Кеден одағы Кеден кодексінің 68-бабының 4-тармағына және 180-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген Тауарлардың декларациясын түзету үлгілерін толтыру жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 77 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кеден одағы Комисссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың 15-тармағында:
а) 11-тармақшаның үшінші абзацында (кестеден кейін) және 43-тармақшаның үшінші абзацында (кестеден кейін) "және Беларусь Республикасында" деген сөздер алып тасталсын;
б) 45-тармақшада:
он сегізінші абзацта (кестеден кейін) "және Беларусь Республикасында" деген сөздер алып тасталсын;
он тоғызыншы абзацта (кестеден кейін) "Қазақстан Республикасында" деген сөздер "Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма алтыншы абзацта (кестеден кейін) ", Беларусь Республикасында" деген сөздер алып тасталсын;
жиырма жетінші абзацта (кестеден кейін) "Қырғыз Республикасында" деген сөздер "Беларусь Республикасында, Қырғыз Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 46-тармақшада:
бесінші абзацта (кестеден кейін) ", Беларусь Республикасында" деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы абзацта (кестеден кейін) "Қырғыз Республикасында" деген сөздер "Беларусь Республикасында, Қырғыз Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген Тауарлардың декларациясын түзету үлгілерін толтыру жөніндегі нұсқаулықтың 10-тармағының 9-тармақшасында:
а) төртінші абзац (кестеден кейін) алып тасталсын;
б) алтыншы абзацта (кестеден кейін) "Қырғыз Республикасында" деген сөздер "Беларусь Республикасында, Қырғыз Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын.