Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберінде Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру және оны мемлекеттік шекараның Қырғыз-Қазақстан учаскесінде жою бөлігінде міндеттемелерді орындауы мониторингі нәтижелері туралы ақпаратты ескере отырып, Қазақстан Республикасының Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Мемлекеттік шекараның Қырғыз-Қазақстан учаскесінде санитариялық-карантиндік, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жою туралы" 2015 жылғы 8 мамырдағы № 6 шешімін және Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақта өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешімін орындамауын атап көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қазақстан Республикасына Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 6 шешімін мемлекеттік шекараның Қырғыз-Қазақстан учаскесінде карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жою бөлігінде іске асыру кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 25-бабы 1-тармағының 5-тармақшасын орындау қажеттілігі туралы хабарлансын.
Қазақстан Республикасының Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны қабылданған шаралар туралы хабардар ету сұралсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |