріне қатысты кедендік декларация беру Кеден одағының "Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламент" техникалық регламенті (КО ТР 035/2014) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжат берумен сүйемелденетін өнімдер тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 66 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімдерді (тауарларды) Кеден одағының кеден аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Техникалық реттеу хаттамасының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 9 қосымшасы) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің № 2 қосымшасының 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса берілген Өздеріне қатысты кедендік декларация беру Кеден одағының "Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламент" техникалық регламенті (КО ТР 035/2014) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжат берумен сүйемелденетін өнімдер тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 66 шешіміне
ҚОСЫМША

Өздеріне қатысты кедендік декларация беру Кеден одағының "Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламент" техникалық регламенті (КО ТР 035/2014) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжат берумен сүйемелденетін өнімдер ТІЗБЕСІ

Өнімнің атауы
(темекі өнімдерінің түрлері)

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Сәйкестілікті бағалау туралы құжат

Ескерту

1

2

3

4





1. Сигаралар, сигариллалар (сигариттер), сигареттер, кретек, папиростар, биди
 

2402 10 000 0
2402 20 100 0
2402 20 900 0
 

сәйкестілік туралы декларация


2. Шегетін жіңішкелеп кесілген темесі, кальянға арналған темекі, түтік темекісі

2403 11 000 0
2403 19 100 0
2403 19 900 0

сәйкестілік туралы декларация

 
 
сатуға арналған орамада немесе соңғы тұтынушыға өткізілетін өнімнің бастапқы орамасында


Ескерту:

1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет.


2. Кеден одағының "Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 035/2014) техникалық регламенті таралмайтын темекі өнімі:
Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына зертханалар, темекі бұйымдарын әзірлеушілер және (немесе) импорттаушылар (сатушылар) әкелетін және сапасын және қауіпсіздігін бақылауға арналған, халықаралық стандарттарға сәйкестілігін өлшеуге, зертханааралық салыстырмалы сынақтар, Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттері талаптарына сәйкес нормаланатын параметрлерін өлшеуді, жабдықты калибрлеуді, салыстырмалы тесттерді жүргізуге, дегустация жүргізуге, дизайнын зерттеуге арналған темекі өнімдерінің үлгілері;
Еуразиялық экономикалық одақ аумағына халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастырушылар және (немесе) қатысушылар үлгілер және экспонаттар ретінде әкелетін темекі өнімдерінің үлгілері;
шекпейтін темекі бұйымдары.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады