Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерді Қырғыз Республикасының орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 106 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, ішкі нарықтың жұмыс істеуі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің міндеттемелерді орындауы мониторингі нәтижелері туралы ақпаратты ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қырғыз Республикасына "Мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну үлгісі мен тәртібін бекіту туралы" Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 427 қаулысын қолдану кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 25-бабы 1-тармағының 5-тармақшасын және 71-бабының 3-тармағын орындау қажеттілігі туралы хабарлансын.

      2. Қырғыз Республикасының Үкіметі осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерінің орындалуына бағытталған шаралар туралы хабардар етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады