Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне өзгерістер енгізу және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 30 тамыздағы № 99 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының тізбе бойынша шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім ол ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 30 тамыздағы
№ 99 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "№ 20 қосымшаға сәйкес Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге;

      № 21 қосымшаға сәйкес Дәрілік заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы ережеге.".

      2. 5-тармақта "№ 20 қосымшаға" деген сөздер "№ 22 қосымшаға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Осы Шешімде көрсетілген № 1 қосымша 1.2-тараудың алдында мынадай мазмұндағы 1.1-тараумен толықтырылсын:

      "1.1. Әкелуге және әкетуге тыйым салынған озонды бұзатын заттар және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдер*

      A тізімі

Тауар атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды


Зат

Атауы

I топ

CFCl3

(ХФУ-11)

фтортрихлорметан

2903 77 100 0

CF2Cl2

(ХФУ-12)

дифтордихлорметан

2903 77 200 0

C2F3Cl3

(ХФУ-113)

1,1,2-трифтортрихлорэтан

2903 77 300 0-ден

C2F4Cl2

(ХФУ-114)

1,1,2,2-тетрафтордихлорэтан

2903 77 400 0-ден

C2F5Cl

(ХФУ-115)

пентафторхлорэтан

2903 77 500 0

II топ

CF2BrCl

(Галон 1211)

дифторхлорбромметан

2903 76 100 0

CF3Br

(Галон 1301)

трифторбромметан

2903 76 200 0

C2F4Br2

(Галон 2402)

1,1,2,2-тетрафтордибромэтан

2903 76 900 0-ден

B тізімі

I топ

CF3Cl

(ХФУ-13)

трифторхлорметан

2903 77 900 0-ден

C2FCl5

(ХФУ-111)

фторпентахлорэтан

2903 77 900 0-ден

C2F2Cl4

(ХФУ-112)

дифтортетрахлорэтаны

2903 77 900 0-ден

C3FCl7

(ХФУ-211)

фторгептахлорпропаны

2903 77 900 0-ден

C3F2Cl6

(ХФУ-212)

дифторгексахлорпропаны

2903 77 900 0-ден

C3F3Cl5

(ХФУ-213)

трифторпентахлорпропаны

2903 77 900 0-ден

C3F4Cl4

(ХФУ-214)

тетрафтортетрахлорпропаны

2903 77 900 0-ден

C3F5Cl3

(ХФУ-215)

пентафтортрихлорпропаны

2903 77 900 0-ден

C3F6Cl2

(ХФУ-216)

гексафтордихлорпропаны

2903 77 900 0-ден

C3F7Cl

(ХФУ-217)

гептафторхлорпропаны

2903 77 900 0-ден

II топ

CСl4


төртхлорлы көмірсутегі (ТХК) немесе тетрахлорметан

2903 14 000 0

III топ

C2H3Cl3**

метилхлороформ (МХФ),
яғни 1,1,1-трихлорэтан

2903 19 100 0

      C тізімі

Тауар атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды


Зат

Атауы

II топ

CHFBr2

(ГБФУ-21B2)

фтордибромметан

2903 79 210 0-ден

CHF2Br

(ГБФУ-22B1)

дифторбромметан

2903 79 210 0-ден

CH2FBr

(ГБФУ-31B1)

фторбромметан

2903 79 210 0-ден

C2HFBr4

(ГБФУ-21B4)

фтортетрабромэтан

2903 79 210 0-ден

C2HF2Br3

(ГБФУ-23B3)

дифтортрибромэтан

2903 79 210 0-ден

C2HF3Br2

(ГБФУ-23B2)

трифтордибромэтан

2903 79 210 0-ден

C2HF4Br

(ГБФУ-24B1)

тетрафторбромэтан

2903 79 210 0-ден

C2H2FBr3

(ГБФУ-31B3)

фтортрибромэтан

2903 79 210 0-ден

C2H2F2Br2

(ГБФУ-32B2)

дифтордибромэтан

2903 79 210 0-ден

C2H2F3Br

(ГБФУ-33B1)

трифторбромэтан

2903 79 210 0-ден

C2H3FBr2

(ГБФУ-41B2)

фтордибромэтан

2903 79 210 0-ден

C2H3F2Br

(ГБФУ-42B1)

дифторбромэтан

2903 79 210 0-ден

C2H4FBr

(ГБФУ-51B1)

фторбромэтан

2903 79 210 0-ден

C3HFBr6

(ГБФУ-21B6)

фторгексабромпропан

2903 79 210 0-ден

C3HF2Br5

(ГБФУ-22B5)

дифторпентабромпропан

2903 79 210 0-ден

C3HF3Br4

(ГБФУ-23B4)

трифтортетрабромпропан

2903 79 210 0-ден

C3HF4Br3

(ГБФУ-24B3)

тетрафтортрибромпропан

2903 79 210 0-ден

C3HF5Br2

(ГБФУ-25B2)

пентафтордибромпропан

2903 79 210 0-ден

C3HF6Br

(ГБФУ-26B1)

гексафторбромпропан

2903 79 210 0-ден

C3H2FBr5

(ГБФУ-31B5)

фторпентабромпропан

2903 79 210 0-ден

C3H2F2Br4

(ГБФУ-32B4)

дифтортетрабромпропан

2903 79 210 0-ден

C3H2F3Br3

(ГБФУ-33B3)

трифтортрибромпропан

2903 79 210 0-ден

C3H2F4Br2

(ГБФУ-34B2)

тетрафтордибромпропан

2903 79 210 0-ден

C3H2F5Br

(ГБФУ-35B1)

пентафторбромпропан

2903 79 210 0-ден

C3H3FBr4

(ГБФУ-41B4)

фтортетрабромпропан

2903 79 210 0-ден

C3H3F2Br3

(ГБФУ-42B3)

дифтортрибромпропан

2903 79 210 0-ден

C3H3F3Br2

(ГБФУ-43B2)

трифтордибромпропан

2903 79 210 0-ден

C3H3F4Br

(ГБФУ-44B1)

тетрафторбромпропан

2903 79 210 0-ден

C3H4FBr3

(ГБФУ-51B3)

фтортрибромпропан

2903 79 210 0-ден

C3H4F2Br2

(ГБФУ-52B2)

дифтордибромпропан

2903 79 210 0-ден

C3H4F3Br

(ГБФУ-53B1)

трифторбромпропан

2903 79 210 0-ден

C3H5FBr2

(ГБФУ-61B2)

фтордибромпропан

2903 79 210 0-ден

C3H5F2Br

(ГБФУ-62B1)

дифторбромпропан

2903 79 210 0-ден

C3H6FBr

(ГБФУ-71B1)

фторбромпропан

2903 79 210 0-ден

III топ

СН2ВrСl


бромхлорметан

2903 79 900 0-ден

      D тізімі ***

Тауар атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

1. Салқындататын қоспалар

3824 71 000 0-ден
3824 72 000 0-ден
3824 74 000 0-ден
3824 75 000 0-ден
3824 76 000 0-ден
3824 77 000 0-ден
3824 78 000 0-ден
3824 79 000 0-ден

2. Кондиционерлер және жылу сорғылар

8415 10
8415 81 00
8415 82 000 0
8418 61 00
8418 69 000-ден

3. Тоңазытқыштар

8418 10 200-ден
8418 10 800-ден
8418 50-ден
8418 69 000-ден

4. Мұзгенераторлары, сүт салқындатқыштар

8418-ден
8419-дан

5. Мұздатқыш камералар

8418 10 200-ден
8418 10 800-ден
8418 30 200
8418 30 800
8418 40 200
8418 40 800
8418 50-ден
8418 69 000-ден

6. Ауа тазартқыштар

8418 69 000-ден
8479 89 970 1-ден
8479 89 970 8-ден

7. Оқшаулағыш қалқандар, тақталар, панельдер жене құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар кеуек түзгіш көпіргіштер ретінде пайдаланылатын кеуекті құбыр жабындары

3921 11 000 0-ден
3921 12 000 0-ден
3921 13 100 0-ден
3921 13 900 0-ден
3921 14 000 0-ден
3921 19 000 0-ден

8. Көпіршіктенген полиуретан (А компоненті) өндірісі үшін полиэфирлер (полиолдар) негізіндегі компоненттер, кұрамдар

3907 20 200 1-ден
3907 20 200 9-дан

9. Тасымалданатын өрт сөндіргіштер

8424 10 000 0-ден

      E тізімі

Тауар атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды


Атауы

I топ

CH3Br

бромды метил

2903 39 110 0

      ___________________

      *Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеде (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 20 қосымша) белгіленген жағдайларда осы тарауда көрсетілген Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуді және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуді қоспағанда.".

      **Осы формула 1,1,2-трихлорэтанға қолданылмайды.

      ***Көрсетілген тауарларды жөнелтуші мемлекет (жеткізілетін мемлекет) болып табылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің экспорттық бақылай жүйесі бақылайтын құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді қоспағанда.

Тарауға ескерту.

Осы тараудың мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың (физикалық және химиялық сипаттамаларымен) атауын да басшылыққа алу қажет.".

      4. Осы Шешімнің № 2 қосымшасы:

      а) 2.2-тараудың алдында мынадай мазмұндағы 2.1-тараумен толықтырылсын:

      "2.1. Озонды бұзатын заттар

      C тізімі

Тауар атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды


Зат

Атауы

I топ

CHFCl2

(ГХФУ-21)

фтордихлорметан

2903 79 110 0-ден

CHF2Cl

(ГХФУ-22)

дифторхлорметан

2903 71 000 0-ден

CH2FCl

(ГХФУ-31)

фторхлорметан

2903 79 110 0-ден

C2HFCl4

(ГХФУ-121)

фтортетрахлорэтан

2903 79 110 0-ден

C2HF2Cl3

(ГХФУ-122)

дифтортрихлорэтан

2903 79 110 0-ден

C2HF3Cl2

(ГХФУ-123а)

трифтордихлорэтан

2903 72 000 0-ден

CHCl2CF3

(ГХФУ-123)

трифтордихлорэтан

2903 72 000 0-ден

C2HF4Cl

(ГХФУ-124а)

тетрафторхлорэтан

2903 79 110 0-ден

CHFClCF3

(ГХФУ-124)

тетрафторхлорэтан

2903 79 110 0-ден

C2H2FCl3

(ГХФУ-131)

фтортрихлорэтан

2903 79 110 0-ден

C2H2F2Cl2

(ГХФУ-132)

дифтордихлорэтан

2903 79 110 0-ден

C2H2F3Cl

(ГХФУ-133)

трифторхлорэтан

2903 79 110 0-ден

C2H3FCl2

(ГХФУ-141)

1-фтор-2,2-дихлорэтан

2903 73 000 0-ден

CH3CFCl2

(ГХФУ-141b)

1,1,1-фтордихлорэтан

2903 73 000 0-ден

C2H3F2Cl

(ГХФУ-142)

1-хлор, 2,2-дифторэтан

2903 74 000 0-ден

CH3CF2Cl

(ГХФУ-142b)

1,1,1-дифторхлорэтан

2903 74 000 0-ден

C2H4FCl

(ГХФУ-151)

фторхлорэтан

2903 79 110 0-ден

C3HFCl6

(ГХФУ-221)

фторгексахлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3HF2Cl5

(ГХФУ-222)

дифторпентахлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3HF3Cl4

(ГХФУ-223)

трифтортетрахлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3HF4Cl3

(ГХФУ-224)

тетрафтортрихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3HF5Cl2

(ГХФУ-225)

пентафтордихлорпропан

2903 75 000 0-ден

CF3CF2CHCl2

(ГХФУ-225ca)

1-трифтор, 2-дифтор, 3-дихлорпропан

2903 75 000 0-ден

CF2ClCF2CHClF

(ГХФУ-225сb)

1,1-дифторхлор, 2- дифтор, 3-дихлорпропан

2903 75 000 0-ден

C3HF6Cl

(ГХФУ-226)

гексафторхлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H2FCl5

(ГХФУ-231)

фторпентахлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H2F2Cl4

(ГХФУ-232)

дифтортетрахлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H2F3Cl3

(ГХФУ-233)

трифтортрихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H2F4Cl2

(ГХФУ-234)

тетрафтордихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H2F5Cl

(ГХФУ-235)

пентафторхлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H3FCl4

(ГХФУ-241)

фтортетрахлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H3F2Cl3

(ГХФУ-242)

дифтортрихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H3F3Cl2

(ГХФУ-243)

трифтордихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H3F4Cl

(ГХФУ-244)

тетрафторхлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H4FCl3

(ГХФУ-251)

фтортрихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H4F2Cl2

(ГХФУ-252)

дифтордихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H4F3Cl

(ГХФУ-253)

трифторхлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H5FCl2

(ГХФУ-261)

фтордихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H5F2Cl

(ГХФУ-262)

дифторхлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H6FCl

(ГХФУ-271)

фторхлорпропан

2903 79 110 0-ден

Тарауға ескерту.

Осы тараудың мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың (физикалық және химиялық сипаттамаларымен) атауын да басшылыққа алу қажет.";

      б) 2.13-тараудан кейін мынадай мазмұндағы 2.14-тараумен толықтырылсын:

      "2.14. Дәрілік заттар

Тауар атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

1. Фармацевтикалық субстанциялар ретінде пайдаланылатын органикалық химиялық қоспалар

2904-тен
2905-тен
2906-дан
2907-ден
2908-ден
2909-дан
2912-ден
2913 00 000 0-ден
2914-тен
2915-тен
2916-дан
2917-ден
2918-ден
2919-дан
2920-дан
2921-ден
2922-ден
2923-тен
2924-тен
2925-тен
2926-дан
2927 00 000 0-ден
2928 00-ден
2929-дан
2930-дан
2931-ден
2932-ден
2933-ден
2934-тен
2935 00-ден
2936-дан
2937-ден
2938-ден
2939-дан
2940 00 000 0-ден
2941-ден
2942 00 000 0-ден

2. Ағзаларды емдеуге арналған темірлер және басқа да органдар, кептірілген, ұсақталған немесе ұнтақ болып ұсақталмаған; ағзаларды емдеуге арналған темірлер немесе басқа да органдардың сығындысы немесе олардың сөлі; гепарин және оның тұздары; терапиялық немесе емдеудің алдын алу мақсатында қолданылатын адам немесе жануар тектес басқа да заттар, басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген

3001

3. Адам қаны; терапиялық, профилактикалық немесе диагностикалық мақсаттарда қолдану үшін дайындалған жануарлар қаны; иммундық сарысулар және қан фракциялары, басқа және өзгертілген иммундық өнімдер, оның ішінде биотехнология әдісімен алынған; токсиндер, микробтар дақылдары (ашытқылардан басқа) және жоғарыда аталған медициналық мақсаттарға пайдалануға арналған ұқсас өнімдер

3002-ден

4. Терапиялық, профилактикалық немесе диагностикалық мақсаттарда қолдануға арналған, бірақ мөлшерленген дәрілік түрде немесе бөлшек саудада өткізу үшін формада немесе орауда буып-түйілмеген екі немесе одан көп компоненттердің қоспаларынан тұратын дәрілік заттар (3002, 3005 немесе 3006 тауарлық позиция тауарларынан басқа) (ветеринария үшін пайдаланылатындардан басқа)

3003-тен

5. Терапиялық немесе профилактикалық мақсатта пайдалануға арналған аралас немесе аралас емес өнімдерден тұратын дәрілік заттар (тауарлық позиция тауарларынан басқасы 3002, 3005 немесе 3006), мөлшерленген дәрілік түрлер түрінде қатталған (трансдермальді жүйе түріндегі дәрілік заттарды қоса) немесе жеке саудада сатуға арналған орауда (ветеринария үшін пайдаланылатындардан басқа)

3004-тен

6. Ренттенографиялық тексеруге арналған контрасты препараттар; жоғарыда аталған медициналық мақсаттарға пайдалану үшін науқастарға енгізуге арналған диагностикалық реагенттер

3006 30 000 0-ден

7. Гормондар, тауарлық позицияның 2937 немесе спермицидтердің басқа да қосындылары негізіндегі химиялық контрацептивті дәрілер

3006 60

8. Медициналық мақсаттарға пайдалануға арналған құрамына витаминдер және (немесе) минералды заттар кіретін препараттар

2106 90 920 0-ден

2106 90 980 3-ден

2106 90 980 9-дан

9. Медициналық мақсаттарға пайдалануға арналған витамин тектiлер мен витаминдер, табиғи және синтезделген (соның iшiнде табиғи концентраттар), негiзiнен витаминдер және осы түзiлiстердiң қоспасы ретiнде, соның iшiнде қандай да болсын ерiткiште пайдаланылатын олардың ұйытқылары

2936-дан

10. Медициналық мақсаттарға пайдалануға арналған бастапқы нысандардағы табиғи полимерлер (мысалы, альгиндiк қышқыл) және өзгертiлген табиғи полимерлер (мысалы, қатырылған протеиндер, табиғи көксағыздың химиялық туындылары)

3913-ден

      Тарауға ескерту. Осы тараудың мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.".

      5. Мынадай мазмұндағы № 20 және № 21 қосымшалармен толықтырылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 21 сәуірдегі
№ 30 шешіміне
№ 20 ҚОСЫМША

Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (бұдан әрі сәйкесінше – әкелу, Одақ) және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету (бұдан әрі – әкету) тәртібін белгілейді:

      а) Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес ретеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 7 қосымшасы) көзделген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 1.1-тарауына енгізілген озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді, мынадай жағдайларда:

      озонды бұзатын зат болып табылмайтын химиялық заттарды өндіруге арналған шикізат ретінде ғана пайдаланылатын озонды бұзатын заттарды әкелу және (немесе) әкету жүзеге асырылатын;

      1987 жылғы 16 қыркүйектегі Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына (бұдан әрі – Монреаль хаттамасы) сәйкес оларды пайдалану мақсатында озонды бұзатын заттарды әкелу және (немесе) әкету жүзеге асырылатын;

      қайта айналдырылған, қайта қалпына келтірілген және (немесе) пайдаға асырылған болып табылатын озонды бұзатын заттарды әкелу және (немесе) әкету жүзеге асырылатын;

      құрамында бірыңғай тізбенің 1.1-тарауының А тізімінің ІІ тобында көрсетілген заттары бар тасымалданатын өрт сөндіргіштерді әкелу және (немесе) әкету жүзеге асырылатын;

      озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдердің транзиті жүзеге асырылатын;

      б) бірыңғай тізбенің 2.1-тарауында көрсетілген озонды бұзатын заттар.

      2. Осы Ереженің мақсаттары үшін үшін пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:

      "құрамында озонды бұзатын заттары бар өнім" – біріңғай тізбенің 1.1-тарауының D тізімінде көрсетілген және біріңғай тізбенің 1.1-тарауының A, В, C және E тізімдерінде және 2.1-тарауында көрсетілген құрамында озонды бұзатын заттары бар өнім;

      "транзит" – озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді Одақтың кедендік аумағына келу орнындағы кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан кету орнындағы кеден органына тасымалдау.

      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамамен (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 7 қосымшасы), Одақтың құқығына кіретін халықаралық шарттармен және Монреаль хаттамсымен белгіленген мәндерде қолданылады.

      3. Әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салынады:

      а) жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауар ретінде озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді;

      б) осы Ереженің 1-тармағының "а" тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, біріңғай тізбенің 1.1-тармағында көрсетілген озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді;

      в) Монреаль хаттамасының қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттерден және (немесе) Монреаль хаттамасының 4-бабының 8-тармағымен белгіленген талаптарды қанағаттандыратын мемлекетерді қоспағанда, осындай мемлекеттерге бірыңғай тізбенің 1.1-тармағында көрсетілген озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді және бірыңғай тізбенің 2.1-тарауында көрсетілген озонды бұзатын заттарды.

      4. Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді әкелу және (немесе) әкету осы Ереженің 5 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және мұндай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысанда толтырылған қорытынды (рұқсат беру құжаты) (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат беру құжаты)) болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжаты) озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнім Одақтың кедендік аумағына келіп жеткен кезде Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) кеден одағына ұсынылады.

      5. Мынанадай жағдайларда заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалардың (бұдан әрі – өтініш берушілер) мүше мемлекеттің кеден органына лицензияны немесе қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсынуы талап етілмейді:

      а) көлік құралының жабдықтары мен техникалық қондырғыларының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет, оның ішінде тоңазытқыш қондырғыларына жанармай құю, қосымша жанармай құю, желдеткіш жүйелері, өрт сөндіру құралдары және өзге де жабдық пен техникалық сипаттамаларына сәйкес оларды пайдалану үшін озонды бұзатын заттарды қажет мақсатта және санында әуе, теңіз (өзен), автомобиль, теміржол көлігі құралымен бірге озонды бұзатын заттарды әкелу және (немесе) әкету;

      б) құрамында озонды бұзатын заттары бар және керек-жарақ ретінде пайдаланылатын өнімдерді әуе, теңіз (өзен), теміржол көлігі құралының жабдықтары мен техникалық қондырғыларының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде әкелу және (немесе әкету);

      в) осы көлік құралының жабдықтары мен техникалық қондырғыларының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті санында автомобиль көлігімен тасымалданатын құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді әкелу және (немесе) әкету.

II. Кедендік рәсімдерге орналастыру

      6. Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді экспорт немесе ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензия ұсынылған кезде жүзеге асырылады.

      7. Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді кеден аумағында қайта өңдеу, кеден аумағынан тыс қайта өңдеу, ішкі тұтыну, жою үшін қайта өңдеу, сондай-ақ сәйкесінше кеден аумағынан тыс қайта өңдеу және кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімдерінің іс-әрекеттерін аяқтау мақсатында қайта импорттау және қайта экспорттау кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжатын) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

      8. Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді оларды Одақтың кедендік аумағына келу орнындағы кеден органынан ішкі кеден органына тасымалдау үшін, сондай-ақ ішкі кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан кету орнындағы кеден органына тасымалдау үшін кедендік қойма, кедендік транзит кедендік рәсімдеріне орналастыру озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді өзге кедендік рәсімдерге орналастыру үшін мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған жағдайда жүзеге асырылады.

      9. Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді оларды Одақтың кедендік аумағына келу орнындағы кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан кету орнындағы кеден органына тасымалдау үшін кедендік транзит кедендік рәсімге орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжатын) ұсынбай жүзеге асырылады.

      10. Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді уақытша әкелу (өткізу), уақытша әкету, бажсыз сауда, мемлекет пайдасына бас тарту, еркін кедендік аймақ, еркін қойма кедендік рәсімдеріне, сондай-ақ осы Ереженің 7-тармағында көзделлген жағдайларды қоспағанда, қайта импорттау және қайта экспорттау кедендік рәсімдеріне орналастыруға жол берілмейді.

III. Лицензия беру

      11. Лицензияны ресімдеу үшін өтініш берушілер аумағында өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органына Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 7 қосымшасы) (бұдан әрі – Қағида) 10-тармағының 1-5 тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ Қағидалардың 10-тармағының 6-тармақшасына сәйкес мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:

      а) делдалдық қызметтер көрсету туралы (егер өтініш беруші ретінде делдал түскен жағдайда) шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;

      б) Одақтың кедендік аумағына әкелінетін құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдердің Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде оларға қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімдерді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ережеде көзделген міндетті талаптарға сәйкестілігін растайтын құжаттардың көшірмелері немесе шығарушының (өндірушінің) оның өндірген озонды бұзатын заттары және (немесе) құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдердің олар өндірілгенге сәйкес құжаттарды талаптарына жауап беретіні туралы жазбаша хабарламасы (жазбаша хабарлама ретінде сапа сертификатының немесе қауіпсіздік (сапа) паспортының немесе шығарушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады);

      в) озонды бұзатын заттарды және (немесе) құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді әкелуді жүзеге асыратын өтініш берушінің адам денсаулығына және (немесе) қоршаған ортаға зиян келтірген жағдайда кепілдік беруін қамтамасы етуін растайтын жүктердің қолданыстағы сақтандыру полисінің не мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге құжаттың көшірмесі;

      г) қайта қалына келтіру мақсатында пайдаға асырылған және (немесе) қайта айналдырылған озонды бұзатын заттарды әкелген жағдайда:

      ұйыммен озонды бұзатын заттарды қайта қалпына келтіруді жүзеге асыру туралы шарттың (келісімшарттың) көшірмесі (егер қайта қалпына келтіруді өтініш беруші жүзеге асырмайтын жағдайда ұсынылады);

      озонды бұзатын заттарды қайта қалпына келтіруді жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда Монреаль хаттамасына қатысушы мемлекеттердің шешімдерімен белгіленген талаптарға сәйкес қайта қалпына келтіруге арналған жабдықтарының болуын растайтын құжаттардың көшірмесі;

      д) жою мақсатында пайдаға асырылған және (немесе) қайта айналдырылған озонды бұзатын заттарды әкелген жағдайда:

      ұйыммен озонды бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыру туралы шарттың (келісімшарттың) көшірмесі (егер жоюды өтініш беруші жүзеге асырмайтын жағдайда ұсынылады);

      озонды бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда Монреаль хаттамасына қатысушы мемлекеттердің шешімдерімен мақұлданған озонды бұзатын заттарды жою технологияларына сәйкес жоюға арналған жабдықтарынң болуын растайтын құжаттардың көшірмесі;

      е) озонды бұзатын заттарды шикізат ретінде пайдалану үшін әкелген жағдайда – өтініш берушінің озонды бұзатын заттарды тек озонды бұзатын заттар болып табылмайтын химиялық заттарды өндіруге арналған шикізат ретінде ғана пайдалануды растайтын хаты не озонды бұзатын заттарды озонды бұзатын заттар болып табылмайтын химиялық заттар өндіруге арналған шикізат ретінде ғана пайдаланатын ұйыммен шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;

      ж) озонды бұзатын заттардың орнын ауыстыру көп рет пайдаланылатын ыдыста жүзеге асырылатынын растайтын мәліметтер (егер мүше мемлекеттің заңнамасымен озонды бұзатын заттарды бір рет пайдаланылатын ыдыста әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салынған жағдайда).

      12. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың көшірмелері Қағидалардың 11-тармағымен белгіленген тәртіпте куәландырылған болуы тиіс.

      13. Егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензия беру туралы шешімді уәкілетті орган осы мүше мемлекеттің басқа мемлекеттік билік органының (бұдан әрі – келісуші орган) келісімі бойынша қабылдайтын жағдайда, мұндай келісу осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

      Өтініш беруші, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, келісуші органға осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте уәкілетті органға осы Ереженің 11-тармағының "а" – "ж" тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

      Келісу қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      14. Қағидалардың 14-тармағның 1 – 4 тармақшаларында көзделген негіздемелер болған кезде, сондай-ақ Қағидалардың 14-тармағының 6-тармақшасына сәйкес лицензия беруден бас тартылады:

      мүше мемлекетте озонды бұзатын заттарды тұтыну Монреаль хаттамасымен әрбір мүше мемлекет үшін белгіленген есепті деңгейге жеткен жағдайда;

      келісуші орган лицензия беруге өтінішті келісуден бас тартқан жағдайда.

      15. Лицензия алған өтініш беруші озонды бұзатын заттардың, соның ішінде бірыңғай тізбенің 1.1-тарауының D тізімінде көрсетілген өнімдердің құрамындағы, есебін жүргізеді және жыл сайын келесі есепті жылдың 1 ақпанына дейін аумағында өзі тіркелген мемлекеттің келісуші органына қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті ұсынады.

IV. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру

      16. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілетті мемлекеттік билік органы осы мемлекеттің заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.

      17. Қорытынды (рұқсат беру құжаты) өтініш беруші мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілетті мемлекеттік билің органына мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынған жағдайда беріледі:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде үшінші елдермен саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру бойынша әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасы;

      б) шарттың (келісімшарттың) көшірмесі, ал шарт (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

      в) озонды бұзатын заттарды және (немесе) құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді әкелуді жүзеге асыратын өтініш берушінің адам денсаулығына және (немесе) қоршаған ортаға зиян келтірген жағдайда кепілдік беруін қамтамасы етуін растайтын жүктердің қолданыстағы сақтандыру полисінің не мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге құжаттың көшірмесі;

      г) қайта қалына келтіру мақсатында пайдаға асырылған және (немесе) қайта айналдырылған озонды бұзатын заттарды әкелген жағдайда:

      ұйыммен озонды бұзатын заттарды қайта қалпына келтіруді жүзеге асыру туралы шарттың (келісімшарттың) көшірмесі (егер қайта қалпына келтіруді өтініш беруші жүзеге асырмайтын жағдайда ұсынылады);

      озонды бұзатын заттарды қайта қалпына келтіруді жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда Монреаль хаттамасына қатысушы мемлекеттердің шешімдерімен белгіленген талаптарға сәйкес қайта қалпына келтіруге арналған жабдықтарының болуын растайтын құжаттардың көшірмесі;

      д) жою мақсатында пайдаға асырылған және (немесе) қайта айналдырылған озонды бұзатын заттарды әкелген жағдайда:

      ұйыммен озонды бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыру туралы шарттың (келісімшарттың) көшірмесі (егер жоюды өтініш беруші жүзеге асырмайтын жағдайда ұсынылады);

      озонды бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда Монреаль хаттамасына қатысушы мемлекеттердің шешімдерімен мақұлданған озонды бұзатын заттарды жою технологияларына сәйкес жоюға арналған жабдықтарынң болуын растайтын құжаттардың көшірмесі;

      е) озонды бұзатын заттарды шикізат ретінде пайдалану үшін әкелген жағдайда – өтініш берушінің озонды бұзатын заттарды тек озонды бұзатын заттар болып табылмайтын химиялық заттарды өндіруге арналған шикізат ретінде ғана пайдалануды растайтын хаты не озонды бұзатын заттарды озонды бұзатын заттар болып табылмайтын химиялық заттар өндіруге арналған шикізат ретінде ғана пайдаланатын ұйыммен шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;

      ж) озонды бұзатын заттардың орнын ауыстыру көп рет пайдаланылатын ыдыста жүзеге асырылатынын растайтын мәліметтер (егер мүше мемлекеттің заңнамасымен озонды бұзатын заттарды бір рет пайдаланылатын ыдыста әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салынған жағдайда).

      18. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруден мынадай негіздемелер болған жағдайда бас тартылады:

      а) өтініш берушінің осы Ереженің 17-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбауы;

      б) өтініш беруші қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін ұсынған құжаттарда толық емес немесе сенімсіз мәліметтердің болуы;

      в) мүше мемлекеттің заңнамасында, соның ішінде оның халықаралық міндеттемелерін іске асыру мақсатында көзделген өзге де негіздемелер.

      19. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) алған өтініш беруші озонды бұзатын заттардың, соның ішінде бірыңғай тізбенің 1.1-тарауының D тізімінде көрсетілген өнімдердің құрамындағы, есебін жүргізеді және жыл сайын келесі есепті жылдың 1 ақпанына дейін аумағында өзі тіркелген мемлекеттің келісуші органына қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті ұсынады.

  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында озонды бұзатын
заттары бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағына
әкелу және Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағынан әкету туралы ережеге
ҚОСЫМША

      (нысан)

Озонды бұзатын заттарды әкелу, әкету және пайдалану туралы ЕСЕП

Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы

Озонды бұзатын заттың атауы (бұдан әрі ОБЗ), ОБЗ қоспалары (қоспаның пайыздық-компоненттік құрамы), ОБЗ әкелу/әкету мақсаты

Есепті жылдың басында ОБЗ қалдығының көлемі (тонна)

Өндірілген ОБЗ саны
(тонна)

ОБЗ әкелу

ОБЗ әкету

Пайдаланылған ОБЗ саны (сатылғандарды қоса алғанда) (тонна)

Есепті жылдың соңында ОБЗ қалдығының көлемі
(тонна)

саны
(тонна)

ОБЗ өндірушінің және жеткізушінің атауы

ОБЗ өндірушінің және жеткізушінің мекенжайы

саны
(тонна)

алушының атауы

алушының мекенжайы, елі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12





































БАРЛЫҒЫ

х




х

х


х

х



  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 21 сәуірдегі
№ 30 шешіміне
№ 21 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына дәрілік заттарды әкелу туралы ЕРЕЖЕ

I. Общие положения

      1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 7 қосымшасы) көзделген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.14-тарауына енгізілген дәрілік заттарды (бұдан әрі сәйкесінше – дәрілік заттар, бірыңғай тізбе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібін (бұдан әрі – әкелу, Одақ) белгілейді.

      Осы Ереже есірткі, психотропты заттар және олардың прекурсорлары болып табылаты дәрілік заттарды әкелу кезінде қолданылмайды.

      Бірыңғай тізбенің 2.12-тарауына енгізілген есірткі, психотропты заттар және олардың прекурсорлары болып табылатын дәрілік заттарды әкелу Есірткіні, психотропты заттарды және олардың прекурсорларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімінің № 10 қосымшасы) сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Осы Ереженің мақсаттары үшін тіркелген дәрілік заттар деп Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналымының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 14-бабында көзделген Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттарының бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – бірыңғай тізілім) енгізілген немесе осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) дәрілік заттардың сәйкес мемлекеттік тізіліміне енгізілген дәрілік заттар түсіндіріледі.

      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу туралы хаттамамен (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 7 қосымшасы) және Одақтың құқығына кіретін халықаралық шарттармен белгіленген мәндерде қолданылады.

      3. Тіркелген дәрілік заттарды әкелу, осы Ереженің осы тармағының екінші абзацы мен 4 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрілік заттардың бірыңғай тізілімге немесе мүше мемлекеттің дәрілік заттардың сәйкес мемлекеттік тізіліміне енгізілуі туралы мәліметтер (бұдан әрі – тізілімге енгізілуі туралы мәлімет) болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Осы Ереженің 11-тармағының "е" тармақшасында көзделген жағдайда тіркелген дәрілік заттарды және осы Ереженің 11-тармағының "з" тармақшасында көзделген жағдайда дәрілік заттарды, сондай-ақ тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу осы Ереженің 4 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.

      Қорытынды (рұқсат беру құжаты) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша беріледі.

      4. Мүше мемлекеттің кеден органына тізілімге енгізілуі туралы мәліметтерді немесе қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсыну мынадай жағдайларда талап етілмейді:

      а) жеке тұлғалардың тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды жеке пайдалануға арналған тауар ретінде әкелуі;

      б) егер мүше мемлекеттің заңнамасымен өзгеше көзделмесе, тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды Одақтың кедендік аумағына келген көлік құралдарының жолаушылары мен экипаж мүшелерін, поезд бригадаларын және көлік құралдары жүргізушілерін емдеу үшін осы көлік құралдарының алғашқы жәрдем аптечкаларында олар тіркелген мемлекеттің заңнамасымен белгіленген шектеулі көлемде әкелу;

      в) егер мүше мемлекеттің заңнамасымен өзгеше көзделмесе, тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды ресми халықаралық мәдени, спорттық іс-шаралардың қатысушыларын және халықаралық экспедицияға қатысушыларды емдеу үшін әкелу.

II. Кедендік рәсімдерге орналастыру

      5. Тіркелген дәрілік заттарды ішкі тұтынуға шығару, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу, қайта импорттау және мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімдеріне орналастыру, дәрілік заттарды осы Ереженің 6 және 7-тармақтарына сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруды қоспағанда, мүше мемлекеттің кеден органына тізілімге енгізілгені туралы мәліметтер ұсынған кезде жүзеге асырылады.

      6. Тіркелген дәрілік заттарды осы Ереженің 11-тармағының "е" тармақшасында көзделген жағдайда және тіркелмеген дәрілік заттарды ішкі тұтынуға шығару, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу, қайта импорттау, мемлекет пайдасына бас тарту және уақытша әкелу (өткізу) кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжатын) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

      7. Дәрілік заттарды осы Ереженің 11-тармағының "з" тармақшасында көзделген жағдайда ішкі тұтынуға шығару, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу, қайта импорттау, мемлекет пайдасына бас тарту және уақытша әкелу (өткізу) кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжатын) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

      8. Дәрілік заттарды кеден аумағында қайта өңдеу, кедендік қойма, еркін кеден аймағы, еркін қойма, жою, кедендік транзит кедендік рәсімдеріне, сондай-ақ тіркелген дәрілік заттарды уақытша әкелу (өткізу) кедендік рәсіміне орналастыру кезінде мүше мемлекеттің кеден органына тізілімге енгізілгені туралы мәліметтерді немесе қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсыну талап етілмейді.

      9. Дәрілік заттарды бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастыруға жол берілмейді.

III. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру

      10. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді осы мемлекеттің заңнамасымен белгіленген тәртіпте мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілетті мемлекеттік билік органы жүзеге асырады.

      11. Қорытынды (рұқсат беру құжаты) заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасымен көзделген жағдайларда шетелдік ұйымдарға – уәкілетті өкілдіктер (филиалдар) немесе олардың сенім білдірген тұлғалары тұлғасындағы дәрілік заттарды өндірушілерге (бұдан әрі – өтініш берушілер) мынадай жағдайларда беріледі:

      а) дәрілік заттардың сараптамасына арналған тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу;

      б) дәрілік заттарды тіркеуді жүзеге асыруға арналған тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу;

      в) нақты пациенттің тіршілік көрсеткіштері бойынша медициналық жәрдем көрсетуге не сирек және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық жәрдем көрсетуге арналған тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу;

      г) төтенше жағдайлардың алдын алуға әне (немесе) салдарларын жоюға арналған тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу;

      д) егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасымен көзделген болса, гуманитарлық көмек (жәрдем) және (немесе) төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсетуге арналған тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу;

      е) егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасымен көзделген болса, гуманитарлық көмек (жәрдем) және (немесе) төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсетуге арналған тіркелген дәрілік заттарды әкелу;

      ж) оларды одан әрі өткізу құқығынсыз көрмелер өткізуге арналған тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу;

      з) егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасымен көзделген болса, клиникалық зерттеулер және (немесе) сынақтар өткізуге арналған дәрілік заттардың нақты партиясын әкелу;

      и) егер бұл мүше мемлекеттің заңнамсымен көзделген болса, инновациялық медициналық технологияларды енгізуге, медицинада ғылыми және өзге де зерттеулерді және әзірлемелерді жүргізуге арналған тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу.

      12. Қорытынды (рұқсат беру құжаты) өтініш беруші мүше мемлекеттің заңнаасына сәйкес мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілетті мемлекеттік билік органына мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынған жағдайда беріледі:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде үшінші елдермен саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру бойынша әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасы;

      б) шарттың (келісімшарттың), оның қосымшасының және (немесе) толықтырудың көшірмесі, ал шарт (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

      в) мүше мемлекеттің заңнамасымен көзделген өзге де құжаттар мен мәліметтер.

      13. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруден мынадай негіздемелер болған жағдайда бас тартылады:

      а) өтініш берушінің осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;

      б) өтініш беруші қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін ұсынған құжаттарда толық емес немесе сенімсіз мәліметтердің болуы;

      в) мүше мемлекеттің заңнамасымен көзделген өзге де негіздемелер.".

      6. Осы Шешімнің № 20 қосымшасының нөмірлік тақырыбында "20" сандары "22 сандарымен ауыстырылсын.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 30 тамыздағы
№ 99 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының күші жойылды деп танылған шешімдерінің ТІЗБЕСІ

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы" 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімінде:

      а) көрсетілген Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде үшінші елдермен саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйымдар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 1.1, 2.1 және 2.14-тараулары;

      б) көрсетілген Шешіммен бекітілген Шектеулерді қолдану туралы ережеде:

      Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ереже;

      Дәрілік заттарды жән фармацевтикалық субстанцияларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереже.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде үшінші елдермен саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 1.1 және 2.1-тарауларына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 158 шешімі.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде үшінші елдермен саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 1.1-тарауына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 5 наурыздағы № 30 шешімі.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифіне азаматтық авиацияға арналған тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты, Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешімінің жобасын мақұлдау туралы" 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 215 шешімі № 4-қосымшасының 6-тармағы.

      5. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Шектеулер қолдану туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 235 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады