2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына, Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы 2015 жылғы 29 мамырдағы келісімнің 2-тарауына (бұдан әрі – Келісім) және Келісімнің № 1 қосымшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Вьетнам Социалистік Республикасында өсірілетін және Келісімге сәйкес 2017 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумағына әкелінетін ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квота көлемі (бұдан әрі тиісінше – ұзын дәнді күріш, тарифтік квота) белгіленсін.
2. Тарифтік квота ішкі қолдану үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылатын ұзын дәнді күрішке қатысты қолданылады деп белгіленсін.
3. Мүше мемлекеттер:
осы Шешімнің 1-тармағында белгіленген тарифтік квотаның көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында өз заңнамасына сәйкес бөлуді жүзеге асырсын;
атқарушы биліктің уәкілетті органдарына ұзын дәнді күрішті әкелуге лицензиялар беруді жүзеге асыруға тапсырма берсін.
4. Мүше мемлекеттерден 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша осы Шешімнің 1-тармағына сәйкес белгіленген тарифтік квота көлемдерінің таңдап алынған бөлігі туралы, сондай-ақ 2017 жылдың соңына дейін тарифтік квотаның белгіленген көлемдерін іріктеу бойынша болжамдар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету;
осы тармақтың бірінші абзацының ережелеріне тәуелсіз мүше мемлекеттердің арасында тарифтік квотаның белгіленген көлемдерінің таңдап алынбаған бөлігін бөлу бөлігінде осы Шешімге өзгерістер енгізу туралы ұсынысты қажет болған жағдайда 2017 жылғы 1 маусымнан кешіктірмей Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына ұсыну сұралсын.
5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Келісім күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 30 тамыздағы № 98 шешіміне ҚОСЫМША |
Вьетнам Социалистік Республикасында өсірілетін және Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы 2015 жылғы 29 мамырдағы келісімге сәйкес 2017 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квота КӨЛЕМДЕРІ
Тауардың атауы |
ЕАЭО | Тарифтік квота көлемі (тонна) | ||||
Армения Республикасы | Беларусь Республикасы | Қазақстан Респуликасы | Қырғыз Республикасы | Ресей Федерациясы | ||
Ұзындығының еніне қатысында 3 тең немесе артық толығымен жарылған буланған ұзын дәнді күріш | 1006 30 670 1 | 0,0 | 1 026,0 | 0,0 | 0,0 | 8 974,0 |
Ұзындығының еніне қатысында 3 тең немесе артық толығымен жарылған өзге де ұзын дәнді күріш | 1006 30 980 1 |