2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 8-ескертпенің екінші абзацындағы "Ярактинское мұнай-газ конденсаты кен орны" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы Шешім 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |