Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімдерді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 26 мамырдағы "Кедендік декларация тапсыру Кеден одағының "Жемістер мен көкөністерден алынатын шырын өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 023/2011) техникалық регламенті талаптарына сәйкестілігін бағалау (растау) туралы құжатты ұсынумен бірге жүргізілетін өнімдердің тізбесін бекіту туралы" № 76 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 70 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 26 мамырдағы № 76 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Атауында:
а) "(растау)" сөзі алып тасталсын;
б) "құжатты" деген сөзден кейін "немесе осындай құжат туралы мәліметтерді" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Алғысөзде "2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың 3-бабына сәйкес" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімдерді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағы "в" тармақшасын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 9 қосымшасы) 8-тармағына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 1-тармақта:
а) "(растау)" сөзі алып тасталсын;
б) "құжатты" деген сөзден кейін "немесе осындай құжат туралы мәліметтерді" деген сөздермен толықтырылсын.
4. Осы Шешіммен бекітілген Кедендік декларация тапсыру Кеден одағының "Жемістер мен көкөністерден алынатын шырын өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 023/2011) техникалық регламенті талаптарына сәйкестілігін бағалау (растау) туралы құжатты ұсынумен бірге жүргізілетін өнімдердің тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 26 мамырдағы № 76 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
|
(Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 70 шешімінің редакциясында) |
Кедендік декларация тапсыру Кеден одағының "Жемістер мен көкөністерден алынатын шырын өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 023/2011) техникалық регламенті талаптарына сәйкестілігін бағалау (растау) туралы құжатты немесе осындай құжат туралы мәліметтерді ұсынумен бірге жүргізілетін өнімдердің ТІЗБЕСІ
Өнімнің атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Сәйкестілікті бағалау туралы құжат немесе осындай құжат туралы мәліметтер | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 |
Жемістерден және (немесе) көкөністерден (томаттан басқа) алынатын шырындар, соның ішінде: | 2009 | сәйкестілік туралы декларация | мамандандырылған тағамдық өнімге жататын шырындар үшін мамандандырылған тағамдық өнімді мемлекеттік тіркеу туралы растаудың болуы (мамандандырылған тағамдық өнімнің бірыңғай тізілімінде мәліметтердің болуы) жеткілікті болып табылады және сәйкестілік туралы декларация ұсыну талап етілмейді шырындардың жаңа түрі үшін тағамдық өнімнің бірыңғай тізілімінде жаңа түрді мемлекеттік тіркеу туралы растаудың болуы (жаңа түрдің тағамдық өнімнің біріңғай тізілімде мәліметтері болуы) жеткілікті болып табылады және сәйкестілік туралы декларация ұсыну талап етілмейді |
Жеміс және (немесе) көкөніс шірнелері | 2202 90 100 9 | сәйкестілік туралы декларация | мамандандырылған тағамдық өнімге жататын жеміс және (немесе) көкөніс шірнелері үшін мамандандырылған тағамдық өнімді мемлекеттік тіркеу туралы растаудың болуы (мамандандырылған тағамдық өнімнің бірыңғай тізілімінде мәліметтердің болуы) жеткілікті болып табылады және сәйкестілік туралы декларация ұсыну талап етілмейді жеміс және (немесе) көкөніс шірнелерінің жаңа түрі үшін тағамдық өнімнің бірыңғай тізілімінде жаңа түрді мемлекеттік тіркеу туралы растаудың болуы (жаңа түрдің тағамдық өнімнің біріңғай тізілімде мәліметтері болуы) жеткілікті болып табылады және сәйкестілік туралы декларация ұсыну талап етілмейді |
Құрамында жемістердің және (немесе) көкөністердің шырындары бар сусындар | 2202 90 100 9 | сәйкестілік туралы декларация | мамандандырылған тағамдық өнімге жататын құрамында жемістердің және (немесе) көкөністердің шырындары бар сусындар үшін мамандандырылған тағамдық өнімді мемлекеттік тіркеу туралы растаудың болуы (мамандандырылған тағамдық өнімнің бірыңғай тізілімінде мәліметтердің болуы) жеткілікті болып табылады және сәйкестілік туралы декларация ұсыну талап етілмейді құрамында жемістердің және (немесе) көкөністердің шырындары бар сусындардың жаңа түрі үшін тағамдық өнімнің бірыңғай тізілімінде жаңа түрді мемлекеттік тіркеу туралы растаудың болуы (жаңа түрдің тағамдық өнімнің біріңғай тізілімде мәліметтері болуы) жеткілікті болып табылады және сәйкестілік туралы декларация ұсыну талап етілмейді |
Морстар | 2202 90 100 9 | сәйкестілік туралы декларация | мамандандырылған тағамдық өнімге жататын морстар үшін мамандандырылған тағамдық өнімді мемлекеттік тіркеу туралы растаудың болуы (мамандандырылған тағамдық өнімнің бірыңғай тізілімінде мәліметтердің болуы) жеткілікті болып табылады және сәйкестілік туралы декларация ұсыну талап етілмейді морстардың жаңа түрі үшін тағамдық өнімнің бірыңғай тізілімінде жаңа түрді мемлекеттік тіркеу туралы растаудың болуы (жаңа түрдің тағамдық өнімнің біріңғай тізілімде мәліметтері болуы) жеткілікті болып табылады және сәйкестілік туралы декларация ұсыну талап етілмейді |
Қойылтылған морстар |
2009 | сәйкестілік туралы декларация | морстардың жаңа түрі үшін тағамдық өнімнің бірыңғай тізілімінде жаңа түрді мемлекеттік тіркеу туралы растаудың болуы (жаңа түрдің тағамдық өнімнің біріңғай тізілімде мәліметтері болуы) жеткілікті болып табылады және сәйкестілік туралы декларация ұсыну талап етілмейді |
Жемістер және (немесе) көкөністер (томаттан басқа) пюресі, қойылтылған жемістер және (немесе) көкөністер (томаттан басқа) пюресі |
2004 90 | сәйкестілік туралы декларация | жемістер және (немесе) көкөністер (томаттан басқа) пюресінің, қойылтылған жемістер және (немесе) көкөністер (томаттан басқа) пюресінің жаңа түрі үшін тағамдық өнімнің бірыңғай тізілімінде жаңа түрді мемлекеттік тіркеу туралы растаудың болуы (жаңа түрдің тағамдық өнімнің біріңғай тізілімде мәліметтері болуы) жеткілікті болып табылады және сәйкестілік туралы декларация ұсыну талап етілмейді |
Томат шырындары, томат пюресі, қойылтылған томат пюресі (пасталар) |
2002 90 |
сәйкестілік туралы декларация | мамандандырылған тағамдық өнімге жататын томат шырындары үшін мамандандырылған тағамдық өнімді мемлекеттік тіркеу туралы растаудың болуы (мамандандырылған тағамдық өнімнің бірыңғай тізілімінде мәліметтердің болуы) жеткілікті болып табылады және сәйкестілік туралы декларация ұсыну талап етілмейді томат шырындарының, томат пюресінің, қойылтылған томат пюресінің (пасталардың) жаңа түрі үшін тағамдық өнімнің бірыңғай тізілімінде жаңа түрді мемлекеттік тіркеу туралы растаудың болуы (жаңа түрдің тағамдық өнімнің біріңғай тізілімде мәліметтері болуы) жеткілікті болып табылады және сәйкестілік туралы декларация ұсыну талап етілмейді |
Жемістерден немесе көкөністерден алынған қойылтылған табиғи хош иістендіретін заттар |
2106 90 200 0 |
сәйкестілік туралы декларация | жемістерден немесе көкөністерден алынған қойылтылған табиғи хош иістендіретін заттардың жаңа түрі үшін тағамдық өнімнің бірыңғай тізілімінде жаңа түрді мемлекеттік тіркеу туралы растаудың болуы (жаңа түрдің тағамдық өнімнің біріңғай тізілімде мәліметтері болуы) жеткілікті болып табылады және сәйкестілік туралы декларация ұсыну талап етілмейді |
Цитрус жемістерінің жасушалары, жемістердің және (немесе) көкөністердің жұмсағы |
2002 | сәйкестілік туралы декларация | цитрус жемістері жасушаларының, жемістер және (немесе) көкөністер жұмсағының жаңа түрі үшін тағамдық өнімнің бірыңғай тізілімінде жаңа түрді мемлекеттік тіркеу туралы растаудың болуы (жаңа түрдің тағамдық өнімнің біріңғай тізілімде мәліметтері болуы) жеткілікті болып табылады және сәйкестілік туралы декларация ұсыну талап етілмейді |
Жеміс-көкөніс аралас пюресі | 2104 20 009 0 | сәйкестілік туралы декларация | жеміс-көкөніс аралас пюресінің жаңа түрі үшін тағамдық өнімнің бірыңғай тізілімінде жаңа түрді мемлекеттік тіркеу туралы растаудың болуы (жаңа түрдің тағамдық өнімнің біріңғай тізілімде мәліметтері болуы) жеткілікті болып табылады және сәйкестілік туралы декларация ұсыну талап етілмейді |
Ескертулер:
1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет.
2. Кеден органдарына Кеден одағының "Жемістер мен көкөністерден алынатын шырын өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 023/2011) техникалық регламенті талаптарына сәйкестілігін бағалау (растау) туралы құжатты немесе осындай құжат туралы мәліметтерді ұсыну туралы талап Еуразиялық экономикалық одақ аумағына айналысға шығарылатын жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімдеріне қатысты қолданылады (осы тізбенің 4-графасында келтірілген ескертулер ескеріле отырып) және азаматтардың үй жағдайында, жеке қосалқы шаруашылықтарында өндірген немесе бағбаншылықпен, бақша егумен шұғылданатын азаматтар өндірген жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өніміне қатысты қолданылмайды.".